Об установлении границ села Акжайык
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об установлении границ села Акжайык
- Атауы (қаз.)
- Ақжайық ауылының шекарасын белгілеу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 491
- Қабылданған күні
- 25.12.2020
- Көрсетілген редакция
- 25.12.2020 151969_505049.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 25.12.2020
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V20TC004878
- ЭКБ идентификаторы
- 151969
- Редакция идентификаторы
- 151969_505049
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 10:37
0 Ақжайық ауылының шекарасын белгілеу туралы
«Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 12 бабының 3 тармағына және «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6, 31 баптарына сәйкес, Махамбет аудандық әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Махамбет аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫҚ:
1 1. Жалпы ауданы 141,26 гектар, ұзындығы 5678,51 метр болып Махамбет ауданы Ақжайық ауылдық округі Ақжайық ауылының шекарасы осы бірлескен қаулының және шешімнің қосымшасына сәйкес белгіленсін.
2
2. Махамбет аудандық әкімдігінің 2015 жылғы 11 қарашадағы № 481 қаулысы және Махамбет аудандық мәслихатының 2015 жылғы 20 қарашадағы № 334 «Махамбет ауданының Алмалы, Ақжайық, Алға, Ақтоғай, Бейбарыс, Береке, Жалғансай, Ортақшыл, Сарайшық, Таңдай елді мекендерінің шекараларын (шегіндерін) өзгерту және белгілеу туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3409 болып тіркелген, 2015 жылғы 30 қарашада Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) бірлескен шешімінің күші жойылды деп танылсын.
3 3. Осы бірлескен қаулы мен шешімнің орындалуын қадағалау Махамбет ауданы әкімінің орынбасарына (З. Мұқаш) және Махамбет ауданы мәслихатының заңдылықты сақтау, экономика және бюджет, қаржы мәселелері жөніндегі тұрақты комисиясына (Б. Рахметов) жүктелсін.
4 4. Осы бірлескен қаулы және шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді, олар алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
5 Махамбет ауданы Ақжайық ауылдық округі Ақжайық ауылының әкімшілік шекараcының жоспары
Махамбет аудандық әкімдігі
2020 жылғы 29 желтоқсандағы
№ 316 мен Махамбет аудандық
мәслихатының 2020 жылғы 25
желтоқсандағы № 491 бірлескен
аудандық әкімдіктің қаулысы мен
аудандық мәслихаттың шешіміне
қосымша
Махамбет ауданы Ақжайық ауылдық округі Ақжайық ауылының әкімшілік шекараcының жоспары
Жалпы ауданы 141,26 гектар, ұзындығы 5678,51 метр.
Шартты белгілері: