О признании утратившими силу некоторых постановлений акимата Байганинского района
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О признании утратившими силу некоторых постановлений акимата Байганинского района
- Атауы (қаз.)
- Байғанин аудандық әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп тану туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 10
- Қабылданған күні
- 26.01.2021
- Көрсетілген редакция
- 26.01.2021 152623_507331.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 26.01.2021
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V21CD008035
- ЭКБ идентификаторы
- 152623
- Редакция идентификаторы
- 152623_507331
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 09:44
0 Байғанин аудандық әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп тану туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31, 37 баптарына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі «Құқықтық актілер туралы» Заңының 27 бабына сәйкес, Байғанин аудандық әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес, Байғанин аудандық әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп танылсын.
2 2. «Байғанин ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:
1 1) осы қаулыны Ақтөбе облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді;
2 2) осы қаулыны оны ресми жариялағаннан кейін Байғанин аудандық әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3 3. Осы қаулы 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
6 Байғанин ауданы әкімдігінің
2021 жылғы 26 қаңтардағы № 10
қаулысына қосымша
Байғанин аудандық әкімдігінің күші жойылды деп танылған кейбір қаулыларының тізбесі
1
1. Байғанин аудандық әкімдігінің 2017 жылғы 6 ақпандағы № 26 «Байғанин ауданы бойынша мектепке дейiнгi тәрбие мен оқытуға мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысын, ата-ана төлемақысының мөлшерiн бекiту туралы» қаулысы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 5272 болып тіркелген, 2017 жылғы 18 наурызда аудандық «Жем-Сағыз» газетінде жарияланған);
2
2. Байғанин аудандық әкімдігінің 2017 жылғы 23 қарашадағы № 213 «Байғанин аудандық әкімдігінің 2017 жылғы 6 ақпандағы № 26 «Байғанин ауданы бойынша 2017 жылға арналған мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшерін бекіту туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы» қаулысы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 5725 болып тіркелген, 2017 жылғы 22 желтоқсанда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электронды түрде жарияланған);
3
3. Байғанин аудандық әкімдігінің 2019 жылғы 5 наурыздағы № 43 «Байғанин аудандық әкімдігінің 2017 жылғы 6 ақпандағы № 26 «Байғанин ауданы бойынша мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, ата-ана төлемақысының мөлшерін бекіту туралы» қаулысына өзгеріс енгізу туралы» қаулысы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 5986 болып тіркелген, 2019 жылғы 20 наурызда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электронды түрде жарияланған);
4
4. Байғанин ауданы әкімдігінің 2020 жылғы 24 сәуірдегі № 71 «Байғанин аудандық әкімдігінің 2017 жылғы 6 ақпандағы № 26 «Байғанин ауданы бойынша мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, ата-ана төлемақысының мөлшерін бекіту туралы» қаулысына өзгеріс енгізу туралы» қаулысы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 7078 болып тіркелген, 2020 жылғы 30 сәуірде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электронды түрде жарияланған).