Құжат мәтініне өту

Об определении перечня должностей специалистов в области социального обеспечения и культуры, являющихся гражданскими служащими и работающих в сельской местности

Қаулы · № 17 · қабылданған 25.01.2021
Заңдық күші: Қолданыста · 15.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-152453/on/2026-08-15/
Басып шығарылды 2026-08-15 · adilet.kz
Об определении перечня должностей специалистов в области социального обеспечения и культуры, являющихся гражданскими служащими и работающих в сельской местности Қолданыста Қаулы ·№ 17 ·25.01.2021
21.05.2024 редакциясы
15.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 21.05.2024. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об определении перечня должностей специалистов в области социального обеспечения и культуры, являющихся гражданскими служащими и работающих в сельской местности

Қолданыста Қаулы ·№ 17 · 15.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об определении перечня должностей специалистов в области социального обеспечения и культуры, являющихся гражданскими служащими и работающих в сельской местности
Атауы (қаз.)
Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру және мәдениет саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
17
Қабылданған күні
25.01.2021
Көрсетілген редакция
21.05.2024 152453_702129.kaz
Соңғы өзгеріс
21.05.2024
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V21NJ009736
ЭКБ идентификаторы
152453
Редакция идентификаторы
152453_702129
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 09:45

0 Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру және мәдениет саласындағы мамандар лауазымдарының тiзбесiн айқындау туралы

2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 18-бабы 2) тармақшасына, 139-бабы 9-тармағына сәйкес Жітіқара ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру және мәдениет саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесі осы қаулының қосымшасына сәйкес айқындалсын.

2

2. Жітіқара ауданы әкімдігінің «Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және спорт саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы» 2020 жылғы 3 шілдедегі № 145 қаулысының (2020 жылғы 9 шілдеде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9309 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.

3 3. «Жітіқара ауданы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

1 1) осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;

2 2) осы қаулыны ресми жарияланғанынан кейін Жітіқара ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

4 4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

5 5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

8 Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс iстейтiн әлеуметтiк қамсыздандыру және мәдениет саласындағы мамандар лауазымдарының тiзбесi

Жітіқара ауданы әкімдігінің
2021 жылғы 25 қаңтардағы
№ 17 қаулысына
қосымша
Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс iстейтiн әлеуметтiк қамсыздандыру және мәдениет саласындағы мамандар лауазымдарының тiзбесi

1 1. Әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы мамандардың лауазымдары:

1 1) қарттар мен мүгедектігі бар адамдарға күтім жасау жөніндегі әлеуметтік қызметкер;

2 2) психоневрологиялық аурулары бар мүгедектігі бар балалар мен 18 жастан асқан мүгедектігі бар адамдарға күтім жасау жөніндегі әлеуметтік қызметкер.

2 2. Мәдениет саласындағы мамандардың лауазымдары:

1 1) ауылдық маңызы бар мемлекеттік мекеменің және мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның бөлім басшысы;

2 2) кітапханашы;

3 3) мәдени ұйымдастырушы (негізгі қызметтер);

4 4) ұжым (үйірме) басшысы;

5 5) қазақ, ағылшын тілдерінің мұғалімдері.

Қолданыстағы