О внесении изменений в некоторые решения Правительства Республики Казахстан
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в некоторые решения Правительства Республики Казахстан
- Атауы (қаз.)
- Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 928
- Қабылданған күні
- 30.12.2020
- Көрсетілген редакция
- 30.12.2020 152381_505743.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 30.12.2020
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- P2000000928
- ЭКБ идентификаторы
- 152381
- Редакция идентификаторы
- 152381_505743
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 10:14
0 Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне
өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер бекітілсін.
2 2. Осы қаулы 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
0 Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2020 жылғы « »
№ қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне
енгізілетін өзгерістер
1 1. «Мемлекеттiк бюджет қаражаты есебінен Қазақстан Республикасы органдарының қызметкерлеріне сыйлық беру, материалдық көмек көрсету және лауазымдық жалақыларына үстемеақылар белгілеу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 29 тамыздағы № 1127 қаулысында:
2-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Осы қаулының Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің және оның облыстар, республикалық маңызы бар қалалар, астана бойынша аумақтық органдарының, Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) және оның облыстар, республикалық маңызы бар қалалар, астана бойынша аумақтық органдарының, Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің және оның облыстар, республикалық маңызы бар қалалар, астана бойынша аумақтық органдарының, Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары мен Атырау, Қарағанды, Маңғыстау және Павлодар облыстарының жергілікті атқарушы органдарының мемлекеттік әкімшілік қызметшілеріне қолданылуы 2021 жылғы 30 маусымды қоса алғанға дейін тоқтатыла тұрсын.».
2 2. Қызмет бабында пайдалану үшін.
3 3. «Мемлекеттік әкімшілік қызметшілерге пилоттық режимде еңбекақы төлеудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 29 желтоқсандағы № 939 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2017 ж., № 68-69-70, 434-құжат):
6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«6. Осы қаулы 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және 2021 жылғы 30 маусымды қоса алғанға дейін қолданылады және ресми жариялануға тиіс.»;
көрсетілген қаулыға 1-қосымша осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
4 4. Қызмет бабында пайдалану үшін.
1 Пилоттық органдардың тізбесі
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2020 жылғы « » желтоқсандағы
№ қаулысына
қосымша
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2017 жылғы 29 желтоқсандағы
№ 939 қаулысына
1-қосымша
Пилоттық органдардың тізбесі