О признании утратившим силу постановления Катон-Карагайского районного акимата
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О признании утратившим силу постановления Катон-Карагайского районного акимата
- Атауы (қаз.)
- Катонқарағай ауданы әкімдігінің қаулысын күші жойылды деп тану туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 6
- Қабылданған күні
- 22.01.2021
- Көрсетілген редакция
- 22.01.2021 152581_509040.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 22.01.2021
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V21VM008362
- ЭКБ идентификаторы
- 152581
- Редакция идентификаторы
- 152581_509040
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 09:45
0 Катонқарағай ауданы әкімдігінің
қаулысын күші жойылды деп тану туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31 - бабының 2 - тармағына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі «Құқықтық актілер туралы» Заңының 27 - бабына, Қазақстан Республикасының 2019 жылғы 27 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы, мемлекеттік басқару жүйесін, бюджетаралық қатынастарды жетілдіру, кредиттеу және білім беру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңының 1 - бабы 19 - тармағының 4) тармақшасына сәйкес, Катонқарағай аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1
1. «Катонқарағай ауданы бойынша мектепке дейінгі ұйымдары тәрбиеленушілерінің жекелеген санаттары үшін тегін тамақтандыру ұйымдастыру туралы» 2019 жылғы 9 желтоқсандағы № 497 Катонқарағай ауданы әкімдігінің қаулысы (нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 6384 болып тіркелген, 2019 жылғы 12 желтоқсанда Қазақстан Республикасының нормативтік - құқықтық актілерді электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.