О признании утратившими силу некоторых решений Железинского районного маслихата
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О признании утратившими силу некоторых решений Железинского районного маслихата
- Атауы (қаз.)
- Железин аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 520/6
- Қабылданған күні
- 08.01.2021
- Көрсетілген редакция
- 08.01.2021 152132_505142.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 08.01.2021
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V21PF007187
- ЭКБ идентификаторы
- 152132
- Редакция идентификаторы
- 152132_505142
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 10:00
0 Железин аудандық мәслихатының
кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі «Құқықтық актілер туралы» Заңының 46-бабы 2- тармағының 4) тармақшасына сәйкес, Железин аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1 1. Осы шешімнің Қосымшасына сәйкес Железин аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
2 2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Железин аудандық мәслихатының заңдылық, құқықтық тәртіп және азаматтардың өтініштері мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.
3 3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
4 Железин аудандық мәслихатының күші жойылған кейбір шешімдерінің тізбесі
Железин аудандық
мәслихатының
2021 жылғы 8 қаңтардағы
№ 520/6 шешіміне
қосымша
Железин аудандық мәслихатының күші жойылған
кейбір шешімдерінің тізбесі
1
1. Железин аудандық мәслихатының 2014 жылғы 25 cәуірдегі «Алушылардың жекелеген санаттары үшін атаулы күндер мен мереке күндеріне әлеуметтік көмектің мөлшерлерін белгілеу туралы» № 202-5/27 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3779 болып тіркелген, 2014 жылғы 7 мамырда «Туған өлке», «Родные просторы» аудандық газеттерінде жарияланған).
2
2. Железин аудандық мәслихатының 2014 жылғы 5 қарашадағы «Железинка аудандық мәслихатының 2014 жылғы 25 cәуірдегі «Алушылардың жекелеген санаттары үшін атаулы күндер мен мереке күндеріне әлеуметтік көмектің мөлшерін белгілеу туралы» № 202-5/27 шешіміне өзгерістер енгізу туралы» № 221-5/30 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4193 болып тіркелген, 2014 жылғы 6 желтоқсанда «Туған өлке», «Родные просторы» аудандық газеттерінде жарияланған).
3
3. Железин аудандық мәслихатының 2015 жылғы 11 наурыздағы «Железинка аудандық мәслихатының 2014 жылғы 25 cәуірдегі «Алушылардың жекелеген санаттары үшін атаулы күндер мен мереке күндеріне әлеуметтік көмектің мөлшерлерін белгілеу туралы» № 202-5/27 шешіміне өзгерістер енгізу туралы» № 273-5/34 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4409 болып тіркелген, 2015 жылғы 14 сәуірде «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған).
4
4. Железин аудандық мәслихатының 2019 жылғы 26 наурыздағы «Железинка аудандық мәслихатының 2014 жылғы 25 cәуірдегі «Алушылардың жекелеген санаттары үшін атаулы күндер мен мереке күндеріне әлеуметтік көмектің мөлшерлерін белгілеу туралы» № 202-5/27 шешіміне өзгеріс енгізу туралы» № 327/6 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6298 болып тіркелген, 2019 жылғы 22 сәуірде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерді электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған).
5
5. Железин аудандық мәслихатының 2019 жылғы 20 мамырдағы «Железинка аудандық мәслихатының 2014 жылғы 25 cәуірдегі «Алушылардың жекелеген санаттары үшін атаулы күндер мен мереке күндеріне әлеуметтік көмектің мөлшерлерін белгілеу туралы» № 202-5/27 шешіміне толықтыру енгізу туралы» № 335/6 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6391 болып тіркелген, 2019 жылғы 13 маусымда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерді электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған).
6
6. Железин аудандық мәслихатының 2019 жылғы 29 қазандағы «Железинка аудандық мәслихатының 2014 жылғы 25 cәуірдегі «Алушылардың жекелеген санаттары үшін атаулы күндер мен мереке күндеріне әлеуметтік көмектің мөлшерлерін белгілеу туралы» № 202-5/27 шешіміне өзгеріс және толықтыру енгізу туралы» № 381/6 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6601 болып тіркелген, 2019 жылғы 19 қарашада Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерді электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған).