Об утверждении тарифов на сбор и вывоз твердых бытовых отходов по Каратобинскому району
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении тарифов на сбор и вывоз твердых бытовых отходов по Каратобинскому району
- Атауы (қаз.)
- Қаратөбе ауданы бойынша тұрмыстық қатты қалдықтарын жинауға және әкетуге арналған тарифтерді бекіту туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 2-2
- Қабылданған күні
- 22.01.2021
- Көрсетілген редакция
- 10.09.2021 152423_538216.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 10.09.2021
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V21ZI006811
- ЭКБ идентификаторы
- 152423
- Редакция идентификаторы
- 152423_538216
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 09:46
0 Қаратөбе ауданы бойынша тұрмыстық қатты қалдықтарын жинауға және әкетуге арналған тарифтерді бекіту туралы
Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексінің 19-1 бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін – өзі басқару туралы» Заңының 6-бабына сәйкес, Қаратөбе аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Қаратөбе ауданы бойынша тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға және әкетуге арналған тарифтері бекітілсін.
2. Аудандық мәслихат аппаратының басшысы (Ж.Жангазиев) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
4 Қаратөбе ауданы бойынша тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға және әкетуге арналған тарифтер
Қаратөбе аудандық мәслихатының
2021 жылғы 22 қаңтардағы
№ 2-2 шешіміне қосымша
Қаратөбе ауданы бойынша тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға және әкетуге арналған тарифтер
№
Объект
Есептік бірлік
Баға, теңгемен (ҚҚС жоқ)
1.
Жайлы үйлер
тұрғын/айына
50
2
Жайсыз үйлер
тұрғын/айына
50
3.
Заңды тұлғалар және жеке кәсіпкерлік субъектілерінен
1 м³
697,26
Аббревиатураның ажыратып жазылуы:
м³ - текше метр;
ҚҚС - қосылған құн салығы.