Құжат мәтініне өту

О присвоении наименования и переименовании некоторых организаций образования Алматинской области

Қаулы · № 14 · қабылданған 18.01.2021
Заңдық күші: Қолданыста · 22.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-152227/on/2026-08-22/
Басып шығарылды 2026-08-22 · adilet.kz
О присвоении наименования и переименовании некоторых организаций образования Алматинской области Қолданыста Қаулы ·№ 14 ·18.01.2021
18.01.2021 редакциясы
22.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 18.01.2021. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О присвоении наименования и переименовании некоторых организаций образования Алматинской области

Қолданыста Қаулы ·№ 14 · 22.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О присвоении наименования и переименовании некоторых организаций образования Алматинской области
Атауы (қаз.)
Алматы облысының кейбір білім беру ұйымдарына атау беру және атауларын өзгерту туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
14
Қабылданған күні
18.01.2021
Көрсетілген редакция
18.01.2021 152227_506236.kaz
Соңғы өзгеріс
18.01.2021
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
P2100000014
ЭКБ идентификаторы
152227
Редакция идентификаторы
152227_506236
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 09:49

0 Алматы облысының кейбір білім беру ұйымдарына

атау беру және атауларын өзгерту туралы
«Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 4-1) тармақшасына, «Қазақстан Республикасының аумағындағы әуежайларға, порттарға, теміржол вокзалдарына, теміржол стансаларына, метрополитен стансаларына, автовокзалдарға, автостансаларға, физикалық-географиялық және мемлекет меншігіндегі басқа да объектілерге атау беру, сондай-ақ оларды қайта атау, олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту және мемлекеттік заңды тұлғаларға, мемлекет қатысатын заңды тұлғаларға жеке адамдардың есімін беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 5 наурыздағы № 281 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. «Іле ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «№ 48 орта мектебі» мемлекеттік коммуналдық мекемесіне Төлеген Айбергеновтің есімі берілсін.

2 2. Мынадай білім беру ұйымдарының атауы:

1

1) «Кеген ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «№ 3 Кеген орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен» коммуналдық мемлекеттік мекемесі – «Кеген ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Мектепке дейінгі шағын орталығы бар Кеңес Нұрпейісұлы атындағы орта мектеп»» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

2 2) «Қарасай ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Үшқоңыр қазақ орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі «Қарасай ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі «Әлжан Бұқарбайқызы атындағы қазақ орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі болып өзгертілсін.

3 3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы