Мазмұнға өту Құжат мәтініне өту

О порядке предоставления льгот на транспорте и возмещение расходов, связанных с ними

Өзге акт · № 27 · қабылданған 03.02.1997
Заңдық күші: Күшін жойған · 20.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-1525/on/2026-09-20/
Басып шығарылды 2026-09-20 · adilet.kz
О порядке предоставления льгот на транспорте и возмещение расходов, связанных с ними Күшін жойған 03.02.1997 редакциясы
{# The accessible name CONTAINS the visible «A−» / «A+» instead of replacing it: speech control matches what a person can read on the button (WCAG 2.5.3). The header's language button is built the same way. #}
Белгілі бір күнгі редакция

О порядке предоставления льгот на транспорте и возмещение расходов, связанных с ними

Күшін жойған Өзге акт № 27 20.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О порядке предоставления льгот на транспорте и возмещение расходов, связанных с ними
Атауы (қаз.)
Көлікте жеңілдіктер беру тәртібі туралы және оған байланысты шығындардың орнын толтыру
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
27
Қабылданған күні
03.02.1997
Көрсетілген редакция
03.02.1997 1525_235102.kaz
Соңғы өзгеріс
03.02.1997
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V97Z000047_
ЭКБ идентификаторы
1525
Редакция идентификаторы
1525_235102
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
05.08.2026 02:12
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
20.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 03.02.1997. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

0 Көлікте жеңілдіктер беру тәртібі туралы және оған байланысты шығындардың орнын толтыру

📌 Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы әкімінің 09.03.2004 № 11 шешімімен.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 29 сәуірдегі № 527 қаулысына өзгертулер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 11 қарашадағы № 1365 қаулысын орындау үшін ШЕШІМ ЕТЕМІН:

1. Көліктегі жолжүрістерге жеңілдік беру тәртібі және оған байланысты шығындардың орнын толтыру бекітілсін /қоса тіркеліп берілді/.

2. Қала мен аудандар әкімдері, жолаушы көлігі басқармасы / Ғалиев / жеңілдік беру тәртібін орындауды және оған байланысты шығындардың орнын толтыруды қамтамасыз ету жөнінде шаралар алсын.

3. Осы шешімнің орындалуын бақылау облыс әкімінің бірінші орынбасары В.Г.Мясниковқа жүктелсін.

4 Көліктегі жолжүріске жеңілдіктер беру тәртібі және оған байланысты шығындардың орнын толтыру

Облыс әкімінің 1997 жылғы
"3" ақпандағы №27
шешіміне қосымша
Көліктегі жолжүріске жеңілдіктер беру тәртібі және оған байланысты шығындардың орнын толтыру

1. Батыс Қазақстан облысының аумағында қалалық және әкімшілік ауданы шегіндегі ауылдық жерлерде жолаушы көлігінің барлық түрлерінде /таксиден басқа/ ақысыз жүріп-тұрудың негізі жолжүріс билеттері болып табылады.

2. Жолаушы көлігі басқармасы жолжүріс билеттерін дайындауды және оларды ұсынылған құжаттар негізінде жеңілдік берілген тұлғалар арасында тиісті ұйымдар арқылы таратуды қамтамасыз етеді.

3. Таратылған жолжүріс билеттерінің мөлшерін ескере отырып және жолаушылар легін зерттеу мен басқа да социологиялық зерттеулер жүргізу жолымен жолаушы көлігі басқармасы маршруттар бойынша жасалатын рейстер санына қарай бөлінетін дотация көлемін анықтайды және тасымалдаушылар жұмсаған шығындардың орнын толтыру тәртібін белгілейді.

4. Облыстық жолаушы көлігі басқармасы тасымалдаушылар берген материалдар негізінде тоқсанына бір рет есеп беру өткізіп, қаржы органдарына береді.

5. Қаржы органдары берілген есепке орай тасымалдаушылар шығындарының орнын толтырады.