О признании утратившими силу некоторых постановлений акимата Темирского района
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О признании утратившими силу некоторых постановлений акимата Темирского района
- Атауы (қаз.)
- Темір ауданы әкімдігінің кейбір қаулыларының күшін жою туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 11
- Қабылданған күні
- 26.01.2021
- Көрсетілген редакция
- 26.01.2021 152549_506796.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 26.01.2021
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V21CJ008034
- ЭКБ идентификаторы
- 152549
- Редакция идентификаторы
- 152549_506796
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 09:44
0 Темір ауданы әкімдігінің кейбір қаулыларының күшін жою туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 37-бабының 8-тармағына сәйкес Темір ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Темір ауданы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп танылсын.
2 2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімі аппаратының басшысы Төлен Дархан Ғазизұлына жүктелсін.
3 3. Осы қаулы 2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.
4 Темір ауданы әкімдігінің
2021 жылғы 26 қаңтардағы
№ 11 қаулысына қосымша
Темір ауданы әкімдігінің күші жойылды деп танылған кейбір қаулыларының тізбесі
1
1) Ақтөбе облысы Темір ауданының әкімдігінің 2017 жылғы 31 наурыздағы № 62 «Темір ауданы бойынша мектепке дейiнгi тәрбие мен оқытуға мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысын, ата-ана төлемақысының мөлшерiн бекiту туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 5458 тіркелген, 2017 жылы 12 мамырда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған) қаулысы;
2
2) Ақтөбе облысы Темір аудандық әкімдігінің 2017 жылғы 27 қарашадағы № 262 «Темір аудандық әкімдігінің 2017 жылғы 31 наурыздағы № 62 «Темір ауданы бойынша 2017 жылға арналған мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшерін бекіту туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 5727 тіркелген, 2017 жылы 25 желтоқсанда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған) қаулысы;
3
3) Ақтөбе облысы Темір ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 26 маусымдағы № 169 «Темір ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 31 наурыздағы № 62 «Темір ауданы бойынша мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, ата-ана төлемақысының мөлшерін бекіту туралы» қаулысына өзгеріс енгізу туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3-10-208 тіркелген, 2018 жылы 25 шілдеде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған) қаулысы;
4
4) Ақтөбе облысы Темір аудандық әкімдігінің 2020 жылғы 21 мамырдағы № 100 «Темір ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 31 наурыздағы № 62 Темір ауданы бойынша мектепке дейiнгi тәрбие мен оқытуға мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысын, ата-ана төлемақысының мөлшерiн бекiту туралы» қаулысына өзгеріс енгізу туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 7130 тіркелген, 2020 жылы 26 мамырда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған) қаулысы.