Құжат мәтініне өту

Об установлении единого тарифа на регулярные автомобильные перевозки пассажиров и багажа в Келесском районе

Қаулы · № 2 · қабылданған 06.01.2021
Заңдық күші: Күшін жойған · 02.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-151835/on/2026-09-02/
Басып шығарылды 2026-09-02 · adilet.kz
Об установлении единого тарифа на регулярные автомобильные перевозки пассажиров и багажа в Келесском районе Күшін жойған Қаулы ·№ 2 ·06.01.2021
04.10.2024 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
02.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 04.10.2024. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об установлении единого тарифа на регулярные автомобильные перевозки пассажиров и багажа в Келесском районе

Күшін жойған Қаулы ·№ 2 · 02.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об установлении единого тарифа на регулярные автомобильные перевозки пассажиров и багажа в Келесском районе
Атауы (қаз.)
Келес ауданында жолаушылар мен багажды автомобильмен тұрақты тасымалдаудың бірыңғай тарифін белгілеу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
2
Қабылданған күні
06.01.2021
Көрсетілген редакция
04.10.2024 151835_722628.kaz
Соңғы өзгеріс
04.10.2024
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V21UQ006015
ЭКБ идентификаторы
151835
Редакция идентификаторы
151835_722628
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 10:03

0 Келес ауданында жолаушылар мен багажды автомобильмен тұрақты тасымалдаудың бірыңғай тарифін белгілеу туралы

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31 бабының 2 тармағына, Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 4 шілдедегі «Автомобиль көлігі туралы» Заңының 19 бабына және Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2011 жылғы 13 қазандағы № 614 «Тұрақты маршруттар бойынша жолаушылар мен багажды тасымалдау жөнінде қызмет көрсетуге тарифтер есептеу әдістемесін бекіту туралы» бұйрығына сәйкес, Келес ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Келес ауданының Абай ауылы аумағында жолаушылар мен багажды автомобильмен тұрақты тасымалдаудың бірыңғай тарифі 50 (елу) теңге көлемінде белгіленсін.

2 2. Келес ауданы бойынша жолаушылар мен багажды автомобильмен тұрақты тасымалдау маршрутының бірыңғай тарифі бір шақырымға 5 (бес) теңге көлемінде белгіленсін.

3 3. «Келес ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

1 1) осы қаулының «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Түркістан облысының Әділет департаменті» Республикалық мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік тіркелуін;

2 2) ресми жарияланғаннан кейін осы қаулыны Келес ауданы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.

4 4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары С.Каракуловқа жүктелсін.

5 5. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛДІ»
Келес аудандық мәслихатының
2020 жылғы 28 қазандағы
№32-236-VI сессиясының
шешімімен

Қолданыстағы