О признании утратившими силу постановления акимата Актогайского района
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О признании утратившими силу постановления акимата Актогайского района
- Атауы (қаз.)
- Ақтоғай ауданы әкімдігінің қаулыларының күшін жою туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 07/01
- Қабылданған күні
- 05.02.2021
- Көрсетілген редакция
- 05.02.2021 152726_508073.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 05.02.2021
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V21KJ006182
- ЭКБ идентификаторы
- 152726
- Редакция идентификаторы
- 152726_508073
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 09:37
0 Ақтоғай ауданы әкімдігінің
қаулыларының күшін
жою туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», 2016 жылғы 6 сәуірдегі «Құқықтық актілер туралы» Заңдарына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Ақтоғай ауданы әкімдігінің келесі қаулыларының күші жойылды деп танылсын:
1
1) Ақтоғай ауданының әкімдігінің 2020 жылғы 10 ақпандағы № 06/01 «Ақтоғай ауданы әкімдігінің «Ақтоғай ауданы білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Өнер мектебі» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны өткізетін білім беру қызметтеріне бағалар бекіту туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 5702 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электрондық түрде 2020 жылғы 14 ақпанында, 2020 жылдың 21 ақпанында № 7 (7742) «Ақтоғай ажары» газетінде жарияланған) қаулысы;
2
2) Ақтоғай ауданы әкімдігінің 2020 жылғы 15 сәуірдегі № 16/01 «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын, ата-ана төлемақысының мөлшерін бекіту туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 5798 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электрондық түрде 2020 жылғы 15 сәуірінде жарияланған) қаулысы.