О снятии ограничительных мероприятий
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О снятии ограничительных мероприятий
- Атауы (қаз.)
- Шектеу іс-шараларын тоқтату туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 2
- Қабылданған күні
- 09.02.2021
- Көрсетілген редакция
- 09.02.2021 152769_508378.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 09.02.2021
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V21KMF06184
- ЭКБ идентификаторы
- 152769
- Редакция идентификаторы
- 152769_508378
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 09:36
0 Шектеу іс-шараларын
тоқтату туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», 2002 жылғы 10 шілдедегі «Ветеринария туралы» Заңдарына сәйкес, Қарқаралы ауданының Қайнарбұлақ ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:
1 1. Ірі қара малдарының арасынан құтыру ауруын жою бойынша кешенді ветеринариялық-санитарлық іс-шараларды жүргізуіне байланысты, Қайнарбұлақ ауылдық округінде орналасқан «Угар» шаруа қожалығының «Қилыбай» қыстағы аумағында белгіленген шектеу іс-шаралары тоқтатылсын.
2
2. Қарқаралы ауданының Қайнарбұлақ ауылдық округі әкімінің 2020 жылғы 9 қарашадағы № 6 «Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы» шешімінің (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6073 болып тіркелген, 2020 жылғы 21 қарашадағы № 45-46 (11793) «Қарқаралы» газетінде, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкісінде 2020 жылы 11 қарашада электрондық түрде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.