О мерах по дальнейшему совершенствованию системы государственного управления Республики Казахстан
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О мерах по дальнейшему совершенствованию системы государственного управления Республики Казахстан
- Атауы (қаз.)
- Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы
- Акт түрі
- Жарлық
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 501
- Қабылданған күні
- 28.01.2021
- Көрсетілген редакция
- 28.01.2021 152538_508165.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 28.01.2021
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- U2100000501
- ЭКБ идентификаторы
- 152538
- Редакция идентификаторы
- 152538_508165
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 09:43
0 Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкiметі
актiлерiнiң жинағында және республикалық
баспасөзде жариялануға тиiс
Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы
Қазақстан Республикасы Конституциясының 44-бабының 5) тармақшасына сәйкес көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимылдың тиімділігін арттыру мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1
1. Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік орган ретінде Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігі (бұдан әрі – Агенттік) құрылсын, оған Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл саласындағы, сондай-ақ экономикалық және қаржылық қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың алдын алу, оларды анықтау, жолын кесу, ашу және тергеп-тексеру бойынша функциялары мен өкілеттіктері берілсін.
2 2. Агенттік берілетін функциялар мен өкілеттіктер шеңберінде Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің құқықтары мен өкілеттіктерінің құқықтық мирасқоры болып айқындалсын.
3 3. «Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 11 наурыздағы № 552 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 12-13, 116-құжат) мынадай толықтыру енгізілсін:
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдардың тізбесі мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
«Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігі».
4 4. Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі:
1 1) Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына:
Агенттік төрағасымен бірлесіп, Агенттік және оның құрылымы туралы ереже жобаларын;
Қазақстан Республикасының Үкіметімен бірлесіп, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің және тиісті ведомстволық бағыныстағы ұйымның штат санын Агенттікке қайта бөлу жөнінде ұсыныстар енгізсін;