Құжат мәтініне өту

Об определении специализированных мест для организации и проведения мирных собраний, порядка использования специализированных мест для организации и проведения мирных собраний, норм их предельной заполняемости, а также требований к материально-техническому и организационному обеспечению специализированных мест для организации и проведения мирных собраний и границ прилегающих территорий, в которых запрещено проведение пикетирования, на территории Улытауского района

Өзге акт · № 427 · қабылданған 31.12.2020
Заңдық күші: Қолданыста · 27.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-152045/on/2026-08-27/
Басып шығарылды 2026-08-27 · adilet.kz
Об определении специализированных мест для организации и проведения мирных собраний, порядка использования специализированных мест для организации и проведения мирных собраний, норм их предельной заполняемости, а также требований к материально-техническому и организационному обеспечению специализированных мест для организации и проведения мирных собраний и границ прилегающих территорий, в которых запрещено проведение пикетирования, на территории Улытауского района Қолданыста Өзге акт ·№ 427 ·31.12.2020
05.03.2024 редакциясы
27.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 05.03.2024. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об определении специализированных мест для организации и проведения мирных собраний, порядка использования специализированных мест для организации и проведения мирных собраний, норм их предельной заполняемости, а также требований к материально-техническому и организационному обеспечению специализированных мест для организации и проведения мирных собраний и границ прилегающих территорий, в которых запрещено проведение пикетирования, на территории Улытауского района

Қолданыста Өзге акт ·№ 427 · 27.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об определении специализированных мест для организации и проведения мирных собраний, порядка использования специализированных мест для организации и проведения мирных собраний, норм их предельной заполняемости, а также требований к материально-техническому и организационному обеспечению специализированных мест для организации и проведения мирных собраний и границ прилегающих территорий, в которых запрещено проведение пикетирования, на территории Улытауского района
Атауы (қаз.)
Ұлытау ауданының аумағында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды, бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды пайдалану тәртібін, олардың шекті толу нормаларын, сондай-ақ бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптарды және пикеттеуді өткізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекараларын айқындау туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
427
Қабылданған күні
31.12.2020
Көрсетілген редакция
05.03.2024 152045_689363.kaz
Соңғы өзгеріс
05.03.2024
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V20KP006165
ЭКБ идентификаторы
152045
Редакция идентификаторы
152045_689363
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 10:06

0

Ұлытау ауданының аумағында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды, бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды пайдалану тәртібін, олардың шекті толу нормаларын, сондай-ақ бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптарды және пикеттеуді өткізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекараларын айқындау туралы
Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 25 мамырдағы «Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы» Заңының 8-бабына сәйкес Ұлытау аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:

1

1. Бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды, бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды пайдалану тәртібін, олардың шекті толу нормаларын, сондай-ақ бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптар осы шешімнің 1-қосымшасына сәйкес айқындалсын.

2 2. Пикеттеуді өткізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекаралары осы шешімнің 2-қосымшасына сәйкес айқындалсын.

3

3. Ұлытау аудандық мәслихатының 2016 жылғы 4 тамыздағы № 32 «Ұлытау ауданы аумағында бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізу тәртібін қосымша реттеу туралы» шешімінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3954 болып тіркелген, 2016 жылдың 10 қыркүйегінде аудандық "Ұлытау өңірі" газетінің № 37 (6060) нөмерінде жарияланған және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2016 жылғы 28 қыркүйегінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

4 4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

0 Бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды, бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды пайдалану тәртібін, олардың шекті толу нормаларын, сондай-ақ бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптар

Ұлытау аудандық
мәслихатының
2020 жылғы 31
желтоқсандағы
№ 427
шешіміне 1 қосымша
Бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды, бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды пайдалану тәртібін, олардың шекті толу нормаларын, сондай-ақ бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптар

1

1. Ұлытау ауданының аумағында бейбіт жиналыстар ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды, бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды пайдалану тәртібін, олардың шекті толу нормаларын, сондай-ақ бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптар:

1 1) Ұлытау селосы, Абай көшесіндегі «Бес арыс» саяжолы алдындағы алаң. Шекті толу нормасы - 600 адам;

2 2) Ұлытау селосы, Абай көшесіндегі «Ұлытау аудандық мәдениет үйі» коммуналдық мемлекеттік қазынашылық кәсіпорны алдындағы алаң. Шекті толу нормасы - 500 адам;

3 3) Жезді кенті, Құттымбет көшесіндегі «Жезді кентінің мәдени-сауықтыру орталығы» коммуналдық мемлекеттік қазынашылық кәсіпорны алдындағы алаң. Шекті толу нормасы - 600 адам.

4 4) Ұлытау селосында, «Ұлытау аудандық мәдениет үйі» коммуналдық мемлекеттік қазынашылық кәсіпорны алдынан бастап, Абай көшесі бойымен «Бес арыс» саяжолына дейінгі аралық;

5 5) Жезді кентінде, Құттымбет көшесіндегі «Жезді кентінің мәдени-сауықтыру орталығы» коммуналдық мемлекеттік қазынашылық кәсіпорны алдындағы алаңға дейін.

Ымырт жағдайында бейбіт жиналыстар өткізуге арналған арнайы орындар жарықпен қамтамасыз етілген.

2 2. Ұйымдастырушы мен оның қатысушылары бейбіт жиналыстар өткізуге арналған арнайы орындарды мынадай тәртіппен пайдаланылады:

1 1) хабарламада көрсетілген уақыт бойы жиналыс үшін арнайы орын аумағында болады;

2 2) ғимараттардың, құрылыстардың, шағын сәулет нысандарының, жасыл екпелердің, сондай-ақ өзге де мүліктің сақталуын қамтамасыз етеді.

Бейбіт жиналыстар өткізуді материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуді оларды ұйымдастырушы мен оларға қатысушылар өз қаражаты есебінен, сондай-ақ осы бейбіт жиналыстарды өткізу үшін жиналған және (немесе) берілген қаражат пен мүлік есебінен жүзеге асырады.
Жергілікті атқарушы органның келісімінсіз бейбіт жиналыстар ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарда киіз үйлер, шатырлар, өзге де құрылысжайлар орнатуға тыйым салынады.

1 Пикеттеуді өткізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекаралары

Ұлытау аудандық мәслихатының
2020 жылғы 31 желтоқсандағы
№ 427 шешіміне 2 қосымша
Пикеттеуді өткізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекаралары
Ұлытау ауданында пикеттеуді өткізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекаралары 800 метр қашықтықта:

1 1) жаппай жерлеу орындарынан;

2 2) теміржол, су, әуе және автомобиль көлігі объектілерінен және оларға іргелес жатқан аумақтарынан;

3 3) мемлекеттің қорғаныс қабілетін, қауіпсіздігін және халықтың тыныс-тіршілігін қамтамасыз ететін ұйымдарға іргелес жатқан аумақтарынан;

4 4) қауіпті өндірістік объектілерге және пайдалануы арнайы қауіпсіздік техникасы қағидаларын сақтауды талап ететін өзге де объектілерге іргелес жатқан аумақтарынан;

5 5) магистральдық теміржол желілерінен, магистральдық құбыржолдарынан, ұлттық электр желісінен, магистральдық байланыс желілерінен және оларға іргелес жатқан аумақтарынан айқындалады.

Қолданыстағы