Об утверждении норм образования и накопления коммунальных отходов по городу Усть-Каменогорску
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении норм образования и накопления коммунальных отходов по городу Усть-Каменогорску
- Атауы (қаз.)
- Өскемен қаласы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын бекіту туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 64/8-VI
- Қабылданған күні
- 31.12.2020
- Көрсетілген редакция
- 10.03.2022 152455_571355.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 10.03.2022
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V20VA008339
- ЭКБ идентификаторы
- 152455
- Редакция идентификаторы
- 152455_571355
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 10:09
0 Өскемен қаласы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексінің 19-1-бабының 1) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабының 1 тармағының 15) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2014 жылғы 25 қарашадағы № 145 «Коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын есептеудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10030 болып тіркелген, 2015 жылғы 20 сәуірде «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) бұйрығына сәйкес Өскемен қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Қоса беріліп отырған Өскемен қаласы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормалары бекітілсін.
2. Мыналар күші жойылды деп танылсын:
1) Өскемен қалалық мәслихатының 2013 жылғы 16 шілдедегі № 20/2-V «Өскемен қаласы бойынша коммуналдық қалдықтардың пайда болу және жинақталу нормаларын бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3032 болып тіркелген, 2013 жылғы 29 тамызда № 34 «Өскемен», «Усть-Каменогорск» газеттерінде жарияланған) шешімі;
2) Өскемен қалалық мәслихатының 2015 жылғы 13 тамыздағы № 41/4-V ««Өскемен қаласы бойынша коммуналдық қалдықтардың пайда болу және жинақталу нормаларын бекіту туралы» Өскемен қалалық мәслихатының 2013 жылғы 16 шілдедегі № 20/2-V шешіміне өзгерістер енгізу туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4144 болып тіркелген, 2015 жылғы 30 қыркүйекте «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) шешімі;
3. Осы шешім оның алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.
1 Өскемен қаласы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормалары
Өскемен қалалық мәслихатының
2020 жылғы 31 желтоқсандағы
№ 64/8-VI шешіміне
қосымша
Өскемен қаласы бойынша коммуналдық қалдықтардың
түзілу және жинақталу нормалары
№
Коммуналдық қалдықтар жинақталатын объектілер
Есептік
бірлік
1 есептік
бірлікке м3 жылдық нормасы
1
Жайлы үйлер
тұрғын
2,68
2
Жайлы емес үйлер
тұрғын
2,54
3
Жатақханалар, интернаттар, балалар үйлері, қарттар үйлері және сол сияқтылар
1 место
1,30
4
Қонақ үйлер, санаторийлер, демалыс үйлері
1 орын
1,50
5
Балабақшалар, бөбекжайлар
1 орын
0,80
6
Мекемелер, ұйымдар, офистер, кеңселер, жинақ банктері, байланыс бөлімшелері
1 қызметкер
1,12
7
Емханалар
1 келіп кету
0,17
8
Ауруханалар, өзге де емдеу-сауықтыру мекемелері
1 төсек-орын
3,78
9
Мектептер және өзге де оқу орындары
1 оқушы
0,16
10
Мейрамханалар, дәмханалар, қоғамдық тамақтану мекемелері
1 отыратын орын
3,02
11
Театрлар, кинотеатрлар, концерт залдары, түнгі клубтар, ойынханалар, ойын автоматтарының залы
1 отыратын орын
0,32
12
Мұражайлар, көрмелер
жалпы алаңы
1 м2
0,09
13
Стадиондар, спорт алаңдары
жоба бойынша 1 орын
0,004
14
Спорт, би және ойын залдары
жалпы алаңы
1 м2
0,08
15
Азық-түлік, өнеркәсіптік тауар дүкендері, супермаркеттер
сауда алаңы
1 м2
0,42
16
Машиналардан сату
сауда орнының 1 м2
-
17
Базарлар, сауда павильондары, дүңгіршектер, сөрелер
жалпы алаңы
1 м2
0,88
18
Азық-түлік тауарларының көтерме базалары, қоймалары
жалпы алаңы
1 м2
0,26
19
Өнеркәсіптік тауарлардың көтерме базалары, қоймалары
жалпы алаңы
1 м2
0,16
20
Тұрмыстық қызмет корсету үйі: халыққа қызмет көрсету
жалпы алаңы
1 м2
-
21
Вокзалдар, автовокзалдар, әуежайлар
жалпы алаңы
1 м2
0,69
22
Жағажайлар
жалпы алаңы
1 м2
0,1
23
Дәріханалар
сауда алаңы 1 м2
0,45
24
Автотұрақтар, автомобильді жуу орындары, АЖС, гараждар
1 машина-орын
3,40
25
Автомобиль шеберханалары
1 жұмысшы
3,08
26
Гараж кооперативтері
1 гаражға
0,30
27
Шаштараздар, косметикалық салондар
1 жұмыс орны
1,6
28
Кір жуатын орындар, химиялық тазалау орындары, тұрмыстық техниканы жөндеу орындары, тігін ательесі
жалпы алаңы 1 м2
0,20
29
Зергерлік, аяқ киімді, сағаттарды жөндеу шеберханалары
жалпы алаңы 1 м2
0,1
30
Жөндеу және қызмет көрсету орындары (кілттер жасау және сол сияқтылар.)
1 жұмыс орны
1,54
31
Моншалар, сауналар
жалпы алаңы 1 м2
0,31
32
Қаланың аумағында жаппай іс-шаралар ұйымдастыратын заңды ұйымдар
1000
қатысушы
0,80
33
Бау-бақша кооперативтері
1 учаске
1,25