Об установлении квоты рабочих мест для инвалидов в Успенском районе
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об установлении квоты рабочих мест для инвалидов в Успенском районе
- Атауы (қаз.)
- Успен ауданында мүгедектер үшін жұмыс орындарының квотасын белгілеу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 11/1
- Қабылданған күні
- 20.01.2021
- Көрсетілген редакция
- 01.09.2021 152468_536710.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 01.09.2021
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V21PL007197
- ЭКБ идентификаторы
- 152468
- Редакция идентификаторы
- 152468_536710
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 09:48
0 Успен ауданында мүгедектер үшін жұмыс орындарының квотасын белгілеу туралы
Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі «Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» Заңының 31-бабының 1) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 9-бабының 6) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі «Құқықтық актілер туралы» Заңының 46-бабы 2-тармағының 4) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 13 маусымдағы «Мүгедектер үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларын бекіту туралы» № 498 бұйрығына сәйкес, Успен ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Ауыр жұмыстарды, еңбек жағдайлары зиянды, қауіпті жұмыс орындарын есептемегенде, Успен ауданының ұйымдарында мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының квотасы осы қаулының қосымшасына сәйкес белгіленсін.
2
2. Успен ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 02 желтоқсандағы «Успен ауданы бойынша мүгедектер үшін жұмыс орындарының квотасын белгілеу туралы» № 235/12 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5291 болып тіркелген, 2016 жылғы 26 желтоқсанда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары С.О. Жүніспаеваға жүктелсін.
4 4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
5 Успен ауданында мүгедектер үшін жұмыс орындарының квотасы
Успен ауданы әкімдігінің
2021 жылғы 20 қаңтардағы
№ 11/1 қаулысына
қосымша
Успен ауданында мүгедектер үшін жұмыс орындарының квотасы
Р/с №
Ұйымдардың атауы
Жұмыскерлердің тізімдік саны (ауыр жұмыстарда, еңбек жағдайлары зиянды, қауіпті жұмыстардағы жұмыс орындарын есептемегенде), адам
Квота мөлшері (жұмыскерлердің тізімдік саны), %
Мүгедектерге арналған жұмыс орындарының саны, адам
1
«Галицкое Агро» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
188
3
6
2
Павлодар облысы әкімдігінің Павлодар облысы денсаулық сақтау басқармасының шаруашылық жүргізу құқығындағы «Успен аудандық ауруханасы» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны
187
3
6
3
«Галицкое» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
234
3
7
4
Павлодар облысы әкімдігі Павлодар облысы білім беру басқармасының «Успен аграрлық-техникалық колледжі» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны
52
2
1
5
Успен ауданының «№ 1 Успен жалпы орта білім беру мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
65
2
1
6
Успен ауданының «№ 2 Успен жалпы орта білім беру мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
63
2
1
7
Успен ауданының «№ 3 Успен жалпы орта білім беру мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
50
2
1
8
Успен ауданының «Павлов жалпы орта білім беру мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
60
2
1
9
Успен ауданының «Константинов жалпы орта білім беру мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
50
2
1
10
Успен ауданының «Лозов жалпы орта білім беру мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
58
2
1
11
Успен ауданының «Қозыкеткен жалпы орта білім беру мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
56
2
1