Об утверждении порядка взимания платы за проезд тяжеловесных и крупногабаритных транспортных средств по автодорогам Западно-Казахстанской области
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении порядка взимания платы за проезд тяжеловесных и крупногабаритных транспортных средств по автодорогам Западно-Казахстанской области
- Атауы (қаз.)
- Батыс Қазақстан облысының автомобиль жолдармен ауыр салмақты және ірі көлемді көлік құралдарының жүруі үшін ақы алу тәртібін бекіту туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 6
- Қабылданған күні
- 23.01.1998
- Көрсетілген редакция
- 23.01.1998 1528_237078.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 23.01.1998
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V98Z000017_
- ЭКБ идентификаторы
- 1528
- Редакция идентификаторы
- 1528_237078
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 05.08.2026 01:50
0 Батыс Қазақстан облысының автомобиль жолдармен ауыр салмақты және ірі көлемді көлік құралдарының жүруі үшін ақы алу тәртібін бекіту туралы
📌 Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы әкімінің 09.03.2004 № 11 шешімімен.
Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің «Қазақстан Республикасы аумағында автожолдарды, жол құрылыстарын пайдалану ережелерін және оларды қорғау тәртібін бекіту туралы» 1993 жылғы 20 сәуірдегі № 316 қаулысына сәйкес және облыс автомобиль жолдарының сақталуын қамтамасыз ету мақсатында ШЕШІМ ЕТЕМІН:
1. «Оралавтожол» қазыналық кәсіпорнына /Оразов/ 1998 жылғы 20 қаңтардан бастап, көлік құралдарының облыс автомобиль жолдарындағы қозғалысын тек қана Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникация министрлігі бекіткен және Қазақстан Республикасы ішкі істер министрлігімен келісілген «Жалпы пайдаланудағы автомобиль жолдарымен ірі көлемді және ауыр салмақты көлік құралдарын өткізу жөніндегі нұсқамаларға» сәйкес жүзеге асыру тапсырылсын.
2. Батыс Қазақстан облысы бойынша кеден басқармасы /Жұбаев/, облыстық көлік инспекциясы /Үмбеталиев/, облыстық жол полициясы /Маковский/ ірі көлемді және ауыр салмақты көлік құралдарының автомобиль жолдары қазыналық кәсіпорының «Арнаулы рұқсатынсыз» облыстың жалпы пайдаланудағы автомобиль жолдарымен жүруіне тыйым салу жөнінде нақты шаралар алсын.
3. «Оралавтожол» қазыналық кәсіпорны /Оразов/, облыстық жол полициясымен /Маковский/, облыстық көлік инспекциясымен /Үмбеталиев/ бірлесіп, мына мекенжайлар бойынша бақылау-өткізу пунктерінің жұмыс істеуін қамтамасыз етсін:
1. М-32 Самара-Шымкент 247 км /Погодаево селосы/
2. Р-246 Атырау-Орал 375 км /Чапаев поселкесі/
3. ЗК-8 Подстепное-Елек 144 км
4. ЗК-24 Орал-Озинки 73 км /Тақала селосы/