Құжат мәтініне өту

Об утверждении Правил оказания социальной поддержки и установления размера по оплате коммунальных услуг и приобретению топлива специалистам государственных организаций здравоохранения, социального обеспечения, образования, культуры, спорта и ветеринарии, проживающим и работающим в сельских населенных пунктах Улытауского района

Ереже · № 417 · қабылданған 30.12.2020
Заңдық күші: Қолданыста · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-151689/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
Об утверждении Правил оказания социальной поддержки и установления размера по оплате коммунальных услуг и приобретению топлива специалистам государственных организаций здравоохранения, социального обеспечения, образования, культуры, спорта и ветеринарии, проживающим и работающим в сельских населенных пунктах Улытауского района Қолданыста Ереже ·№ 417 ·30.12.2020
30.12.2020 редакциясы
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 30.12.2020. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении Правил оказания социальной поддержки и установления размера по оплате коммунальных услуг и приобретению топлива специалистам государственных организаций здравоохранения, социального обеспечения, образования, культуры, спорта и ветеринарии, проживающим и работающим в сельских населенных пунктах Улытауского района

Қолданыста Ереже ·№ 417 · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Правил оказания социальной поддержки и установления размера по оплате коммунальных услуг и приобретению топлива специалистам государственных организаций здравоохранения, социального обеспечения, образования, культуры, спорта и ветеринарии, проживающим и работающим в сельских населенных пунктах Улытауского района
Атауы (қаз.)
Ұлытау ауданының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына коммуналдық қызметтерді төлеу және отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау көрсету және мөлшерін белгілеу қағидаларын бекіту туралы
Акт түрі
Ереже
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
417
Қабылданған күні
30.12.2020
Көрсетілген редакция
30.12.2020 151689_504288.kaz
Соңғы өзгеріс
30.12.2020
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V20KP006153
ЭКБ идентификаторы
151689
Редакция идентификаторы
151689_504288
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 10:14

0

Ұлытау ауданының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына коммуналдық қызметтерді төлеу және отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау көрсету және мөлшерін белгілеу қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына және Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Заңдарына сәйкес, Ұлытау аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:

1

1. Ұлытау ауданының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына коммуналдық қызметтерді төлеу және отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау көрсету және мөлшерін белгілеу қағидалары осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін.

2

2. Ұлытау аудандық мәслихатының 2016 жылғы 12 қазандағы № 48 «Ауылдық елді мекендерде жұмыс істейтін және тұратын мемлекеттік әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына отын сатып алу үшін әлеуметтік көмек беру туралы» шешімінің (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 4015 болып тіркелген, 2016 жылғы 29 қазандағы № 44-45 (6068) "Ұлытау өңірі" газетінде, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2016 жылғы 04 қарашасында жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

3 3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

0 Ұлытау ауданының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына коммуналдық қызметтерді төлеу және отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау көрсету және мөлшерін белгілеу қағидалары

Ұлытау аудандық
мәслихатының
2020 жылғы 30
желтоқсандағы
№ 417
шешіміне 1 қосымша
Ұлытау ауданының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына коммуналдық қызметтерді төлеу және отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау көрсету және мөлшерін белгілеу қағидалары

1 1-тарау. Жалпы ережелер

1

1. Осы Қағидалар Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» және 2005 жылғы 8 шілдедегі «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Заңдарына сәйкес әзірленді және Ұлытау ауданы бойынша ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына коммуналдық қызметтерді төлеу және отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау көрсетудің (әрі қарай – әлеуметтік қолдау) тәртібін және мөлшерін анықтайды.

2

2. Әлеуметтік қолдауды тағайындауды мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының бірінші басшыларымен бекітілген жинақ тізім негізінде уәкілетті орган – «Ұлытау ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесімен жүзеге асырылады.

2 2-тарау. Әлеуметтік қолдауды көрсету тәртібі мен мерзімдері

3

3. Әлеуметтік қолдауды алу үшін кент, ауыл және ауылдық округ әкімдері Ұлытау ауданының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының бірінші басшыларымен бекітілген мамандарының тізімін, қызметті алушылардан өтініштерін сұратпай келесі құжаттарымен ұсынады:

1 1) жеке басты куәландыратын құжаттың көшірмесі (кент, ауыл, ауылдық округ әкімінің мөрімен расталған);

2 2) жұмыс орнынан анықтама (лауазымы көрсетіліп);

3 3) екінші деңгейдегі банкте немесе банк операцияларын жүзеге асыруға тиісті лицензиясы бар ұйымдарда дербес шоты бар екенін растайтын құжат.

4 4. Әлеуметтік қолдауды көрсетуден бас тартуға негіз болады:

1 1) 3 тармақта көрсетілген тізбеге сәйкес құжаттардың толық емес топтамасын және (немесе) қолданылу мерзімі өткен құжаттарды ұсынуы;

2 2) мәліметтердің жалған болуы немесе берілген құжаттардың сәйкес келмеуі.

5 5. Мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандары бірнеше қызметтерді қатар атқарған жағдайда, атқаратын тек бір лауазымы бойынша ғана әлеуметтік қолдау көрсетіледі.

6 6. Кент, ауыл және ауылдық округ әкімдіктері уәкілетті органға құжаттарды тапсырған уақыттан бастап әлеуметтік қолдау көрсетуге құжаттарды өңдеу мерзімі – 15 (он бес) күнтізбелік күн.

Уәкілетті орган ағымдағы жылдың тамыз айынан желтоқсан айына дейін тізімдер бойынша құжаттарды қабылдауды жүргізеді.
Әлеуметтік қолдауды көрсету нәтижесі – қаржыландыру жоспарына сәйкес жылына бір рет жүргізілетін төлем.

7

7. Ұлытау ауданының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына коммуналдық қызметтерді төлеу және отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау мөлшері бюджет қаражаты есебінен 10 (он) айлық есептік көрсеткіш.

Қолданыстағы