О публикации информации о своей деятельности организацией, осуществляющей инвестиционное управление пенсионными активами
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О публикации информации о своей деятельности организацией, осуществляющей инвестиционное управление пенсионными активами
- Атауы (қаз.)
- Зейнетақы активтерiн инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның өз қызметi туралы ақпаратты жариялауы туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 119
- Қабылданған күні
- 15.04.2003
- Көрсетілген редакция
- 28.08.2009 AI15283_2.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 28.08.2009
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V030002261_
- ЭКБ идентификаторы
- 15283
- Редакция идентификаторы
- AI15283_2
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 04.08.2026 22:17
0 Зейнетақы активтерiн инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның өз қызметi туралы ақпаратты жариялауы туралы
Күші жойылды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2009.08.28 N 206 қаулысымен.
"Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 55-бабына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Зейнетақы активтерiн инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның:
1
1) жыл сайын, жылдық қаржылық есепке жүргiзiлген аудиттiң нәтижесi бойынша аудиторлық есептi алғаннан кейiн бiр ай iшiнде кемiнде он бес мың дана таралыммен мемлекеттiк және орыс тiлдерiнде шығарылатын баспасөз басылымдарында бухгалтерлiк балансты және кiрiстер мен шығыстар туралы есептi жариялайтыны;
2 2) оның қызметi туралы ақпарат жарияланған күннен бастап он бес күнтiзбелiк күн iшiнде Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiне ақпарат жарияланған баспасөз басылымдарының көшiрмесiн ұсынатыны белгiленсiн.
2 2. Осы қаулы күшiне енген күннен бастап мынадай нормативтiк құқықтық актiлердiң күшi жойылды деп танылсын:
1
1) Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөнiндегi ұлттық комиссиясы Директоратының "Бұқаралық ақпарат құралдарына зейнетақы активтерiн басқару жөнiндегi компаниялардың және "Мемлекеттiк жинақтаушы зейнетақы қоры" ЖАҚ-ның инвестициялық қызметтерiнiң нәтижелерi туралы есептердi жариялау туралы" 1999 жылғы 25 маусымдағы N 355 қаулысы (Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерiн мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде N 849 тiркелген, 1999 жылғы тамызда "Қазақстанның бағалы қағаздар рыногы" журналының N 8 жарияланған);
2
2) Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөнiндегi ұлттық комиссиясы Директоратының "Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөнiндегi ұлттық комиссиясы Директоратының 1999 жылғы 25 маусымдағы N 355 қаулысына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" 1999 жылғы 26 қазандағы N 461 қаулысы (Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерiн мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде N 981 тiркелген, 1999 жылғы желтоқсанда "Қазақстанның бағалы қағаздар рыногы" журналының N 12 жарияланған).
3 3. Қаржылық қадағалау департаментi (Бахмутова Е.Л.):
1 1) Заң департаментiмен (Шәрiпов С.Б.) бiрлесiп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткiзу шараларын қабылдасын;
2
2) осы қаулы Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткен күннен бастап он күндiк мерзiмде оны Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi орталық аппаратының барлық мүдделi бөлiмшелерiне, зейнетақы активтерiн инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымдарға, "Активтердi Басқарушылар қауымдастығы" қауымдастық нысанындағы заңды тұлғалар бiрлестiгiне жiберсiн.