Құжат мәтініне өту

Об установлении дифференцируемого тарифа на регулярные автомобильные перевозки пассажиров и багажа в социально значимых городских и пригородных сообщениях города Костаная

Қаулы · № 105 · қабылданған 25.01.2021
Заңдық күші: Қолданыста · 17.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-152477/on/2026-08-17/
Басып шығарылды 2026-08-17 · adilet.kz
Об установлении дифференцируемого тарифа на регулярные автомобильные перевозки пассажиров и багажа в социально значимых городских и пригородных сообщениях города Костаная Қолданыста Қаулы ·№ 105 ·25.01.2021
08.12.2022 редакциясы
17.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 08.12.2022. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об установлении дифференцируемого тарифа на регулярные автомобильные перевозки пассажиров и багажа в социально значимых городских и пригородных сообщениях города Костаная

Қолданыста Қаулы ·№ 105 · 17.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об установлении дифференцируемого тарифа на регулярные автомобильные перевозки пассажиров и багажа в социально значимых городских и пригородных сообщениях города Костаная
Атауы (қаз.)
Жолаушылар мен багажды Қостанай қаласының қалалық және қала маңындағы қатынастарында автомобильмен тұрақты тасымалдауға сараланған тарифті белгілеу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
105
Қабылданған күні
25.01.2021
Көрсетілген редакция
08.12.2022 152477_608213.kaz
Соңғы өзгеріс
08.12.2022
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V21NA009739
ЭКБ идентификаторы
152477
Редакция идентификаторы
152477_608213
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 09:45

0 Қостанай қаласының әлеуметтік маңызы бар қалалық және қала маңындағы қатынастарында жолаушылар мен багажды автомобильмен тұрақты тасымалдауға сараланатын тарифті белгілеу туралы

«Жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына, «Автомобиль көлігі туралы» 2003 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 19-бабына сәйкес Қостанай қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Қостанай қаласының әлеуметтік маңызы бар қалалық және қала маңындағы қатынастарында жолаушыларды автомобильмен тұрақты тасымалдауға сараланатын тариф белгіленсін:

1 1) қалалық қатынаста, әлеуметтік маңызы бар қалалық қатынаста интернет желісі мен ұялы байланыс құрылғыларын қоса алғанда, жол жүру үшін электрондық төлем жүйесі арқылы төлеген кезде - 100 (жүз) теңге мөлшерінде, қолма - қол ақшамен төлеген кезде - 170 (жүз жетпіс) теңге мөлшерінде;

2 2) әлеуметтік маңызы бар қала маңы қатынасында интернет желісі және ұялы байланыс құрылғыларын қоса алғанда, жол жүру үшін электрондық төлем жүйесі арқылы төлеген кезде - белгіленген тарифке бір километр үшін 5 (бес) теңге, қолма – қол ақшамен төлеу кезінде-бір километр үшін 10 (он) теңге.

2

2. Қостанай қаласы әкімдігінің «Қостанай қаласының жолаушылары мен багажды автомобильмен тасымалдаудың тарифтері туралы» 2017 жылғы 2 тамыздағы № 2265 қаулысының (2017 жылғы 5 қыркүйекте Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7186 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.

3 3. «Қостанай қаласы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

1 1) осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;

2 2) осы қаулыны ресми жарияланғанынан кейін Қостанай қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

4 4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қостанай қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

5 5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы