О признании утратившими силу некоторых приказов Министерства финансов Республики Казахстан
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О признании утратившими силу некоторых приказов Министерства финансов Республики Казахстан
- Атауы (қаз.)
- Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп тану туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 76
- Қабылданған күні
- 04.02.2021
- Көрсетілген редакция
- 04.02.2021 152795_510020.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 04.02.2021
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V2100022181
- ЭКБ идентификаторы
- 152795
- Редакция идентификаторы
- 152795_510020
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 09:38
0 Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің кейбір
бұйрықтарының күші жойылды деп тану туралы
«Құқықтық актілер туралы» 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабы 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1 1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.
2 2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2 2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
3
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
3 3. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
1 Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2021 жылғы 4 ақпандағы № 76
бұйрығына қосымша
1. «Салық есептілігі нысандарын және оларды жасау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Орынбасары – Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2013 жылғы 6 желтоқсандағы № 558 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9052 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған).
2. «Салық есептілігі нысандарын және оларды жасау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Орынбасары – Қазақстан Республикасы Қаржы Министрінің 2013 жылғы 6 желтоқсандағы № 558 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Орынбасары - Қазақстан Республикасы Қаржы Министрінің 2014 жылғы 31 шілдедегі № 327 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9720 болып тіркелген, 2014 жылғы 16 қыркүйекте «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған).
3. «Салық есептілігі нысандарын және оларды жасау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 25 желтоқсандағы № 587 бұйрығының 2 тармағы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10156 болып тіркелген, 2015 жылғы 12 ақпанда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған).