О снятии карантина и признании утратившими силу некоторых решений акима Уилского сельского округа
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О снятии карантина и признании утратившими силу некоторых решений акима Уилского сельского округа
- Атауы (қаз.)
- Карантин алу және Ойыл ауылдық округі әкімінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 10
- Қабылданған күні
- 02.02.2021
- Көрсетілген редакция
- 02.02.2021 152669_507592.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 02.02.2021
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V21CKG08041
- ЭКБ идентификаторы
- 152669
- Редакция идентификаторы
- 152669_507592
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 09:41
0 Карантин алу және Ойыл ауылдық округі әкімінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін – өзі басқару туралы» Заңының 35 бабына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі «Ветеринария туралы» Заңының 10-1 бабының 8) тармақшасына сәйкес және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті Ойыл аудандық аумақтық инспекциясының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2020 жылғы 20 қаңтардағы № 2-14/06 және № 2-14/07 ұсыныстары негізінде, Ойыл ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1 1. Ойыл ауданы Ойыл ауылдық округі «Мұрагер» және «Дарханбек» шаруа қожалықтарының аумағында мүйізді ірі қара малдары арасынан қарасан ауруының ошақтарын жою бойынша кешенді ветеринариялық іс- шаралар жүргізілуіне байланысты, белгіленген карантин алынсын.
2 2. Ойыл ауылдық округі әкімінің келесі шешімдерінің күші жойылды деп танылсын:
1
1) Ойыл ауылдық округі әкімінің 2020 жылғы 10 желтоқсандағы № 134 «Ойыл ауданы Ойыл ауылдық округінің «Дарханбек» шаруа қожалығы аумағында карантин белгілеу туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 7780 тіркелген, 2020 жылғы 20 желтоқсанда Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі Эталондық бақылау банкінде жарияланған) шешімі.
2
2) Ойыл ауылдық округі әкімінің 2020 жылғы 15 желтоқсандағы № 137 «Ойыл ауданы Ойыл ауылдық округінің «Мұрагер» шаруа қожалығы аумағында карантин белгілеу туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 7806 тіркелген, 2020 жылғы 23 желтоқсанда Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі Эталондық бақылау банкінде жарияланған) шешімі.