Құжат мәтініне өту

О снятии ограничительных мероприятий

Өзге акт · № 3-р · қабылданған 08.02.2021
Заңдық күші: Қолданыста · 30.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-152737/on/2026-08-30/
Басып шығарылды 2026-08-30 · adilet.kz
О снятии ограничительных мероприятий Қолданыста Өзге акт ·№ 3-р ·08.02.2021
08.02.2021 редакциясы
30.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 08.02.2021. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О снятии ограничительных мероприятий

Қолданыста Өзге акт ·№ 3-р · 30.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О снятии ограничительных мероприятий
Атауы (қаз.)
Шектеу іс-шараларын тоқтату туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
3-р
Қабылданған күні
08.02.2021
Көрсетілген редакция
08.02.2021 152737_508107.kaz
Соңғы өзгеріс
08.02.2021
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V21NQJ09752
ЭКБ идентификаторы
152737
Редакция идентификаторы
152737_508107
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 09:37

0 Шектеу іс-шараларын тоқтату туралы

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 35-бабына, «Ветеринария туралы» 2002 жылғы 10 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-1-бабы 8) тармақшасына сәйкес, «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Сарыкөл аудандық аумақтық инспекциясы» мемлекеттік мекемесінің бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2020 жылғы 9 қарашадағы № 01-20/442 ұсынысы негізінде Сарыкөл ауданы Сорочин ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1 1. Қостанай облысы Сарыкөл ауданы Сорочин ауылдық округінің Крыловка ауылында орналасқан А. Н. Дядюннің жеке ауласының аумағында ірі қара малдың құтырығы бойынша қолайсыздықты жариялауға байланысты шектеу іс-шаралары тоқтатылсын.

2

2. Әкімнің «Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы» 2020 жылғы 4 қыркүйектегі № 7 шешімінің (2020 жылғы 8 қыркүйекте Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9433 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.

3 3. «Cарыкөл ауданы Сорочин ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

1 1) осы шешімнің аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;

2 2) осы шешімді ресми жарияланғанынан кейін Сарыкөл ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

4 4. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

5 5. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы