Мазмұнға өту Құжат мәтініне өту

О дополнительных мерах по обеспечению безопасности дорожного движения в области

Қаулы · № 154 · қабылданған 21.07.1997
Заңдық күші: Күшін жойған · 20.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-1521/on/2026-09-20/
Басып шығарылды 2026-09-20 · adilet.kz
О дополнительных мерах по обеспечению безопасности дорожного движения в области Күшін жойған 21.07.1997 редакциясы
{# The accessible name CONTAINS the visible «A−» / «A+» instead of replacing it: speech control matches what a person can read on the button (WCAG 2.5.3). The header's language button is built the same way. #}
Белгілі бір күнгі редакция

О дополнительных мерах по обеспечению безопасности дорожного движения в области

Күшін жойған Қаулы № 154 20.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О дополнительных мерах по обеспечению безопасности дорожного движения в области
Атауы (қаз.)
Облыста жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі қосымша шаралар туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
154
Қабылданған күні
21.07.1997
Көрсетілген редакция
21.07.1997 1521_236086.kaz
Соңғы өзгеріс
21.07.1997
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V97Z000023_
ЭКБ идентификаторы
1521
Редакция идентификаторы
1521_236086
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
05.08.2026 02:00
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
20.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 21.07.1997. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

0 Облыста жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі қосымша шаралар туралы

📌 Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 04.12.2006 № 383 қаулысымен.
Өткен жылдардағы істің жайын талдау және 1997 жылға жасалған болжамдар жол қозғалысы қауіпсіздігінің бүгінгі жағдайы шұғыл шаралар қабылдауды қажет ететінін көрсетіп берді.
Орал қаласында бағдаршам шаруашылығы қирап біткен. 1995 жылдан бері 54 бағдаршам жұмыс істесе, бүгінгі күні оның тек жартысы ғана іске жарамды. Қаланың жолдары мен көшелеріне орнатылған 3000 белгімен көрсеткіштің 170-і мүлдем жоғалған, ал 450-і ауыстыруды, бояуды және жаңартуды қажет етеді. Жол белгілері мүлде қойылмайды.
Жолполициясы басқармасы қызметтері ешқандай шаралар қолданылмайтын 119 апат қаупі бар жерлерді тіркеді. Тек солардың біреуінде ғана - солтүстік - батыс айналмалы жолының 1-8 км.учаскесінде 5-8 адамның өліміне себепші болатын 20 шақты жол оқиғасы болып тұрады.
Аудандардағы істің осындай жағдайына қарамастан шығындарды азайту себебімен 49 жол қызметі инспекторы қысқартылды.
1997 жылы пайдалану мерзімі таусылуына байланысты күзет машиналары паркінің 50 проценті істен шығарылуы тиіс.
Осы жағдайларды ескере отырып, ШЕШІМ ЕТЕМІН:

1. Қала мен аудандар әкімдеріне жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету жағдайына жан-жақты талдау жасау және оның негізінде 1997 жылдың 1 тамызына дейін жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі жұмыстардың аймақтық бағдарламасын әзірлеу тапсырылсын.

2. Облыстық ішкі істер басқармасының жолполициясы басқармасы Орал қаласының және аудан орталықтарының аумақтарында орналасқан жол қозғалысын реттеудің техникалық құралдарын салу, жөндеу және оларға қызмет көрсету жөніндегі бас тапсырысшы болып бекітілсін.

3. 1997 жылғы 25 шілдеден бастап жол қозғалысы ережесін бұзғаны үшін салынатын айыппұл толығымен жергілікті бюджеттердің кірісіне, әрі қарай облыстың ішкі істер басқармасын қосымша сметамен қаржыландыру енгізілсін, оның:

- 50 проценті жол полициясының материалдық - техникалық базасын нығайтуға;
- 50 проценті облыстың қалалары мен елді мекендерінде жол қозғалысын реттеудің техникалық құралдарын салуға, жөндеуге және пайдалануға;
- әкімшілік айыппұлдар / қоғамдық орындарда спирттік ішімдер ішу, жеңіл тентектік жасау, төлқұжат тәртібін бұзу, аз мөлшерде есірткі заттарды заңсыз сатып алу және сақтау, жағу - жанар май материалдарын заңсыз босату және сату, тіркелмеген қоғамдық бірлестіктердің кызметтеріне қатысу және басқа құқық бұзушылықтар / толығымен жергілікті бюджет кірістеріне, одан әрі қарай ішкі істер басқармасын полиция құрылымдарын ұстау бойынша қосымша қаржыландыру енгізілсін.

4. Облыстық қаржы басқармасы /Хамитов/ 1997 жылға бекітілген шығыстар сметасына және жол полициясы айыппұлдары мен облыстық ішкі істер бөлімдері салатын әкімшіліктік айыппұлдар есебіндегі шығындардың қосымша сметасына сәйкес ішкі істер басқармасын қаржыландыруды қамтамасыз етсін.

5. Батыс Қазақстан облысы бойынша мемлекеттік салық инспекциясы /Кенжеғалиев/ ішкі істер бөлімдері салатын айыппұлдардың жергілікті бюджет кірісіне түсуін бақылауды қамтамасыз етсін.

6. Осы шешімнің орындалу барысына бақылау жасау облыс әкімінің бірінші орынбасары А.Маючийге жүктелсін.