Құжат мәтініне өту

О некоторых вопросах Управления Делами Президента Республики Казахстан

Қаулы · № 940 · қабылданған 30.12.2020
Заңдық күші: Қолданыста · 22.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-152402/on/2026-08-22/
Басып шығарылды 2026-08-22 · adilet.kz
О некоторых вопросах Управления Делами Президента Республики Казахстан Қолданыста Қаулы ·№ 940 ·30.12.2020
30.12.2020 редакциясы
22.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 30.12.2020. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О некоторых вопросах Управления Делами Президента Республики Казахстан

Қолданыста Қаулы ·№ 940 · 22.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О некоторых вопросах Управления Делами Президента Республики Казахстан
Атауы (қаз.)
Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасының кейбір мәселелері туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
940
Қабылданған күні
30.12.2020
Көрсетілген редакция
30.12.2020 152402_519160.kaz
Соңғы өзгеріс
30.12.2020
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
P2000000940
ЭКБ идентификаторы
152402
Редакция идентификаторы
152402_519160
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 10:14

0 Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасының

кейбір мәселелері туралы
«Мемлекеттік мүлік туралы» 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. «Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасының инженерлік-техникалық орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі – кәсіпорын) құрылсын.

2 2. Кәсiпорынды мемлекеттiк басқару органы, сондай-ақ оған қатысты мемлекеттiк меншiк құқығы субъектiсiнiң функцияларын жүзеге асыратын орган болып Қазақстан Республикасы Президентінің Іс Басқармасы (келісу бойынша) айқындалсын.

3

3. Кәсіпорын қызметінің негізгі нысанасы қызмет көрсетілетін мемлекеттік органдардың, сондай-ақ заңды тұлғалардың, оның ішінде Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасының қарамағындағы объектілерде орналасқан заңды тұлғалардың ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым, ақпараттандыру объектілерін күтіп ұстау мен дамыту және олардың жүйелері мен технологияларының ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласындағы шаруашылық қызметті жүзеге асыру болып айқындалсын.

4 4. Қазақстан Республикасы Президентінің Іс Басқармасы (келісу бойынша) заңнамада белгіленген тәртіппен:

1 1) кәсіпорынның жарғысын бекітсін;

2 2) кәсіпорынды тіркеуші органдарда мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін;

3 3) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.

5 5. «Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасының инженерлік-техникалық орталығы» акционерлік қоғамы таратылсын.

6

6. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен кредиторлардың талаптары қанағаттандырылғаннан кейін Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасының «Инженерлік-техникалық орталығы» акционерлік қоғамының қалған мүлкін кәсіпорын теңгеріміне берсін.

7 7. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтыру бекітілсін.

8 8. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

1 Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтыру

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2020 жылғы «__» ______
№ ___ қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтыру

1 1. «Қазақстан Республикасы Президентiнiң Iс Басқармасының мәселелерi туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 29 қарашадағы № 1455 қаулысында:

көрсетілген қаулыға 2-қосымшада:
акцияларының мемлекеттік пакеттерін, мемлекеттік қатысу үлесін иелену, пайдалану және басқару құқығы Қазақстан Республикасы Президентiнiң Iс Басқармасына берiлетiн акционерлік қоғамдардың, жауапкершілігі шектеулі серіктестердің тiзбесiнде:
«Инженер-техникалық орталығы» АҚ» деген жол алып тасталсын.

2 2. «Акциялардың мемлекеттік пакеттеріне мемлекеттік меншіктің түрлері және ұйымдарға қатысудың мемлекеттік үлестері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 12 сәуірдегі № 405 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., № 13, 124-құжат).

көрсетілген қаулымен бекітілген мемлекеттік акциялар пакеттері мен қатысу үлестері республикалық меншіктегі акционерлік қоғамдар және шаруашылық серіктестіктердің тізбесінде:
«Нұр-Сұлтан қ.» деген бөлімде:
реттік нөмірі 21-102-жол алып тасталсын.

3 3. «Республикалық меншіктегі ұйымдар акцияларының мемлекеттік пакеттері мен мемлекеттік үлестеріне иелік ету және пайдалану жөніндегі құқықтарды беру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 27 мамырдағы № 659 қаулысында:

көрсетілген қаулымен бекітілген иелік ету және пайдалану құқығы салалық министрліктерге және өзге де мемлекеттік органдарға берілген республикалық меншік ұйымдарындағы акциялардың мемлекеттік пакеттерінің және қатысудың мемлекеттік үлестерінің тізбесінде:
«Қазақстан Республикасы Президентінің Іс Басқармасы» деген бөлімде:
реттік нөмірі 238-11-жол алып тасталсын.

4 4. «Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасының кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 29 қарашадағы № 1212 қаулысында:

көрсетілген қаулыға қосымша мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 8-жолмен толықтырылсын:
«8. «Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасының инженерлік-техникалық орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны.».
____________________

Қолданыстағы