Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в некоторые приказы Министра внутренних дел Республики Казахстан

Бұйрық · № 59 · қабылданған 04.02.2021
Заңдық күші: Қолданыста · 13.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-152815/on/2026-08-13/
Басып шығарылды 2026-08-13 · adilet.kz
О внесении изменений в некоторые приказы Министра внутренних дел Республики Казахстан Қолданыста Бұйрық ·№ 59 ·04.02.2021
04.02.2021 редакциясы
13.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 04.02.2021. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в некоторые приказы Министра внутренних дел Республики Казахстан

Қолданыста Бұйрық ·№ 59 · 13.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в некоторые приказы Министра внутренних дел Республики Казахстан
Атауы (қаз.)
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
59
Қабылданған күні
04.02.2021
Көрсетілген редакция
04.02.2021 152815_510251.kaz
Соңғы өзгеріс
04.02.2021
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V2100022192
ЭКБ идентификаторы
152815
Редакция идентификаторы
152815_510251
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 09:38

0 Қазақстан Республикасы

Ішкі істер министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:

1 1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесі бекітілсін.

2 2. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Өртке қарсы қызмет комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2 2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;

3

3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛГЕН»
Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрлігі
«КЕЛІСІЛГЕН»
Қазақстан Республикасы
Цифрлық даму, инновациялар
және аэроғарыш өнеркәсібі
министрлігі
«КЕЛІСІЛГЕН»
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі

0 Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесі

Қазақстан Республикасы
Төтенше жағдайлар министрі
2021 жылғы 4 ақпандағы
№ 59 бұйрығымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесі

1

1. «Мемлекеттік емес өртке қарсы қызметтердің қызметін жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 7 қарашадағы № 782 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9931 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2014 жылғы 25 желтоқсанда жарияланған):
Мемлекеттік емес өртке қарсы қызметтердің қызметін жүзеге асыру қағидаларында:
1-қосымшада:
реттік нөмірлері 15-жол және 16-жол мынадай редакцияда жазылсын:
«
15
Өзара iс-қимыл жасау, тiршiлiктi қамтамасыз ету қызметтерiнiң, ҚР ТЖМ ӨҚҚК аумақтық бөлiмшелерiнiң телефон анықтамалығы
№ 2 папка
16
Өзара iс-қимыл жасау, тiршiлiктi қамтамасыз ету қызметтерiмен, ҚР ТЖМ ӨҚҚК аумақтық бөлiмшелерiмен өзара iс-қимыл жасау нұсқаулықтары
№ 1, № 2 папка
»;
ескертпеде: аббревиатуралардың толық жазылуы:
бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«ҚР ТЖМ ӨҚҚК – Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Өртке қарсы қызмет комитеті»;
2-қосымшада:
4, 5 және 6-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Өндiрiстiк ғимараттар мен құрылыстарда сыртқы өрт сөндiруге, сондай-ақ мұнай мен мұнай өнiмдерiн сақтауға және тасымалдауға байланысты сыртқы технологиялық қондырғыларына жұмсалатын су шығыны «Қазақстан Республикасының құрылыс нормаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті төрағасының 2019 жылғы 11 желтоқсандағы № 209-НҚ бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19744 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2019 жылғы 25 желтоқсанда жарияланған) бекітілген «Мұнай және мұнай өнімдерінің қоймалары. Өртке қарсы нормалар» 2.02-03-2019 Қазақстан Республикасы құрылыс нормаларының (бұдан әрі – ҚР ҚН) талаптарына сәйкес қабылданады.
5. Өндiрiстiк ғимараттар мен құрылыстарда, сондай-ақ өрт шығу, жарылу қаупi бар өндiрiстiң сыртқы технологиялық қондырғыларында (резервуарлық парктер, сорғымен айдау станцияларының ғимараттары, ағызу-қотару эстакадалары) сыртқы өрт сөндiру автоматты өрт сөндiру жүйелерiмен немесе жоғары қысымды су құбырында орнатылған тұрақты лафеттi оқпандармен жүзеге асырылған жағдайда, көрсетiлген объектiлерде жолға шығатын техникадан өрт сөндiруге жұмсалатын су шығыны қосалқы өндiрiс ғимараттарына (әкiмшiлiк ғимараттар, гараждар, тұрақтар), сондай-ақ ҚР ҚН 5-тарауының 13-тармағында анықталған ғимараттар мен құрылыстарға есептеледi.
6. ҚР ҚН 5-тарауының 13-тармағында анықталған ғимараттар мен құрылыстарды қоспағанда, қосалқы өндiрiсте сыртқы өрт сөндiруге жұмсалатын су шығыны ең көп су шығынын қажет ететiн ғимараттар (құрылыстар) үшiн Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2017 жылғы 23 маусымдағы № 439 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15501 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2017 жылғы 15 маусымда жарияланған) бекітілген «Өрт қауіпсіздігіне қойылатын жалпы талаптар» техникалық регламентінің 81-90-тармақтарына сәйкес қабылданады.».

2

2. «Мемлекеттік емес өртке қарсы қызметтердің мамандарын даярлау, қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру жөніндегі өрт қауіпсіздігі саласындағы мамандандырылған оқу орталықтарына қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 16 қарашадағы № 926 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12478 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 31 желтоқсанда жарияланған):
көрсетілген бұйрықпен бекітілген мемлекеттік емес өртке қарсы қызметтердің мамандарын даярлау, қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру жөніндегі өрт қауіпсіздігі саласындағы мамандандырылған оқу орталықтарына қойылатын біліктілік талаптарында:
2-тармақтың 3)-тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«3) интернет желісіне қосылған компьютерлермен, «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» 2020 жылғы 7 шілдедегі Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес санитариялық қағидалар мен гигиеналық нормативтерге сай келетін оқу кабинеттерімен, оқытудың техникалық құралдарымен, макеттермен және тренажерлармен, оқулықтармен, оқу құралдарымен және оқу-әдістемелік материалдармен жарақталуы;»;
3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Өртке қарсы қызмет комитетінің едәуір даярланған қызметкерлері немесе тиісті біліктілігі бар басқа мамандар сабақ өткізуге тартылуы мүмкін.»;

3

3. «Мемлекеттік емес өртке қарсы қызметтерді аттестаттау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2018 жылғы 13 шілдедегі № 514 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17281 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2018 жылғы 13 тамызда жарияланған):
көрсетілген бұйрықпен бекітілген мемлекеттік емес өртке қарсы қызметтерді аттестаттау қағидаларында:
4-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Мемлекеттік емес өртке қарсы қызметтер (бұдан әрі – МеӨҚҚ) аттестатын алу үшін заңды тұлғалар (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Өртке қарсы қызмет комитетіне (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) осы Қағидаларға 1-1-қосымшаға сәйкес Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына сәйкес (бұдан әрі – стандарт) құжаттарды береді.»;
1-қосымшада:
нысанның жоғарғы оң жақ бұрышы мынадай редакцияда жазылсын:
«Нысан
Қазақстан Республикасы Төтенше
жағдайлар министрлігі Өртке
қарсы қызмет комитетінің
төрағасына
______________________»;
1-1-қосымшада:
реттік нөмірі 1-жол мынадай редакцияда жазылсын:
«
1
Көрсетілетін қызметті беруші атауы
Төтенше жағдайлар министрлігінің Өртке қарсы қызмет комитеті.
»;
реттік нөмірі 4-жол мынадай редакцияда жазылсын:
«
4
Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны
Электронды (толық автоматтандырылған)
»;
2-қосымшада:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Өртке қарсы қызмет комитеті».

Қолданыстағы