Об установлении границ села Сарайчик
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об установлении границ села Сарайчик
- Атауы (қаз.)
- Сарайшық ауылының шекарасын белгілеу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 494
- Қабылданған күні
- 25.12.2020
- Көрсетілген редакция
- 25.12.2020 151962_505261.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 25.12.2020
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V20TC004875
- ЭКБ идентификаторы
- 151962
- Редакция идентификаторы
- 151962_505261
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 10:37
0 Сарайшық ауылының шекарасын белгілеу туралы
«Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 12 бабының 3 тармағына және «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6, 31 баптарына сәйкес, Махамбет аудандық әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Махамбет аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫҚ:
1 1. Жалпы ауданы 486,73 гектар, ұзындығы 11250,39 метр болып Махамбет ауданы Сарайшық ауылдық округі Сарайшық ауылының шекарасы осы бірлескен қаулының және шешімнің қосымшасына сәйкес белгіленсін.
2 2. Осы бірлескен қаулы мен шешімнің орындалуын қадағалау Махамбет ауданы әкімінің орынбасарына (З. Мұқаш) және Махамбет ауданы мәслихатының заңдылықты сақтау, экономика және бюджет, қаржы мәселелері жөніндегі тұрақты комисиясына (Б. Рахметов) жүктелсін.
3 3. Осы бірлескен қаулы және шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді, олар алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
4 Махамбет ауданы Сарайшық ауылдық округі Сарайшық ауылының әкімшілік шекараcының жоспары
Махамбет аудандық әкімдігі
2020 жылғы 29 желтоқсандағы
№ 313 мен Махамбет аудандық
мәслихатының 2020 жылғы 25
желтоқсандағы № 494 бірлескен
аудандық әкімдіктің қаулысы мен
аудандық мәслихаттың шешіміне
қосымша
Махамбет ауданы Сарайшық ауылдық округі Сарайшық ауылының әкімшілік шекараcының жоспары
Жалпы ауданы 486,73 гектар, ұзындығы 11250,39 метр.
Шартты белгілері: