Об утверждении норм образования и накопления коммунальных отходов, тарифов на сбор, вывоз и захоронение твердых бытовых отходов по району Байдибек
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении норм образования и накопления коммунальных отходов, тарифов на сбор, вывоз и захоронение твердых бытовых отходов по району Байдибек
- Атауы (қаз.)
- Бәйдібек ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын, тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, әкетуге және көмуге арналған тарифтерді бекіту туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 57/341
- Қабылданған күні
- 28.10.2020
- Көрсетілген редакция
- 25.09.2023 152558_656059.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 25.09.2023
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V20UE006045
- ЭКБ идентификаторы
- 152558
- Редакция идентификаторы
- 152558_656059
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 12:07
0 Бәйдібек ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын, тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, әкетуге және көмуге арналған тарифтерді бекіту туралы
Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексінің 19-1 бабының 1) және 2) тармақшаларына, «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабының 1 тармағының 15) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2014 жылғы 25 қарашадағы №145 «Коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын есептеудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №10030 тіркелген) және Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2016 жылғы 1 қыркүйектегі №404 «Тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, әкетуге, кәдеге жаратуға, қайта өңдеуге және көмуге арналған тарифті есептеу әдістемесін бекіту туралы» бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №14285 тіркелген) сәйкес, Бәйдібек аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1 1. Бәйдібек ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормалары осы шешімнің 1 қосымшасына сәйкес бекітілсін.
2 2. Бәйдібек ауданы бойынша тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, әкетуге және көмуге арналған тарифтері осы шешімнің 2 қосымшасына сәйкес бекітілсін.
3
3. Бәйдібек аудандық мәслихатының 2017 жылғы 9 ақпандағы №12/70 «Бәйдібек ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу мен жинақталу номаларын, тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, әкетуге, кәдеге жаратуға, қайта өңдеуге және көмуге арналған тарифтерді бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді тіркеу тізілімінде №3984 болып тіркелген, 2017 жылы 10 наурызында «Шаян» газетінде және Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2017 жылғы 9 наурызында электронды түрде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
4 4. «Бәйдібек ауданының мәслихат аппараты» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1 1) осы шешімді «Қазақстан Республикасының Әділет Министрлігі Түркістан облысының Әділет департаменті» Республикалық мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік тіркелуін;
2 2) осы шешімді оны ресми жарияланғаннан кейін Бәйдібек ауданының мәслихатының интернет - ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
5 5. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
8 Бәйдібек ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормалары
Байдібек аудандық мәслихатының
2020 жылғы 28 қазандағы №57/341
шешіміне 1 қосымша
Бәйдібек ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормалары
№
Коммуналдық қалдықтар жинақталатын объектілер
Есептік бірлік
Коммуналдық қалдықтардың жылдық жинақталу нормасы, м3
1
Жайлы және жайлы емес үйлер
1 тұрғын
0,951,061
2
Жатақханалар, интернаттар, балалар үйлерi, қарттар үйлерi
1 орын
1
3
Қонақ үйлер, санаторийлер, демалыс үйлерi
1 орын
1
4
Балабақшалар, бөбекжайлар
1 орын
0,3992
5
Мекемелер, ұйымдар, офистер, кеңселер, жинақ банктерi, байланыс бөлiмшелерi
1 қызметкер
0,275
6
Емханалар
1 келіп кету
0,275
7
Ауруханалар, өзге де емдеу-сауықтыру мекемелерi
1 төсек-орын
1,0
8
Мектептер және өзге де оқу орындары
1оқушы
0,12
9
Мейрамханалар, дәмханалар, қоғамдық тамақтану мекемелерi
1 отыратын орын
0,0001
10
Театрлар, кинотеатрлар, концерт залдары, түнгi клубтар, ойынханалар, ойын автоматтарының залы
1 отыратын орын
0,2
11
Мұражайлар, көрмелер
жалпы алаңы 1 м2
-
12
Стадиондар, спорт алаңдары
жоба бойынша 1 орын
0,2
13
Спорт, би және ойын залдары
жалпы алаңы 1 м2
0,2
14
Азық-түлiк, өнеркәсәптік тауар дүкендері, супермаркеттер
сауда алаңы 1 м2
1,23
15
Машиналардан сату
сауда орнының 1 м2
-
16
Базарлар, сауда павильондары, дүңгiршектер, сөрелер
сауда алаңы 1 м2
0,974
17
Азық-түлiк тауарларының көтерме базалары, қоймалары
жалпы алаңы 1 м2
-
18
Өнеркәсiптiк тауарлардың көтерме базалары, қоймалары
жалпы алаңы 1 м2
-
19
Тұрмыстық қызмет корсету үйi: халыққа қызмет көрсету
жалпы алаңы 1 м2
0,2
20
Вокзалдар, автовокзалдар, әуежайлар
жалпы алаңы 1 м2
0,5
21
Жағажайлар
жалпы алаңы 1 м2
-
22
Дәрiханалар
сауда алаңы 1 м2
0,91
23
Автотұрақтар, автомобильдi жуу орындары, АЖС, гараждар
1 машина-орын
0,107
24
Автомобиль шеберханалары
1 жұмысшы
0,2
25
Гараж кооперативтерi
1 гаражға
-
26
Шаштараздар, косметикалық салондар
1 жұмыс орны
0,2
27
Кiр жуатын орындар, химиялық тазалау орындары, тұрмыстық техниканы жөндеу орындары, тiгiн ательесi
Жалпы алаңы 1 м2
0,27
28
Зергерлiк, аяқ киiмдi, сағаттарды жөндеу шеберханалары
Жалпы алаңы 1 м2
0,06
29
Жөндеу және қызмет көрсету орындары (кiлттер жасау)
1 жұмыс орны
0,06
30
Моншалар, сауналар
Жалпы алаңы 1 м2
0,23
31
Ауданның аумағында жаппай iс-шаралар ұйымдастыратын заңды ұйымдар
1000 қатысушы
-
32
Бау-бақша кооперативтерi
1 учаске
0,0019
9 Бәйдібек ауданы бойынша тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, әкетуге және көмуге арналған тарифтері
Байдібек аудандық мәслихатының
2020 жылғы 28 қазандағы
№57/341 шешіміне 2 қосымша
Бәйдібек ауданы бойынша тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, әкетуге және көмуге арналған тарифтері
№
Атауы
Есептік бірлік
Қызметтің құны теңге
1
Тұрмыстық қатты
қалдықтарды жинау және
әкету тарифтері
1.1
Жайлы үйлер
1 тұрғын/ 1 айда
112
1.2
Жайлы емес үйлер
1 тұрғын/ 1 айда
112
1.3
Жеке кәсіпкерлік субъектілер және заңды тұлғалар
1 м3
3286
2
Тұрмыстық қатты қалдықтарды
көмуге арналған тарифтері
2.1
Жеке тұлғалар үшін
1м3
260
2.2
Жеке кәсіпкерлік субъектілер және заңды тұлғалар үшін
1 м3
1005