Кіру
Құжат мәтініне өту

Об определении единого дистрибьютора и признании утратившими силу некоторых решений Правительства Республики Казахстан

Қаулы · № 48 · қабылданған 09.02.2021
Заңдық күші: Күшін жойған · 16.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-152751/on/2026-09-16/
Басып шығарылды 2026-09-16 · adilet.kz
Об определении единого дистрибьютора и признании утратившими силу некоторых решений Правительства Республики Казахстан Күшін жойған Қаулы ·№ 48 ·09.02.2021
29.08.2023 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
16.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 29.08.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об определении единого дистрибьютора и признании утратившими силу некоторых решений Правительства Республики Казахстан

Күшін жойған Қаулы ·№ 48 · 16.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об определении единого дистрибьютора и признании утратившими силу некоторых решений Правительства Республики Казахстан
Атауы (қаз.)
Бірыңғай дистрибьюторды айқындау және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
48
Қабылданған күні
09.02.2021
Көрсетілген редакция
29.08.2023 152751_651264.kaz
Соңғы өзгеріс
29.08.2023
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
P2100000048
ЭКБ идентификаторы
152751
Редакция идентификаторы
152751_651264
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 09:36

0 Бірыңғай дистрибьюторды айқындау және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы

2020 жылғы 7 шілдедегі «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексі 6-бабының 7) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «СҚ-Фармация» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі бірыңғай дистрибьютор болып айқындалсын.

2. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.

3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

0 Қазақстан Республикасы Үкіметінің күші жойылған кейбір шешімдерінің тізбесі

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2021 жылғы 9 ақпандағы
№ 48 қаулысына
қосымша
Қазақстан Республикасы Үкіметінің күші жойылған кейбір шешімдерінің тізбесі

1. «Дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды сатып алу және қамтамасыз ету жөніндегі бірыңғай дистрибьютор туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 7 қарашадағы № 1781 қаулысы.

2. «Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде бірыңғай дистрибьютордың дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сақтау және тасымалдау жөніндегі қызметтерді сатып алу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 8 шілдедегі № 515 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 1-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2015 ж., № 37-38, 265-құжат).

3. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 29 желтоқсандағы № 908 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістердің 2-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2016 ж., № 68, 464-құжат).

4. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 6 маусымдағы № 380 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістердің 4-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2019 ж., № 20, 173-құжат).

5. «Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіндегі медициналық көмек шеңберінде дәрілік заттарды, медициналық бұйымдарды сақтау және тасымалдау жөніндегі көрсетілетін қызметтерді сатып алуды және шарттар, ұзақ мерзімді шарттар жасасуды, сондай-ақ медициналық бұйымдарды сатып алуды ұйымдастыруды жүзеге асыратын бірыңғай дистрибьютор туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 7 қарашадағы № 1781 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 13 шілдедегі № 439 қаулысы.
_________________________

Қолданыстағы