Құжат мәтініне өту

О внесении изменений и дополнений в некоторые нормативные правовые акты Республики Казахстан по вопросам оказания государственных услуг в сфере государственного регулирования, контроля и надзора финансового рынка и финансовых организаций

Қаулы · № 7 · қабылданған 05.02.2021
Заңдық күші: Қолданыста · 21.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-152831/on/2026-08-21/
Басып шығарылды 2026-08-21 · adilet.kz
О внесении изменений и дополнений в некоторые нормативные правовые акты Республики Казахстан по вопросам оказания государственных услуг в сфере государственного регулирования, контроля и надзора финансового рынка и финансовых организаций Қолданыста Қаулы ·№ 7 ·05.02.2021
05.02.2021 редакциясы
21.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 05.02.2021. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений и дополнений в некоторые нормативные правовые акты Республики Казахстан по вопросам оказания государственных услуг в сфере государственного регулирования, контроля и надзора финансового рынка и финансовых организаций

Қолданыста Қаулы ·№ 7 · 21.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений и дополнений в некоторые нормативные правовые акты Республики Казахстан по вопросам оказания государственных услуг в сфере государственного регулирования, контроля и надзора финансового рынка и финансовых организаций
Атауы (қаз.)
Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу, бақылау және қадағалау саласында мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
7
Қабылданған күні
05.02.2021
Көрсетілген редакция
05.02.2021 152831_510633.kaz
Соңғы өзгеріс
05.02.2021
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V2100022199
ЭКБ идентификаторы
152831
Редакция идентификаторы
152831_510633
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 09:37

0 Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу, бақылау және қадағалау саласында мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу, бақылау және қадағалау саласында мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің тізбесі бекітілсін.

2 2. Сақтандыру нарығы және актуарлық есеп айырысу департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1 1) Заң департаментімен бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2 2) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды;

3 3) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Заң департаментіне осы қаулының 2) тармақшасында көзделген іс-шараның орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Төрағасының жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

4 4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Цифрлық даму, инновациялар
және аэроғарыш өнеркәсібі
министрлігі

1 Өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу, бақылау және қадағалау саласында мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің тізбесі

Қазақстан Республикасының
Қаржы нарығын реттеу және
дамыту Агенттігінің Басқармасының
2021 жылғы 5 ақпандағы
№ 7
Қаулыға 1- қосымша
Өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін қаржы нарығы мен қаржы
ұйымдарын мемлекеттік реттеу, бақылау және қадағалау саласында
мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша Қазақстан
Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің тізбесі

1

1. «Актуарийлерді оқытудың ең қысқа міндетті бағдарламасын, халықаралық актуарийлер қауымдастықтарының тізбесін және оларға қойылатын талаптарды, Міндетті актуарлық қорытындының мазмұнына және табыс етілу тәртібіне қойылатын талаптарды, Актуарийдің біліктілігін растауға қойылатын талаптарды, Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының штатында тұрған актуарийдің қызметін тексеру үшін тәуелсіз актуарийді тарту, тәуелсіз актуарийдің сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының штатында тұрған актуарий жүргізген есептеулердің шынайылығын тексеру нәтижелерін жіберу қағидаларын және мерзімдерін, Сақтандыру нарығындағы актуарлық қызметтi жүзеге асыру құқығына лицензия беру қағидаларын, Тестілеу өткізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2018 жылғы 27 тамыздағы № 191 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17618 болып тіркелген, 2018 жылғы 7 қарашада Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Актуарийлерді оқытудың ең қысқа міндетті бағдарламасы:
мынадай мазмұндағы 2-тармақпен толықтырылсын:
«2. Осы сақтандыру ұйымдарына қатысты қолданылатын Актуарийлерді оқытудың ең қысқа міндетті бағдарламасының ережелері «Сақтандыру қызметі туралы» 2000 жылғы 18 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңында көзделген ерекшеліктерді ескере отырып, Қазақстан Республикасының аумағында ашылған Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру ұйымдарының филиалдарына қолданылады.»;
көрсетілген қаулымен бекітілген Міндетті актуарлық қорытындының мазмұнына және табыс етілу тәртібіне қойылатын талаптарда:
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Актуарлық қорытындыға сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының «Сақтандыру қызметі туралы» 2000 жылғы 18 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 19-бабының 4-тармағына сәйкес алынған есептілігі және сақтандыру резервтерін есептеу үшін қажетті немесе сақтандыру резервтерін есептеу кезінде лицензияланған актуарий пайдаланған материалдар қоса беріледі.»;
мынадай мазмұндағы 6-тармақпен толықтырылсын:
«6. Осы Талаптардың сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарына қатысты қолданылатын ережелері Заңда көзделген ерекшеліктер ескеріле отырып, Қазақстан Республикасының аумағында ашылған Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының филиалдарына қолданылады.»;
көрсетілген қаулымен бекітілген Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының штатында тұрған актуарийдің қызметін тексеру үшін тәуелсіз актуарийді тарту, тәуелсіз актуарийдің сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының штатында тұрған актуарий жүргізген есептеулердің шынайылығын тексеру нәтижелерін жіберу қағидаларында және мерзімдерінде:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Осы Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының штатында тұрған актуарийдің қызметін тексеру үшін тәуелсіз актуарийді тарту, тәуелсіз актуарийдің сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының штатында тұрған актуарий жүргізген есептеулердің шынайылығын тексеру нәтижелерін жіберу қағидалары және мерзімдері (бұдан әрі – Қағидалар) «Сақтандыру қызметі туралы» 2000 жылғы 18 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Заң) сәйкес әзірленді және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының штатында тұрған қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі – штаттағы актуарий) берген сақтандыру нарығында актуарлық қызметті жүзеге асыру құқығына лицензиясы бар актуарийдің қызметін тексеру үшін тәуелсіз актуарийді тарту тәртібі мен мерзімдерін белгілейді.»;
7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«7. Штаттағы актуарийдің қызметін бастамашылық тексеру сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы акционерлерінің жалпы жиналысының, директорлар кеңесінің және (немесе) басқармасының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының уәкілетті органының бастамасы бойынша сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалы және тәуелсіз актуарий арасында жасалған тексеру жүргізуге арналған шартта көзделген тексерудің нақты міндеттерін, мерзімдері мен көлемдерін ескере отырып жүргізіледі.».

2

2. «Бағалы қағаздар нарығында кәсіби қызмет түрлерін жүзеге асыруға лицензияларды беру, оларды тоқтата тұру және олардан айыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2020 жылғы 30 наурыздағы № 40 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20226 болып тіркелген, 2020 жылғы 6 сәуірде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Бағалы қағаздар нарығында кәсіби қызмет түрлерін жүзеге асыруға лицензияларды беру, оларды тоқтата тұру және олардан айыру қағидалары:
мынадай мазмұндағы 3-1-тармақпен толықтырылсын:
«3-1. Өтініш берушінің шет тілде берілетін құжаттары қазақ және (немесе) орыс тілдеріне аударылады және «Нотариат туралы» 1997 жылғы 14 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 80-бабына сәйкес нотариат куәландырған түрде уәкілетті органға беріледі.»;
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Өтініш беруші уәкілетті органға Қағидаларға 1, 2-қосымшаларға сәйкес нысан бойынша лицензия беру туралы өтінішті (бұдан әрі – өтініш) «электрондық үкіметтің» www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы электрондық түрде береді.
Мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар, мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер, Мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып, қызмет көрсету процесінің сипаттамаларын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін, сондай-ақ өзге де мәліметтерді қамтитын «Бағалы қағаздар нарығында қызметті жүзеге асыруға лицензия беру" мемлекеттік қызметін (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі және мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес «Бағалы қағаздар нарығында қызметті жүзеге асыруға лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында (бұдан әрі – стандарт) жазылған.
Өтінішті портал арқылы жіберген кезде өтініш берушінің «Жеке кабинетінде» нәтижені алу күні мен уақыты көрсетіле отырып, мемлекеттік қызметті көрсетуге сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебе автоматты түрде көрсетіледі.»;
6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«6. Уәкілетті орган Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша лицензия береді және өзі берген лицензиялардың есебін жүргізеді.
Уәкілетті орган банкке, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалына Қазақстан Республикасының банк заңнамасында көзделген банк және өзге де операцияларды жүргізуге және бағалы қағаздар нарығында қызметті жүзеге асыруға лицензияны Қағидаларға 9-қосымшаға сәйкес нысан бойынша береді.
Уәкілетті орган ислам банкіне, Қазақстан Республикасы бейрезидент-ислам банкінің филиалына банктік және ислам банктері жүзеге асыратын өзге де операцияларды жүргізуге және бағалы қағаздар нарығында қызметті жүзеге асыруға лицензияны Қағидаларға 10-қосымшаға сәйкес нысан бойынша береді.»;
16-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«16. Лицензиялық алымды төлеу екінші деңгейдегі банктер, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктерінің филиалдары немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы қолма-қол ақшамен немесе қолма-қол ақшасыз нысанда, сондай-ақ «электрондық үкіметтің» төлем шлюзі арқылы қолма-қол ақшасыз нысанда жүзеге асырылады.»;
19-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«19. Лицензиат лицензияның қолданылуын тоқтату, қызмет түрінің (шағын түрінің) атауын өзгерту және (немесе) қызмет түрін (шағын түрін) алып тастау туралы уәкілетті органға ерікті түрде өтініш берген кезде акционерлердің жалпы жиналысы шешімінің немесе Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі шешімінің (егер лицензиат Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалы болып табылса) шешімінің негізінде барлық қызмет түрі (шағын түрлері) (лицензияның қолданылуын тоқтату туралы уәкілетті органға ерікті түрде өтініш берген жағдайда) немесе өзгеріс енгізілуге және (немесе) алып тасталуға тиіс қызмет түрі (шағын түрі) бойынша барлық міндеттемелер орындалғаннан кейін күнтізбелік отыз күн ішінде уәкілетті органға ерікті түрде өтініш беруге байланысты лицензияның қолданылуын тоқтатуға, қызмет түрінің (шағын түрінің) атауын өзгертуге және (немесе) қызмет түрін (шағын түрін) алып тастауға уәкілетті органға өтініш береді.»;
21-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«21. Лицензиаттың бірінші басшысы қол қойған, уәкілетті органға ерікті түрде өтініш беруге байланысты лицензияның қолданылуын тоқтатуға өтініш Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша уәкілетті органға мынадай құжаттармен қоса ұсынылады:
1) уәкілетті органға лицензияның қолданылуын тоқтату, қызмет түрінің (шағын түрінің) атауын өзгерту және (немесе) қызмет түрін (шағын түрін) алып тастау туралы ерікті түрде өтініш жасау туралы лицензиаттың акционерлері жалпы жиналысының шешімі не Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің (егер лицензиат Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалы болып табылса) шешімі;
2) лицензиаттың барлық қызмет түрі (шағын түрлері) немесе өзгеріс енгізілуге және (немесе) алып тасталуға тиіс қызмет түрі (шағын түрі) бойынша міндеттемелердің және қолданыстағы шарттардың жоқ екендігі туралы кепілдеме-хаты;
3) «Бағалы қағаздардың орталық депозитарийі» АҚ-тың орталық депозитарийдің есепке алу жүйесінде лицензиаттың жеке шотын және жеке шотындағы барлық қосалқы шоттарды жабу туралы хаты немесе «Бағалы қағаздардың орталық депозитарийі» АҚ-тан лицензиаттың атына ашылған жеке шотқа «жоғалған клиент» мәртебесін беру туралы ақпарат;
4) «Бағалы қағаздардың орталық депозитарийі» АҚ-тың депозитарлық қызмет көрсету шартын, ағымдағы шот шартын және факсимильді хабарлар түріндегі операциялық құжаттарды қабылдау және беру шартын бұзу туралы хаты (лицензияның қолданылуын тоқтату туралы уәкілетті органға ерікті түрде өтініш берген кезде);
5) барлық қызмет түрі (шағын түрлері) (лицензияның қолданылуын тоқтату туралы уәкілетті органға ерікті түрде өтініш берген кезде) немесе өзгеріс енгізілуге және (немесе) алып тасталуға тиіс қызмет түрі (шағын түрі) бойынша «Қазақстан қор биржасы» АҚ-тың алдында берешектің жоқ екені туралы «Қазақстан қор биржасы» АҚ-тың хаты;
6) өтініш жіберген күннің алдындағы күні жасалған бухгалтерлік баланс және оған түсіндірме жазба. Бухгалтерлік балансқа түсіндірме жазбада кредиторлық берешек сомаларын және олардың туындау негіздерін көрсете отырып, лицензиаттың кредиторлары туралы (олар болса) ақпарат ашып көрсетіледі.
Осы тармақтың 3), 4) және 5) тармақшалары трансфер-агент қызметін жүзеге асыратын лицензиатқа қолданылмайды.
Қызмет түрінің (шағын түрінің) атауын өзгерткен кезде лицензиат Қағидаларға 3-қосымшаның 8-тармағы бірінші бөлігінің 8) және 12) тармақшаларында көрсетілген құжаттарды қосымша береді.
Ерікті зейнетақы жарналарын тарту құқығымен инвестициялық портфельді басқару бойынша қызметтің шағын түрі алып тасталған не ерікті зейнетақы жарналарын тарту құқығымен инвестициялық портфельді басқару бойынша қызметтің шағын түрінің атауы ерікті зейнетақы жарналарын тарту құқығынсыз инвестициялық портфельді басқару бойынша қызметтің шағын түріне өзгерген жағдайда ерікті жинақтаушы зейнетақы қоры уәкілетті органға осы тармақта көзделген құжаттармен бірге ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының, бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының, бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының кастодиан банкінің, ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының кастодиан банкінің және ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының инвестициялық портфелін басқарушының (ондай бар болса) бірінші басшылары немесе олардың орнындағы адамдар қол қойған ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттар бойынша ерікті зейнетақы жарналары есебінен бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына зейнетақы активтері мен міндеттемелерін қабылдау-өткізу актісін ұсынады.
Ерікті жинақтаушы зейнетақы қоры уәкілетті органға қызметтің шағын түрін алып тастауға немесе өзгертуге өтініш берген күнге дейін атауынан «ерікті жинақтаушы зейнетақы қоры» деген сөздерді және (немесе) «ЕЖЗҚ» деген аббревиатураларды алып тастау бөлігінде мемлекеттік қайта тіркеуді, сондай-ақ зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттар бойынша ерікті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақы активтері мен міндеттемелерін бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына аударуды Зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңның 47 және 49-баптарында көзделген тәртіппен және талаптармен жүзеге асырады.
Ерікті зейнетақы жарналарын тарту құқығымен инвестициялық портфельді басқаруға лицензияның қолданылуын тоқтату туралы уәкілетті органға ерікті түрде өтініш жасау Зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңның 49-бабында көзделген тәртіппен және талаптармен жүзеге асырылады.»;
30-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«30. Егер лицензия қағаздағы нысанда берілсе, лицензиат уәкілетті органның қызметтің барлық немесе жекелеген түрлері (шағын түрлері) бойынша лицензиядан айыру туралы шешімін алғаннан кейін 10 (он) жұмыс күнінен кешіктірмей лицензиат уәкілетті органға лицензияның түпнұсқасын қайтарады.
Уәкілетті органның қызметтің барлық немесе жекелеген түрлері (шағын түрлері) бойынша лицензиядан айыру туралы шешімін алған күннен бастап күнтізбелік 120 (бір жүз жиырма) күн ішінде оған қатысты осы шешім қабылданған тұлға қызметтің барлық түрлері немесе өзі лицензиядан айырылған қызметтің түрлері (шағын түрлері) бойынша шарттардың барлық міндеттемелерін орындайды және уәкілетті органға Қағидалардың 21-тармағының 3), 4), 5) және 6) тармақшаларында көрсетілген құжаттарды ұсынады.»
2 және 3-қосымшалар осы Өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу, бақылау және қадағалау саласында мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің тізбесіне (бұдан әрі – Тізбе) 1 және 2-қосымшаларға сәйкес редакцияда жазылсын;
Тізбеге 3 және 4-қосымшаларға сәйкес редакциядағы 9 және 10- қосымшалармен толықтырылсын.

3

3. «Мінсіз іскерлік беделінің болмауы өлшемшарттарын қоса алғанда, қаржы ұйымдарының, банк, сақтандыру холдингтерінің, «Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры» акционерлік қоғамының басшы қызметкерлерін тағайындауға (сайлауға) келісім беру қағидаларын және келісім алу үшін қажетті құжаттар тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2020 жылғы 30 наурыздағы № 43 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20248 болып тіркелген, 2020 жылғы 7 сәуірде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
атауы мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктері филиалдарының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары филиалдарының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру брокерлері филиалдарының басшы қызметкерлеріне қойылатын талаптарды, мінсіз іскерлік беделінің болмауы өлшемшарттарын қоса алғанда, қаржы ұйымдарының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктері филиалдарының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары филиалдарының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру брокерлері филиалдарының банк, сақтандыру холдингтерінің, «Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры» акционерлік қоғамының басшы қызметкерлерін тағайындауға (сайлауға) келісім беру қағидаларын және келісім алу үшін қажетті құжаттар тізбесін бекіту туралы»;
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктері филиалдарының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары филиалдарының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру брокерлері филиалдарының басшы қызметкерлеріне қойылатын талаптарды, мінсіз іскерлік беделінің болмауы өлшемшарттарын қоса алғанда, қаржы ұйымдарының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктері филиалдарының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары филиалдарының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру брокерлері филиалдарының банк, сақтандыру холдингтерінің, «Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры» акционерлік қоғамының басшы қызметкерлерін тағайындауға (сайлауға) келісім беру қағидалары және келісім алу үшін қажетті құжаттар тізбесі бекітілсін.»;
көрсетілген қаулымен бекітілген Мінсіз іскерлік беделінің болмауы өлшемшарттарын қоса алғанда, қаржы ұйымдарының, банк, сақтандыру холдингтерінің, «Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры» акционерлік қоғамының басшы қызметкерлерін тағайындауға (сайлауға) келісім беру қағидаларында және келісім алу үшін қажетті құжаттар тізбесінде:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктері филиалдарының, Қазақстан Республикасы сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары филиалдарының, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру брокерлері филиалдарының басшы қызметкерлеріне қойылатын талаптарды, мінсіз іскерлік беделінің болмауы өлшемшарттарын қоса алғанда, қаржы ұйымдарының, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктері филиалдарының, Қазақстан Республикасы сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары филиалдарының, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру брокерлері филиалдарының, банк, сақтандыру холдингтерінің, «Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры» акционерлік қоғамының басшы қызметкерлерін тағайындауға (сайлауға) келісім беру қағидалары және келісім алу үшін қажетті құжаттар тізбесі»;
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктері филиалдарының, Қазақстан Республикасы сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары филиалдарының, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру брокерлері филиалдарының басшы қызметкерлеріне қойылатын талаптарды, мінсіз іскерлік беделінің болмауы өлшемшарттарын қоса алғанда, қаржы ұйымдарының, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктері филиалдарының, Қазақстан Республикасы сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары филиалдарының, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру брокерлері филиалдарының, банк, сақтандыру холдингтерінің, «Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры» акционерлік қоғамының басшы қызметкерлерін тағайындауға (сайлауға) келісім беру қағидалары және келісім алу үшін қажетті құжаттар тізбесі (бұдан әрі - Қағидалар), «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» 1995 жылғы 31 тамыздағы (бұдан әрі - Банктер туралы заң), «Сақтандыру қызметі туралы» 2000 жылғы 18 желтоқсандағы (бұдан әрі - Сақтандыру қызметі туралы заң), «Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры туралы» 2003 жылғы 3 маусымдағы (бұдан әрі - Кепілдік беру қоры туралы заң), «Бағалы қағаздар рыногы туралы» 2003 жылғы 2 шілдедегі (бұдан әрі - Бағалы қағаздар рыногы туралы заң), «Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу, бақылау және қадағалау туралы» 2003 жылғы 4 шілдедегі (бұдан әрі - Мемлекеттік реттеу туралы заң), «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі (бұдан әрі - Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы заң), «Қазақстан Республикасындағы зейнетақымен қамсыздандыру туралы» 2013 жылғы 21 маусымдағы (бұдан әрі - Зейнетақымен қамсыздандыру туралы заң) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес әзірленді.
Қағидалар қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау мен қадағалау жөніндегі уәкілетті органның Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктері филиалдарының, Қазақстан Республикасы сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары филиалдарының, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру брокерлері филиалдарының басшы қызметкерлеріне қойылатын талаптарды, мінсіз іскерлік беделінің болмауы өлшемшарттарын қоса алғанда, банктердің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының, сақтандыру брокерлерінің, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктері филиалдарының, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары филиалдарының, Қазақстан Республикасы бейрезидент- сақтандыру брокерлері филиалдарының, бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының, ерікті жинақтаушы зейнетақы қорларының, бағалы қағаздар нарығында қызметті жүзеге асыру үшін лицензия алуға үміттенген немесе лицензиялары бар заңды тұлғалардың, орталық депозитарийдің және бірыңғай оператордың, банк, сақтандыру холдингтерінің, «Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры» акционерлік қоғамының басшы қызметкерлерін тағайындауға (сайлауға) келісім беру тәртібін және келісім алу үшін қажетті құжаттар тізбесін айқындайды.»;
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Қағидаларда пайдаланылатын ұғымдар Банктер туралы заңда, Сақтандыру қызметі туралы заңда, «Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы» 2003 жылғы 7 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңында, Кепілдік беру қоры туралы заңда, Бағалы қағаздар нарығы туралы заңда, Мемлекеттік реттеу туралы заңда, Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы заңда және Зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңда көрсетілген мағыналарда қолданылады.
Қағидаларда мынадай қысқартулар қолданылады:
1) жауапты бөлімше – қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау мен қадағалау жөніндегі уәкілетті органның мемлекеттік қызмет көрсетуге жауапты бөлімшесі;
2) көрсетілетін қызметті алушы - банктер, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары, сақтандыру брокерлері, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктерінің филиалдары, Қазақстан Республикасы сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының филиалдары, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру брокерлерінің филиалдары, бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры, ерікті жинақтаушы зейнетақы қорлары, бағалы қағаздар нарығында қызметті жүзеге асыруға лицензия алуға үміттенген немесе лицензиялары бар заңды тұлғалар, орталық депозитарий және бірыңғай оператор, банк, сақтандыру холдингтері, «Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры» акционерлік қоғамы;
3) қаржы ұйымы - банктер, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары, сақтандыру брокерлері, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктерінің филиалдары, Қазақстан Республикасы сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының филиалдары, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру брокерлерінің филиалдары, бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры, ерікті жинақтаушы зейнетақы қорлары, бағалы қағаздар нарығында қызметті жүзеге асыруға лицензия алуға үміттенген немесе лицензиялары бар заңды тұлғалар, орталық депозитарий және бірыңғай оператор;»;
4) Қор – «Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры» акционерлік қоғамы»;
5) мемлекеттік көрсетілетін қызмет – «Қаржы ұйымдарының, банк, сақтандыру холдингтерінің, акционерлік қоғамның басшы қызметкерлерін тағайындауға (сайлауға) келісім беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі»;
6) оператор – «Электрондық үкіметтің» ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының операторы»;
7) өтінішхат – қаржы ұйымдарының, холдингтердің және Қордың басшы қызметкерлерін тағайындауға (сайлауға) келісім беру туралы өтінішхат;
8) портал – www.egov.kz «электрондық үкіметтің» веб-порталы;
9) уәкілетті орган, көрсетілетін қызметті беруші – қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау мен қадағалау жөніндегі уәкілетті орган;
10) холдинг – банктік, сақтандыру холдингтері;
11) ЭЦҚ – электрондық цифрлық қолтаңба.»;
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Банктер туралы заңның 20-бабы 3-тармағы 3) тармақшасының, Сақтандыру қызметі туралы заңның 34-бабы 3-тармағы 3) тармақшасының, Кепілдік беру қоры туралы заңның 4-1-бабы 2-тармағы 3) тармақшасының, Бағалы қағаздар нарығы туралы заңның 54-бабы 2-тармағы 3) тармақшасының, Зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңның 55-бабы 2-тармағы 3) тармақшасының және Қағидалардың 4-1-тармағының 3) тармақшасының мақсаты үшін мыналар мінсіз іскерлік беделінің болмауы өлшемшарттары болып табылады:
1) алынбаған немесе өтелмеген соттылығының болуы, оның ішінде қаржы ұйымының, холдингтің басшы қызметкері лауазымын атқару құқығынан айыру түріндегі қылмыстық жазаны қолдану туралы заңды күшіне енген сот шешімінің болуы және өмір бойы қаржы ұйымының ірі қатысушысы (ірі акционері) болып табылуы;
2) кандидаттың қаржы ұйымын, банк конгломератын, сақтандыру тобын қосымша капиталдандыру бойынша уәкілетті органның қабылдаған міндеттемелерін не талаптарын орындамаған қаржы ұйымының ірі қатысушысы (тікелей немесе жанама) екендігі туралы мәліметтердің болуы;
3) кандидаттың Қазақстан Республикасының бейрезидент-қаржы ұйымының төлем қабілетсіздігіне жеткізгенге дейін 1 (бір) жылдан аспайтын кезеңде Қазақстан Республикасының бейрезидент-қаржы ұйымында акционер (қатысушы), лауазымды адам, басқару функцияларын орындайтын адам болып табылғаны туралы мәліметтердің болуы;
4) Мемлекеттік реттеу туралы заңның 13-5-бабына сәйкес құрылған дәлелді пайымдау негізінде анықталған мінсіз іскерлік беделдің болмауы.»;
мынадай мазмұндағы 4-1-тармақшамен толықтырылсын:
«4-1. Мыналар:
1) жоғары білімі бар;
2) тізбесі Қағидалардың 8-тармағанда белгіленген халықаралық қаржы ұйымдарында еңбек өтілі және (немесе) қаржылық көрсетілетін қызметтерді және (немесе) қаржы ұйымдарының аудитін жүргізу жөніндегі көрсетілетін қызметтерді ұсыну және (немесе) реттеу саласындағы еңбек өтілі бар:
Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкі филиалының, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының басшысы, бас бухгалтері, Қазақстан Республикасы бейрезидент- сақтандыру брокері филиалының басшысы лауазымдарына кандидаттар үшін кемінде үш жыл;
Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі филиалы, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалы басшысының орынбасары, бас бухгалтері және , Қазақстан Республикасы бейрезидент- сақтандыру брокері филиалы басшысының орынбасары лауазымдарына кандидаттар үшін кемінде екі жыл;
Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкі филиалының, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының құрылымдық бөлімшелерінің қызметін үйлестіретін және (немесе) бақылауды жүзеге асыратын және банк операциялары жүргізілетін құдаттарға қол қою құқығы бар Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкі филиалының, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының басқа басшыларының лауазымдарына кандидаттар үшін сақтандыру қызметінде кем дегенде бір жыл;
3) мінсіз іскерлік беделі бар;
4) бұрын басқару органының басшысы, мүшесі, атқарушы органның басшысы, мүшесі, қаржы ұйымының бас бухгалтері, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкі филиалының, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру брокері филиалының басшысы, басшысының орынбасары және бас бухгалтері, ірі қатысушы-жеке тұлға, қаржы ұйымының ірі қатысушы-заңды тұлғаның (сақтандыру холдингінің) басшысы болмаған – уәкілетті орган банкті, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалын төлемге қабілетсіз банктер, Қазақстан Республикасы бейрезидент- банктерінің филиалдары санатына жатқызу туралы, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын консервациялау не оның акцияларын мәжбүрлеп сатып алу, қаржы ұйымын, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалын, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалын, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру брокерінің филиалын лицензиядан айыру туралы шешім қабылдағанға дейін бір жылдан аспайтын не Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қаржы ұйымын мәжбүрлеп тарату немесе оны банкрот деп тану туралы сот шешімі заңды күшіне енгенде не Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкі филиалының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының қызметін мәжбүрлеп тоқтату туралы сот шешімі заңды күшіне енгенде не қаржы нарығындағы қызметті жүзеге асыруды таратуға және (немесе) тоқтатуға әкеліп соққан бұзушылықтар немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген жағдайларда Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкі филиалының, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру брокерлері филиалдарының басшы қызметкерлері болып тағайындала алмайды.
Көрсетілген талап уәкілетті орган қаржы ұйымын таратуға және (немесе) оның қаржы нарығында қызметті жүзеге асыруын тоқтатуға алып келген банкті, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалын төлем жасауға қабілетсіз банктер, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктерінің филиалдары санатына жатқызу туралы, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын консервациялау не оның акцияларын мәжбүрлеп иелену, қаржы ұйымын, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалын, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалын, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру брокерінің филиалын лицензиядан айыру туралы шешім қабылдағаннан кейін бес жыл, не Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қаржы ұйымын мәжбүрлеп тарату немесе оны банкрот деп тану туралы сот шешімі заңды күшіне енсе, не Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген жағдайларда Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкі филиалының, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының қызметін мәжбүрлеп тоқтату туралы сот шешімі заңды күшіне енген жағдайда қолданылады;
5) қаржы ұйымында, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкінің осы және (немесе) өзге филиалында, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалында, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру брокерінің филиалында басшы қызметкер лауазымына тағайындауға (сайлауға) келісімі кері қайтарып алынбаған. Көрсетілген талап уәкілетті орган басшы қызметкер лауазымына тағайындауға (сайлауға) келісімді кері қайтарып алу туралы шешім қабылдағаннан кейін қатарынан соңғы он екі ай ішінде қолданылады.
6) сыбайлас жемқорлық қылмыс жасамаған не тағайындау күніне дейін үш жыл ішінде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны үшін тәртіптік жауапкершілікке тартылмаған;
7) бұрын қаржы ұйымының басшысы, директорлар кеңесінің мүшесі, басшысы, басқарма мүшесі, бас бухгалтері, ірі қатысушы (ірі акционер) – жеке тұлға, директорлар кеңесінің басшысы, мүшесі, атқарушы органның басшысы, мүшесі, шығарылған эмиссиялық бағалы қағаздар бойынша купондық сыйақыны төлеу бойынша төлем күніне республикалық бюджет туралы заңда белгіленген айлық есептік көрсеткіштен төрт және одан да көп кезең ішінде дефолтқа жол берген не дефолтқа жол берілген шығарылған эмиссиялық бағалы қағаздар бойынша купондық сыйақыны төлеу бойынша берешегінің сомасы купондық сыйақының төрт еселенген және (немесе) одан көп мөлшерін құрайтын не шығарылған эмиссиялық бағалы қағаздар бойынша негізгі борышты төлеу бойынша дефолт мөлшері төлем күніне республикалық бюджет туралы заңда белгіленген айлық есептік көрсеткіштен он мың есе асатын соманы құрайтын ірі қатысушы (ірі акционер) – заңды тұлға-эмитенттің бас бухгалтері болмаған»;
5- тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Уәкілетті органмен келісілуге тиіс қаржы ұйымдарының, холдингтердің, Қордың басшы қызметкерлерінің тізбесі Банктер туралы заңның 20-бабының 1, 1-1 және 14-тармақтарында, Сақтандыру қызметі туралы заңның 34-бабының 1, 1-1 және 14-тармақтарында, Кепілдік беру қоры туралы заңның 4-1-бабының 1-тармағында, Бағалы қағаздар рыногы туралы заңның 45-бабының 11-тармағында, 54-бабының 1-тармағында және 79-бабының 1-1-тармағында, Зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңның 55-бабының 1-тармағында көзделген.»;
6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«6. Қаржы ұйымдары, холдингтер, Қор басшы қызметкерлер құрамында болған өзгерістер туралы оларды тағайындаған (сайлаған), басқа лауазымға ауыстырған немесе жұмыстан босатылған (өкілеттігін тоқтатқан) күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде уәкілетті органды хабардар етеді. Басшы қызметкерлер құрамының өзгеруі туралы мәліметтер растайтын құжаттардың көшірмелерін қоса бере отырып, Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жіберіледі.
Егер осы тармақтың бірінші бөлігіне сәйкес қоса берілетін растаушы құжаттардың көшірмелерінде басшы қызметкерлерді тағайындау (сайлау), басқа лауазымға ауыстыру немесе жұмыстан босату (өкілеттіктерін тоқтату) күні болмаса, онда басшы қызметкерді тағайындау (сайлау), басқа лауазымға ауыстыру немесе жұмыстан босату (өкілеттіктерін тоқтату) күні қаржы ұйымының, холдингтің, Қордың, бейрезидент-банктің, бейрезидент -сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, бейрезидент-сақтандыру брокерінің уәкілетті органының шешім (бұйрық) қабылдау немесе шешімде (бұйрықта) көрсетілген оқиға басталған күн болып саналады.»;
Шешімде (бұйрықта) көрсетілген оқиға басталған жағдайда, қаржы ұйымы, холдинг, Қор растайтын құжаттардың көшірмелерін ұсынады.
Қаржы ұйымының, холдингтің, Қордың уәкілетті органының шешімінен үзінді-көшірме мынадай мәліметтерді қамтиды:
қаржы ұйымының, холдингтің, Қордың толық атауы және қаржы ұйымының, холдингтің, Қордың атқарушы органының орналасқан жері;
акционерлердің жалпы жиналысын (басқару органының отырысын) өткізу күні, уақыты және орны);
отырысқа қатысқан адамдар туралы мәліметтер (басқару органының отырысы үшін);
акционерлердің жалпы жиналысының кворумы (басқару органының отырысы);
басқарушы қызметкерді тағайындау (сайлау), басқа лауазымға ауыстыру немесе жұмыстан шығару (өкілеттіктерін тоқтату) туралы мәселе бөлігінде акционерлердің жалпы жиналысы отырысының (басқару органы отырысының) күн тәртібі;
дауыс беруге қойылған мәселелер, басшы қызметкерді тағайындау (сайлау), басқа лауазымға ауыстыру немесе жұмыстан шығару (өкілеттіктерін тоқтату) бөлігінде олар бойынша дауыс беру қорытындылары;
басшы қызметкерді тағайындау (сайлау), басқа лауазымға ауыстыру немесе жұмыстан шығару (өкілеттігін тоқтату) бөлігінде қабылданған шешімдер.
Қаржы ұйымының, холдингтің, Қордың уәкілетті органының шешімінен үзінді-көшірме осы құжатқа қол қоюға уәкілетті қызметкердің (қызметкерлердің) қолымен расталады және үзіндінің дұрыстығы көрсетіледі.»;
11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«11. Қолдаухат еркін нысанда, ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісімді көрсетумен, кандидаттың қаржы ұйымының, холдингтің, Қордың басшы қызметкерлеріне қойылатын талаптарға сәйкестігін растай отырып және кандидат туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті алушының құжатпен тексергені туралы:
көрсетілетін қызметті алушының басқару органы басшының, ал ол болмаған жағдайда басқару органының шешімі бойынша (басқару органының осы шешімінің көшірмесін ұсына отырып) басқару органы мүшелерінің бірінің, басқару органының басшысы мен мүшелері болмаған жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы акционерлерінің бірінің, атқарушы органның басшысын (атқарушы органның функцияларын жеке-дара жүзеге асыратын тұлғаны), атқарушы органның басшысы болып табылатын басқару органының мүшесін тағайындаған (сайлаған) кезде — осы құжатқа қол қоюға уәкілетті қаржы ұйымына, холдингке (қаржы ұйымы, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған Холдинг үшін) қатысушылардың бірінің;
басқа жағдайларда — көрсетілетін қызметті алушының (атқарушы органның функцияларын жеке-дара жүзеге асыратын тұлғаның) не оның міндетін атқарушы тұлғаның (міндеттерді орындауды жүктеу туралы шешімнің көшірмесін ұсына отырып) атқарушы органның;
Қазақстан Республикасының бейрезидент- банкі филиалының не оның міндетін атқарушы тұлғаның (міндеттерді орындауды жүктеу туралы шешімнің көшірмесін ұсына отырып) ЭЦҚ-мен куәландырылады.
Қазақстан Республикасының бейрезидент- банкі филиалының басшысына қатысты қолдаухатқа Қазақстан Республикасының бейрезидент- банкі осы құжатқа қол қоюға уәкілеттік берген тұлға қол қояды (растайтын құжаттың көшірмесін қоса бере отырып).»
13-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«13. Шет мемлекеттердің құзыретті органдары немесе лауазымды адамдары берген құжаттар Қазақстан Республикасы заңнамасының немесе Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттардың талаптарына сәйкес заңдастырылуға немесе апостильденуге жатады (Қазақстан Республикасының бейрезидент-жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын құжаттарды қоспағанда).
Шет тілде ұсынылған құжаттар қазақ және орыс тілдеріне аударылады және Қазақстан Республикасының нотариат туралы заңнамасына сәйкес нотариалды куәландырылуға жатады.»;
21-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«21. Кандидатты тестілеуден өту үшін шақырусыз келісу туралы мәселені қарау кезінде ұсынылған құжаттардың негізінде мыналар ескеріледі:
1) кандидат бұрын қаржы нарығының осы секторында, Қорда тиісті лауазымдарға уәкілетті органмен келісілген бе;
2) кандидат бұрын қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеуді, бақылауды және (немесе) қадағалауды жүзеге асыратын мемлекеттік органның дербес құрылымдық бөлімшесінің (департаментінің, басқармасының) басқарма мүшесі, бірінші басшысы немесе бірінші басшының орынбасары, басшысы (басшының орынбасары), сондай-ақ қаржы ұйымдарының аудитін жүргізу бойынша көрсетілетін қызметтерді реттеуді жүзеге асыратын мемлекеттік органның бірінші басшысы (бірінші басшының орынбасары) болған ба;
3) кандидат бұрын басқарма мүшесі, бірінші басшы немесе бірінші басшының орынбасары, мемлекеттік органның жауапты хатшысы болған ба;
4) атқарушы органның басшысы (атқарушы органның функцияларын жеке-дара жүзеге асыратын тұлға), Қазақстан Республикасының бейрезидент- банкі филиалының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының, Қазақстан Республикасының бейрезидент - сақтандыру брокері филиалының басшысы лауазымына кандидатта кемінде 3 (үш) жыл:
қаржы институттарын тікелей тексерген аудитор;
қаржы нарығының сол саласында, Қағидалардың 8-тармағында көрсетілген Қор және (немесе) халықаралық қаржы ұйымдарының бірінде:
басқару органының басшысы, мүшесі;
қаржы қызметтерін көрсетуге байланысты мәселелерге жауапты атқарушы органның басшысы, мүшесі;
бас бухгалтері;
қызметі қаржы қызметтерін көрсетумен байланысты болатын тәуелсіз құрылымдық бөлімшенің (департаменттің, басқарманың, филиалдың) басшысы еңбек өтілінің болуы;
5) басқару органы басшысының лауазымына кандидатта кемінде 2 (екі) жыл:
қаржы ұйымдарын тікелей тексерген аудитор;
қаржы нарығында, Қағидалардың 8-тармағында көрсетілген Қор және (немесе) халықаралық қаржы ұйымдарының бірінде:
басқару органының басшысы, мүшесі;
атқарушы органның басшысы, мүшесі (қаржы қызметтерін көрсетуге байланысты мәселелерге жетекшілік ететін);
бас бухгалтері еңбек өтілінің болуы;
6) басқару органының басшысы және бас қаржы ұйымының атқарушы органының мүшесі болып табылатын басқару органының мүшесі лауазымына кандидатта кемінде үш (3) жыл:
қаржы ұйымдарын тікелей тексерген аудитор;
қаржы нарығында, Қағидалардың 8-тармағында көрсетілген Қор және (немесе) халықаралық қаржы ұйымдарының бірінде:
басқару органының басшысы, мүшесі;
атқарушы органның басшысы, мүшесі (қаржы қызметтерін көрсетуге байланысты мәселелерге жетекшілік ететін);
бас бухгалтері еңбек өтілінің болуы;
7) сақтандыру брокері, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкінің филиалы, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалы, Қазақстан Республикасының бейрезидент- сақтандыру брокерінің филиалы басшысының орынбасары, атқарушы орган мүшесі лауазымдарына кандидаттың қаржы ұйымындағы, холдингтегі, Қордағы тек қана қауіпсіздік мәселелеріне және әкімшілік-шаруашылық мәселелеріне жетекшілік етуі;
8) сақтандыру брокері, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкінің филиалы, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалы, Қазақстан Республикасының бейрезидент- сақтандыру брокерінің филиалы басшысының орынбасары, атқарушы орган мүшесі лауазымдарына кандидатта кемінде 2 (екі) жыл:
қаржы ұйымдарының аудитін тікелей жүзеге асырған аудитор;
қаржы нарығының осы секторында, Қорда және (немесе) Қағидалардың 8-тармағында көрсетілген халықаралық қаржы ұйымдарының бірінде:
басқару органының басшысы, мүшесі;
қаржы қызметтерін көрсетуге байланысты мәселелерге жетекшілік еткен атқарушы органның басшысы, мүшесі;
бас бухгалтер немесе бас бухгалтердің орынбасары;
қызметі қаржылық қызметтер көрсетумен байланысты болған дербес құрылымдық бөлімшенің (департаменттің, басқарманың, филиалдың) басшысы (басшының орынбасары), қаржылық көрсетілетін қызметтермен байланысты мәселелерге жетекшілік еткен қаржылық және (немесе) басқарушы директор, атқарушы директор еңбек өтілінің болу;
9) бас бухгалтердің лауазымына кандидатты келісу;
10) қаржы нарығының осы секторында, Қорда қаржы ұйымының басшы қызметкері лауазымына кандидатты келісу кезінде уәкілетті органда тестілеудің оң нәтижелерінің болуы.
Осы тармақшаның мақсаты үшін тестілеудің оң нәтижелері есептелетін мерзім кандидат уәкілетті органда тестілеуден өткен күннен бастап 6 (алты) айды құрайды;
11) басқа басшы қызметкердің лауазымына кандидатта кемінде 1 (бір) жыл:
қаржы ұйымдарының аудитін тікелей жүзеге асырған аудитор;
қаржы нарығының осы секторында және (немесе) Қағидалардың 8-тармағында көрсетілген халықаралық қаржы ұйымдарының бірінде:
басқару органының басшысы, мүшесі;
қаржы қызметтерін көрсетуге байланысты мәселелерге жетекшілік еткен атқарушы органның басшысы, мүшесі;
бас бухгалтер немесе бас бухгалтердің орынбасары;
қызметі қаржылық қызметтер көрсетумен байланысты болған дербес құрылымдық бөлімшенің (департаменттің, басқарманың, филиалдың) басшысы (басшының орынбасары), қаржылық көрсетілетін қызметтермен байланысты мәселелерге жетекшілік еткен қаржылық және (немесе) басқарушы директор, атқарушы директор еңбек өтілінің болуы;
12) басқару органы мүшесінің лауазымына кандидатты келісу.»;
1-қосымшаның жоғарғы оң жақ бұрышындағы мәтін мынадай редакцияда жазылсын:
Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктері филиалдарының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары филиалдарының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру брокерлері филиалдарының басшы қызметкерлеріне қойылатын талаптарды, мінсіз іскерлік беделінің болмауы өлшемшарттарын және келісім алу үшін қажетті құжаттар тізбесін қоса алғанда, қаржы ұйымдарының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктері филиалдарының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары филиалдарының, Қазақстан Республикасының бейрезидент- сақтандыру брокерлері филиалдарының, банктік, сақтандыру холдингтерінің, «Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры» акционерлік қоғамының басшы қызметкерлерін тағайындауға (сайлауға) келісім беру қағидаларына
1-қосымша
Нысан»;
2, 3 және 4-қосымшалар тізбеге 5, 6 және 7-қосымшаларға сәйкес редакцияда жазылсын.

1.1 Бағалы қағаздар нарығында қызметті жүзеге асыруға лицензия беру туралы өтініш

Өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу, бақылау және қадағалау саласында мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің тізбесіне 1-қосымша
Бағалы қағаздар нарығында
кәсіби қызмет түрлерін жүзеге асыруға
лицензияларды беру, оларды тоқтата тұру және олардан айыру қағидаларына 2-қосымша
Нысан
(уәкілетті органның толық атауы)
___________________________
(банктің, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі филиалының, ислам банкінің, Қазақстан Республикасының бейрезидент-ислам банкі филиалының атауы )
Бағалы қағаздар нарығында қызметті жүзеге асыруға лицензия беру
туралы өтініш
_______________________________________________________________
бағалы қағаздар нарығында қызметті жүзеге асыруға лицензия беруіңізді сұраймын.
Банк, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі филиалы, ислам банкі, Қазақстан Республикасының бейрезидент-ислам банкі филиалы туралы мәліметтер:
1. Атауы, орналасқан жері және нақты мекенжайы:
____________________________________________________
____________________________________________________
____________________________________________________
(индекс, облыс, қала, аудан, көше, үйдің, офистің нөмірі,
_________________________________________________
телефон нөмірі, факс нөмірі, электрондық пошта мекенжайы, интернет-ресурс)
2. Бірінші рет алынған лицензия туралы деректер:
Қазақстан Республикасының банк заңнамасында көзделген банк операцияларын және өзге де операцияларды жүргізуге:
_____________________________________________________
____________________________________________________
_____________________________________________________
_____________________________________________________
(нөмірі, күні, лицензия берген мемлекеттік органның атауы)
Қазақстан Республикасының банк заңнамасында көзделген банк операцияларын және өзге де операцияларды жүргізуге және бағалы қағаздар нарығында қызметті жүзеге асыруға
________________________________________________________
________________________________________________________
________________________________________________________
__________
(нөмірі, күні, лицензия берген мемлекеттік органның атауы)
3. Жіберілген құжаттардың тізбесі, олардың әрқайсысы бойынша даналары мен парақтарының саны:
_______________________________________________________________
Банк, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалы, ислам банкі, Қазақстан Республикасы бейрезидент-ислам банкінің филиалы өтінішке қоса берілген құжаттардың (ақпараттың) дәйектілігін, сондай-ақ өтінішті қарауға байланысты сұратылатын қосымша ақпаратты және құжаттарды уәкілетті органға уақытылы берілуін растайды.
Банк, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалы, ислам банкі, Қазақстан Республикасы бейрезидент-ислам банкінің филиалы ақпараттық жүйелердегі заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісім береді.
Банктің, ислам банкінің атқарушы органы басшысының, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалы, Қазақстан Республикасы бейрезидент-ислам банкінің филиалы басшысының не өтінішті беруге уәкілетті адамның тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса).
________________
(күні)

1.2 «Бағалы қағаздар нарығында қызметті жүзеге асыруға лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

Өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу, бақылау және қадағалау саласында мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің тізбесіне 2-қосымша
Бағалы қағаздар нарығында
кәсіби қызмет түрлерін жүзеге асыруға
лицензияларды беру, оларды тоқтата тұру және олардан айыру қағидаларына 3-қосымша
Нысан
«Бағалы қағаздар нарығында қызметті жүзеге асыруға лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
1
Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­нің ата­уы
Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның Қар­жы на­ры­ғын рет­теу және да­мы­ту агент­ті­гі.
2
Мем­ле­кет­тік қыз­мет­тер­ді көр­се­ту тә­сіл­де­рі
«Элек­трон­дық үкі­мет­тің» www.​egov.​kz веб-пор­та­лы (бұ­дан әрі - пор­тал).
3
Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту мер­зім­де­рі
ли­цен­зия бер­ген кез­де – 30 (отыз) жұ­мыс кү­ні­нен ке­шік­тір­мей;
ли­цен­зи­я­ны қай­та ре­сім­де­ген кез­де - 3 (үш) жұ­мыс кү­ні ішін­де;
көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы бө­лі­ніп шы­ғу неме­се бө­лу ны­са­нын­да қай­та ұй­ым­да­сты­ры­л­ған жағ­дай­да ли­цен­зи­я­ны қай­та ре­сім­де­ген кез­де - 30 (отыз) жұ­мыс кү­ні­нен ке­шік­тір­мей;
ли­цен­зи­я­ның тел­нұс­қа­ла­рын бер­ген кез­де – 2 (екі) жұ­мыс кү­ні ішін­де.
4
Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту ны­са­ны
Элек­трон­дық (то­лық ав­то­мат­тан­ды­ры­л­ған)
5
Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту нәти­же­сі
Ба­ға­лы қа­ға­з­дар на­ры­ғын­да қыз­мет­ті жү­зе­ге асы­ру­ға ли­цен­зия (бұ­дан әрі – ли­цен­зия) бе­ру, ли­цен­зи­я­ны қай­та ре­сім­деу, ли­цен­зи­я­ның тел­нұс­қа­ла­рын бе­ру не мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту­ден бас тар­ту ту­ра­лы дәлел­ді жа­у­ап.
Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту нәти­же­ле­рін ұсы­ну ны­са­ны - элек­трон­дық.
6
Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту ке­зін­де көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­дан алы­на­тын ақы мөл­ше­рі және Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның заң­на­ма­сын­да көз­дел­ген жағ­дай­лар­да оны алу тә­сіл­де­рі
1) мы­на­лар­мен ай­на­лы­су құқы­ғы­на ли­цен­зия бе­ру үшін ли­цен­зи­я­лық алым:
бро­кер­лік қыз­мет - 30 (отыз) ай­лық есеп­тік көр­сет­кіш (бұ­дан әрі - АЕК);
ди­лер­лік қыз­мет - 30 (отыз) АЕК;
ин­ве­сти­ци­я­лық порт­фель­ді бас­қа­ру жө­нін­де­гі қыз­мет - 30 (отыз) АЕК;
ка­сто­ди­ан­дық қыз­мет - 30 (отыз) АЕК;
транс­фер-агент­тік қыз­мет - 10 (он) АЕК;
ба­ға­лы қа­ға­з­дар­мен және өзге де қар­жы құ­рал­дар­мен са­уда-сат­тық­ты ұй­ым­да­сты­ру жө­нін­де­гі қыз­мет - 10 (он) АЕК;
қар­жы құ­рал­да­ры­мен мәмі­ле­лер бой­ын­ша кли­ринг қыз­ме­ті - 40 (қы­рық) АЕК;
2) ли­цен­зи­я­ны қай­та ре­сім­деу үшін ли­цен­зи­я­лық алым осы тар­мақ­тың 1) тар­мақ­ша­сын­да бел­гі­лен­ген ти­іс­ті мөл­шер­ле­ме­нің 10 (он) пай­ы­зын құ­рай­ды;
3) ли­цен­зи­я­ның тел­нұс­қа­сын бе­ру үшін ли­цен­зи­я­лық алым осы тар­мақ­тың 1) тар­мақ­ша­сын­да бел­гі­лен­ген ти­іс­ті мөл­шер­ле­ме­нің 100 (бір жүз) пай­ы­зын құ­рай­ды.
Ли­цен­зи­я­лық алым­ды тө­леу қол­ма-қол ақ­ша неме­се қол­ма-қол ақ­ша­сыз ны­сан­да екін­ші дең­гей­де­гі банк­тер неме­се банк­тік опе­ра­ци­я­лар­дың же­ке­ле­ген түр­ле­рін жү­зе­ге асы­ра­тын ұй­ым­дар, сон­дай-ақ қол­ма-қол ақ­ша­сыз ны­сан­да «элек­трон­дық үкі­мет­тің» тө­лем шлю­зі ар­қы­лы жү­зе­ге асы­ры­ла­ды.
7
Жұ­мыс кесте­сі
1) уәкі­лет­ті ор­ган – Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның ең­бек заң­на­ма­сы­на сәй­кес де­ма­лыс және ме­ре­ке күн­де­рі­нен бас­қа са­ғат 13.00-ден 14.30-ға дей­ін­гі түс­кі үзіл­іспен дүй­сен­бі­ден ба­стап жұ­ма ара­лы­ғын­да са­ғат 9.00-ден ба­стап 18.30-ға дей­ін бел­гі­лен­ген жұ­мыс кесте­сіне сәй­кес;
2) пор­тал – жөн­деу жұ­мыста­ры­ның жүр­гі­зі­лу­іне бай­ла­ны­сты бо­ла­тын тех­ни­ка­лық үзі­лі­стер­ді қо­с­па­ған­да, тәу­лік бойы (көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы жұ­мыс уа­қы­ты аяқ­тал­ған­нан кей­ін, де­ма­лыс және ме­ре­ке күн­де­рі өті­ніш жа­са­ған кез­де Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның ең­бек заң­на­ма­сы­на сәй­кес өті­ніш­тер­ді қа­был­дау және мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту нәти­же­сін бе­ру ке­ле­сі жұ­мыс кү­ні жү­зе­ге асы­ры­ла­ды).
8
Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту­ге қа­жет­ті құ­жат­тар­дың тіз­бе­сі
Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту үшін (ли­цен­зия алу үшін) қа­жет­ті құ­жат­тар тіз­бе­сі:
1) Қа­ғи­да­лар­ға 1-қо­сым­ша­ға сәй­кес ны­сан бой­ын­ша көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның уәкі­лет­ті ада­мы­ның ЭЦҚ-мен ку­әлан­ды­ры­л­ған элек­трон­дық құ­жат ны­са­нын­да­ғы өті­ніш;
2) «элек­трон­дық үкі­мет­тің» тө­лем шлю­зі ар­қы­лы тө­лем жа­сау жағ­дай­ла­рын қо­с­па­ған­да, ли­цен­зи­я­лық алым­ның тө­лен­генi ту­ра­лы құ­жат­тың элек­трон­дық кө­шір­ме­сі;
3) көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның жар­ғы­лық ка­пи­та­лы­ның ең аз мөл­ше­рі­нің тө­лен­ге­нін рас­тай­тын құ­жат­тар­дың элек­трон­дық кө­шір­ме­ле­рі;
4) құ­жат­тар­ды ұсы­ну кү­ні­нің ал­дын­да­ғы күн­гі жағ­дай бой­ын­ша Қа­ғи­да­лар­ға 6-қо­сым­ша­ға сәй­кес элек­трон­дық құ­жат ны­са­нын­да ак­ци­о­нер (қа­ты­су­шы) ту­ра­лы мә­лі­мет­тер (заң­ды тұл­ға үшін) және Қа­ғи­да­лар­ға 7-қо­сым­ша­ға сәй­кес ны­сан бой­ын­ша ак­ци­о­нер (қа­ты­су­шы) ту­ра­лы мә­лі­мет­тер (же­ке тұл­ға үшін);
5) Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның бей­ре­зи­ден­ті көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның қа­ты­су­шы­сы (ак­ци­о­не­рі) шет мем­ле­кет­тің заң­на­ма­сы бой­ын­ша заң­ды тұл­ға бо­лып та­бы­ла­ты­нын ку­әлан­ды­ра­тын және бей­ре­зи­дент заң­ды тұл­ға­ны тір­ке­ген ор­ган, тір­кеу нө­мі­рі, тір­кеу кү­ні мен ор­ны ту­ра­лы ақ­па­рат қам­ты­л­ған, мем­ле­кет­тік тіл­де және орыс ті­лін­де но­та­ри­ат ку­әлан­дыр­ған аудар­ма­сы бар са­уда ті­зі­лі­мі­нен заң­ды үзін­ді кө­шір­ме неме­се бас­қа да заң­ды құ­жат­тың элек­трон­дық кө­шір­ме­сі;
6) Нор­ма­тив­тік құқық­тық ак­ті­лер­ді мем­ле­кет­тік тір­кеу ті­зі­лі­мін­де № 20248 тір­кел­ген, Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның Қар­жы на­ры­ғын рет­теу және да­мы­ту агент­ті­гі Бас­қар­ма­сы­ның 2020 жы­л­ғы 30 на­уры­зда­ғы № 43 қа­улы­сы­мен бе­кі­ті­л­ген Мін­сіз іс­кер­лік бе­де­лі­нің бол­мауы өл­шем­шар­тта­рын қо­са ал­ған­да, қар­жы ұй­ым­да­ры­ның, банк, сақ­тан­ды­ру хол­динг­те­рі­нің, «Сақ­тан­ды­ру тө­лем­де­ріне ке­піл­дік бе­ру қо­ры» ак­ци­о­нер­лік қо­ға­мы­ның бас­шы қыз­мет­кер­ле­рін та­ғай­ын­да­у­ға (сай­ла­у­ға) ке­лі­сім бе­ру қа­ғи­да­ла­ры­на және ке­лі­сім алу үшін қа­жет­ті құ­жат­тар тіз­бе­сіне сәй­кес бас­шы қыз­мет­кер­лер­ді ке­лі­су үшін ұсы­ны­ла­тын құ­жат­тар­дың элек­трон­дық кө­шір­ме­ле­рі;
7) элек­трон­дық құ­жат ны­сан­да­ғы қыз­мет­кер­лер­дің те­гі, аты және болған кез­де әке­сі­нің атн, олар­дың ат­қа­ра­тын ла­у­а­зым­дарн көр­се­ті­л­ген штат­тық кесте;
8) элек­трон­дық құ­жат ны­сан­да­ғы ба­ға­лы қа­ға­з­дар на­ры­ғын­да­ғы қыз­мет­ті жү­зе­ге асы­ру функ­ци­я­сы жүк­те­ле­тін құ­ры­лым­дық бө­лім­ше­лер ту­ра­лы ере­же;
9) көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­да ба­ға­лы қа­ға­з­дар на­ры­ғын­да Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның заң­на­ма­сы­на сәй­кес қыз­мет­ті жү­зе­ге асы­ру­ға қа­жет­ті бағ­дар­ла­ма­лық-тех­ни­ка­лық құ­рал­дар­дың және өзге де жаб­дық­тар­дың бо­луын рас­тай­тын мы­на­дай құ­жат­тар­дың элек­трон­дық кө­шір­ме­ле­рі:
жаб­дық­ты жет­кі­зу шар­ты­ның;
жаб­дық­ты қа­был­дау-өт­кі­зу ак­ті­сі­нің;
ли­цен­зи­я­лар­дың са­нын көр­се­те оты­рып, бағ­дар­ла­ма­лық қам­та­ма­сыз ету­ді әзір­леу және (неме­се) жет­кі­зу шар­ты­ның;
бағ­дар­ла­ма­лық қам­та­ма­сыз ету­ді қа­был­дау-өт­кі­зу ак­ті­сі­нің;
қор­ғау мен қа­уіп­сіз­дік­ті ұй­ым­да­сты­ру бой­ын­ша құ­жат­тар­дың (ақ­па­рат­ты ре­зерв­теу тәр­ті­бі­нің си­па­ты, де­ректер­ге қол­же­тім­ді­лік­ті бө­лу те­тікте­рі­нің си­па­ты, қал­пы­на кел­ті­ру жос­па­ры, іш­кі ба­қы­лау те­тікте­рі) кө­шір­ме­ле­рі қа­жет­ті.
Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы бағ­дар­ла­ма­лық өнім­ді дер­бес әзір­ле­ген не бас­қа адам көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ға бағ­дар­ла­ма­лық өнім­ді ақы­сыз бер­ген жағ­дай­да, осы тар­мақ­ша­ның екін­ші, үшін­ші, төр­тін­ші, бе­сін­ші аб­зац­та­рын­да көр­се­ті­л­ген құ­жат­тар ұсы­ныл­май­ды;
Ұсы­ны­л­ған құ­жат­тар­да мы­на­дай ақ­па­рат көр­се­ті­ле­ді: пай­да­ла­ны­ла­тын бағ­дар­ла­ма­лық қам­та­ма­сыз ету­дің ата­уы (сер­вер­лік опе­ра­ци­я­лық жүй­е­лер, де­рекқор­ды бас­қа­ру жүй­е­ле­рі), нұс­қа­лар, ли­цен­зи­я­ның бар екен­ді­гі ту­ра­лы мә­лі­мет­тер;
10) элек­трон­дық құ­жат ны­сан­да­ғы өті­ніш бе­ру­дің ал­дын­да­ғы соң­ғы тоқ­сан­ның со­ңын­да­ғы көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның бух­гал­тер­лік ба­лан­сы;
11) ағым­да­ғы жы­лы құ­ры­л­ған ак­ци­о­нер­лік қо­ғам­дар­ды қо­с­па­ған­да, көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның ат­қа­ру­шы ор­га­ны­ның бі­рін­ші бас­шы­сы және оның бас бух­гал­те­рі қол қой­ған, ауди­тор­лық есеп­пен рас­тал­ған көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның соң­ғы аяқ­тал­ған жы­л­ғы қар­жы­лық есеп­ті­лі­гі­нің элек­трон­дық кө­шір­ме­сі;
12) Ди­рек­тор­лар ке­ңе­сі бе­кіт­кен жа­қын ара­да­ғы үш жы­л­ға ар­нал­ған элек­трон­дық құ­жат ны­са­нын­да­ғы биз­нес-жос­пар (ак­ци­о­нер­лік қо­ғам­нан бас­қа, өзге ұй­ым­дық - құқық­тық ны­сан­да құ­ры­л­ған транс­фер-агент­тің биз­нес-жос­па­рын заң­ды тұл­ға­ның ат­қа­ру­шы ор­га­ны бе­кі­те­ді, Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның бей­ре­зи­дент-бан­кі фи­ли­а­лы­ның биз­нес - жос­па­ры Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның бей­ре­зи­дент-бан­кі­нің ше­ші­мі­мен бе­кі­ті­ле­ді).
Биз­нес-жос­пар­да мы­на­дай мә­се­ле­лер көр­се­ті­ле­ді:
ли­цен­зия алу мақ­сат­та­ры;
қыз­мет­тің негіз­гі ба­ғыт­та­ры­ның си­патта­ма­сы және көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы бағ­дар­лан­ған на­рық сег­мен­тіне шо­лу;
қыз­мет шең­бе­рін­де бо­лжа­на­тын көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­тер, олар­ды ба­ға­лау тәр­ті­бі ту­ра­лы ақ­па­рат, сон­дай-ақ олар­ды са­ту­дың шар­тта­ры мен кө­ле­мі бой­ын­ша жос­пар­лар;
қыз­мет­ке бай­ла­ны­сты негіз­гі тәу­е­кел­дер, олар­ды ба­ға­лау және мен­шік­ті ка­пи­тал есе­бі­нен өтеу тә­сіл­де­рі, мен­шік­ті ка­пи­тал жет­кі­лік­ті­лі­гі­нің мәні, тәу­е­кел­дер­ді бас­қа­ру және іш­кі ба­қы­лау рә­сім­де­рі ту­ра­лы ақ­па­рат;
қар­жы жос­па­ры, оның ішін­де ал­ғаш­қы үш қар­жы (опе­ра­ци­я­лық) жы­лын­да­ғы кі­рі­стер мен шы­ғы­стар бо­лжа­мы, көр­се­ті­л­ген ке­зең үшін жол бе­рі­ле­тін шы­ғын­ды­лық ко­эф­фи­ци­ент­те­рі;
ин­ве­сти­ци­я­лық са­я­сат, ком­па­ния қыз­ме­тін қар­жы­лан­ды­ру көз­де­рі;
ин­ве­сти­ци­я­лық ко­ми­тет пен іш­кі аудит қыз­ме­тін қо­са ал­ған­да, өті­ніш бе­ру­ші­нің ұй­ым­дық құ­ры­лы­мы, кор­по­ра­тив­тік бас­қа­ру рә­сім­де­рін іс­ке асы­ру тә­сіл­де­рі­нің си­патта­ма­сы, сон­дай-ақ ма­ман­дар­дың бі­лім дең­гей­іне қой­ы­ла­тын та­лап­тар;
13) са­уда-сат­тық­ты ұй­ым­да­сты­ру­шы­ның көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­те­рін пай­да­ла­на­тын субъ­ек­ті­лер­мен өза­ра қа­рым-қа­ты­на­сын ай­қын­дай­тын ба­ға­лы қа­ға­з­дар­мен және өзге де қар­жы құ­рал­да­ры­мен са­уда­ны ұй­ым­да­сты­ру жө­нін­де­гі қыз­мет­ті жү­зе­ге асы­ру­дың элек­трон­дық құ­жат ны­са­нын­да­ғы іш­кі қа­ғи­да­ла­ры (ба­ға­лы қа­ға­з­дар­мен және өзге де қар­жы құ­рал­да­ры­мен са­уда­ны ұй­ым­да­сты­ру жө­нін­де­гі қыз­мет­ті жү­зе­ге асы­ру­ға ли­цен­зия алу­ға үміт­кер көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­лар үшін);
14) кли­ринг ұй­ы­мы­ның көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­те­рін пай­да­ла­на­тын субъ­ек­ті­лер­мен өза­ра қа­рым-қа­ты­на­сын ай­қын­дай­тын қар­жы құ­рал­да­ры­мен мәмі­ле­лер бой­ын­ша кли­ринг қыз­ме­тін жү­зе­ге асы­ру­дың іш­кі қа­ғи­да­ла­ры (қар­жы құ­рал­да­ры­мен мәмі­ле­лер бой­ын­ша кли­ринг қыз­ме­тін жү­зе­ге асы­ру­ға ли­цен­зия алу­ға үміт­кер көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­лар үшін) элек­трон­дық құ­жат ны­са­нын­да.
Ба­ға­лы қа­ға­з­дар на­ры­ғын­да кә­сі­би қыз­мет түр­ле­рін жү­зе­ге асы­ру­ға ли­цен­зи­я­сы бар заң­ды тұ­лға­лар ба­ға­лы қа­ға­з­дар на­ры­ғын­да қо­сым­ша қыз­мет тү­рін жү­зе­ге асы­ру­ға ли­цен­зия алу үшін осы тар­мақ­тың бі­рін­ші бө­лі­гі­нің 1), 2), 8) және 12) тар­мақ­ша­ла­рын­да көр­се­ті­л­ген құ­жат­тар­ды ұсы­на­ды.Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның ау­ма­ғын­да тір­кел­ген са­уда-сат­тық­ты ұй­ым­да­сты­ру­шы қар­жы құ­рал­да­ры­мен мәмі­ле­лер бой­ын­ша кли­ринг­тік қыз­мет­ті жү­зе­ге асы­ру­ға ли­цен­зия алу үшін осы тар­мақ­тың бі­рін­ші бө­лі­гі­нің 1), 2), 13) және 14) тар­мақ­ша­ла­рын­да көр­се­ті­л­ген құ­жат­тар­ды ұсы­на­ды. Ба­ға­лы қа­ға­з­дар на­ры­ғын­да кә­сі­би қыз­мет түр­ле­рін жү­зе­ге асы­ру­ға ли­цен­зия алу үшін банк, Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның бей­ре­зи­дент-бан­кі­нің фи­ли­а­лы, ис­лам бан­кі, Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның бей­ре­зи­ден­ті-ис­лам бан­кі­нің фи­ли­а­лы уәкі­лет­ті ор­ган­ға Қа­ғи­да­лар­ға 2-қо­сым­ша­ға сәй­кес ны­сан бой­ын­ша осы тар­мақ­тың бі­рін­ші бө­лі­гі­нің 2), 7), 8), 9), 12) тар­мақ­ша­ла­рын­да көр­се­ті­л­ген құ­жат­тар­ды қо­са бе­ре оты­рып, ба­ға­лы қа­ға­з­дар на­ры­ғын­да қыз­мет­ті жү­зе­ге асы­ру­ға ли­цен­зия бе­ру ту­ра­лы өті­ніш бе­ре­ді.
«Өмір­ді сақ­тан­ды­ру» са­ла­сын­да­ғы қыз­мет­ті жү­зе­ге асы­ра­тын сақ­тан­ды­ру ұй­ы­мы ба­ға­лы қа­ға­з­дар на­ры­ғын­да ин­ве­сти­ци­я­лық порт­фель­ді бас­қа­ру жө­нін­де­гі қыз­мет­ті жү­зе­ге асы­ру­ға ли­цен­зия алу үшін мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту үшін уәкі­лет­ті ор­ган­ға осы тар­мақ­тың бі­рін­ші бө­лі­гі­нің 1), 2), 8) және 9) тар­мақ­ша­ла­рын­да көр­се­ті­л­ген құ­жат­тар­ды, сон­дай-ақ Нор­ма­тив­тік құқық­тық ак­ті­лер­ді мем­ле­кет­тік тір­кеу ті­зі­лі­мін­де № 17462 бо­лып тір­кел­ген Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның Ұлт­тық Бан­кі Бас­қар­ма­сы­ның 2018 жы­л­ғы 27 та­мы­зда­ғы № 198 қа­улы­сы­мен бе­кі­ті­л­ген, Сақ­тан­ды­ру (қай­та сақ­тан­ды­ру) ұй­ым­да­ры үшін тәу­е­кел­дер­ді бас­қа­ру және іш­кі ба­қы­лау жүй­е­сін қа­лып­та­сты­ру қа­ғи­да­ла­ры­на сәй­кес тәу­е­кел­дер­ді бас­қа­ру жүй­е­сі­нің жұ­мыс іс­те­уін ай­қын­дай­тын оның құ­ра­мы ту­ра­лы мә­лі­мет­тер­ді және іш­кі қа­ғи­да­лар­ды қо­са ал­ған­да, ин­ве­сти­ци­я­лық ко­ми­тет ту­ра­лы ере­же­ні элек­трон­дық құ­жат­тар ны­са­нын­да ұсы­на­ды..
Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту үшін қа­жет­ті құ­жат­тар­дың тіз­бе­сі (ли­цен­зи­я­ның тел­нұс­қа­сын алу үшін (егер бұ­рын бе­рі­л­ген ли­цен­зия қа­ғаз ны­сан­да ре­сім­дел­ген бол­са)):
1) көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның ЭЦҚ-мен ку­әлан­ды­ры­л­ған элек­трон­дық құ­жат ны­са­нын­да­ғы сұ­рау са­лу;
2) «элек­трон­дық үкі­мет­тің» тө­лем шлю­зі ар­қы­лы тө­лен­ген жағ­дай­лар­ды қо­с­па­ған­да, ли­цен­зи­я­лық алым­ды тө­леу ту­ра­лы құ­жат­тың элек­трон­дық кө­шір­ме­сі.
Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту үшін қа­жет­ті құ­жат­тар­дың тіз­бе­сі (ли­цен­зи­я­ны қай­та ре­сім­деу үшін):
1) Қа­ғи­да­лар­ға 8-қо­сым­ша­ға сәй­кес ны­сан бой­ын­ша көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның ЭЦҚ-мен ку­әлан­ды­ры­л­ған элек­трон­дық құ­жат ны­са­нын­да­ғы өті­ніш;
2) «элек­трон­дық үкі­мет­тің» тө­лем шлю­зі ар­қы­лы тө­лен­ген жағ­дай­лар­ды қо­с­па­ған­да, ли­цен­зи­я­лық алым­ды тө­леу ту­ра­лы құ­жат­тың элек­трон­дық кө­шір­ме­сі;
3) мем­ле­кет­тік ақ­па­рат­тық жүй­е­лер­де қам­ты­л­ған құ­жат­тар­ды қо­с­па­ған­да, ли­цен­зи­я­ны қай­та ре­сім­деу үшін негіз болған өзге­рі­стер ту­ра­лы ақ­па­рат­ты қам­ти­тын құ­жат­тар­дың кө­шір­ме­ле­рі (құ­жат­тар­дың элек­трон­дық кө­шір­ме­ле­рі тү­рін­де). Уәкі­лет­ті ор­ган құ­жат­тар­да көр­се­ті­л­ген мә­лі­мет­тер­ді «элек­трон­дық үкі­мет» шлю­зі ар­қы­лы ти­іс­ті мем­ле­кет­тік ақ­па­рат­тық жүй­е­лер­ден:
Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның ре­зи­ден­ті-же­ке тұл­ға­ның же­ке ба­сын ку­әлан­ды­ра­тын,
Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның ре­зи­ден­ті-же­ке тұл­ға­да алын­ба­ған неме­се өтел­ме­ген сот­ты­лы­ғы­ның жоқ­тығ­ын рас­тай­тын құ­жат­тар;
Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның ре­зи­ден­ті-заң­ды тұл­ға­ны мем­ле­кет­тік тір­кеу (қай­та тір­кеу) ту­ра­лы мә­лі­мет­тер­ді ала­ды.
9
Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның заң­на­ма­сын­да бел­гі­лен­ген мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту­ден бас тар­ту үшін негіз­дер
Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту­ден бас тар­ту үшін негіз­дер:
1) Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның заң­да­рын­да заң­ды тұ­лға­лар­дың осы са­на­ты үшін қыз­мет тү­рі­мен ай­на­лы­су­ға тый­ым са­лы­нуы;
2) қыз­мет тү­ріне ли­цен­зия бе­ру­ге өті­ніш бе­рі­л­ген жағ­дай­да қыз­мет­тің же­ке­ле­ген түр­ле­рі­мен ай­на­лы­су құқы­ғы үшін ли­цен­зи­я­лық алым­ның ен­гі­зіл­ме­уі;
3) көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы «Ба­ға­лы қа­ға­з­дар ры­но­гы ту­ра­лы» 2003 жы­л­ғы 2 шіл­де­де­гі Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның Заң­ның 48-ба­бы­ның 1-тар­ма­ғын­да бел­гі­лен­ген бі­лік­ті­лік та­лап­та­ры­на сәй­кес кел­ме­уі;
4) көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ға қа­ты­сты ли­цен­зи­я­ла­у­ға жа­та­тын қыз­мет­ті неме­се же­ке­ле­ген қыз­мет түр­ле­рін тоқ­та­та тұ­ру неме­се олар­ға тый­ым са­лу ту­ра­лы заң­ды кү­шіне ен­ген сот ше­ші­мі­нің (үкі­мі­нің) бо­луы;
5) сот орын­да­у­шы­сы­ның ұсы­нуы негі­зін­де сот­тың көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы-бо­рыш­кер­ге ли­цен­зия бе­ру­ге уа­қыт­ша тый­ым са­луы.
Ли­цен­зи­я­ны қай­та ре­сім­де­уден бас тар­ту­ға:
қыз­мет­тің же­ке­ле­ген түр­ле­рі­мен ай­на­лы­су құқы­ғы­на ли­цен­зи­я­ны қай­та ре­сім­деу ке­зін­де ли­цен­зи­я­лық алым тө­лен­бе­ген;
осы Стан­дарт­тың 8-тар­ма­ғы­ның бе­сін­ші бө­лі­гін­де көр­се­ті­л­ген құ­жат­тар ти­ісін­ше ре­сім­дел­ме­ген жағ­дай­лар негіз бо­лып та­бы­ла­ды.
10
Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту ерекше­лік­те­рі ес­ке­рі­л­ген өзге де та­лап­тар
Ли­цен­зи­я­ның тел­нұс­қа­ла­рын бе­ру ке­зін­де қыз­мет­тің же­ке­ле­ген түр­ле­рі­мен ай­на­лы­су құқы­ғы үшін ли­цен­зи­я­лық алым­ды тө­ле­меу ли­цен­зи­я­ның тел­нұс­қа­сын бе­ру­ден бас тар­ту үшін негіз бо­лып та­бы­ла­ды.
Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту орын­да­ры­ның ме­кен­жай­ла­ры және мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту мә­се­ле­ле­рі жө­нін­де­гі анық­та­ма­лық қыз­мет­тер­дің бай­ла­ныс те­ле­фон­да­ры уәкі­лет­ті ор­ган­ның ре­сми ин­тер­нет-ре­сур­сын­да ор­на­ла­сты­ры­л­ған.
Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту тәр­ті­бі мен мәр­те­бе­сі ту­ра­лы ақ­па­рат­ты қа­шық­тық­тан қол жет­кі­зу ре­жи­мін­де пор­тал­да­ғы «же­ке ка­би­не­ті», сон­дай-ақ мем­ле­кет­тік қыз­мет­тер көр­се­ту мә­се­ле­ле­рі жө­нін­де­гі Бі­рың­ғай бай­ла­ныс ор­та­лы­ғы ар­қы­лы алу мүм­кін­ді­гі бар.
Пор­тал­да ір­кі­лі­стер не тех­ни­ка­лық ақа­у­лар анық­тал­ған жағ­дай­да мем­ле­кет­тік қыз­мет­тер көр­се­ту мә­се­ле­ле­рі жө­нін­де­гі бі­рың­ғай бай­ла­ныс ор­та­лы­ғы­на жү­гі­ну қа­жет.
Мем­ле­кет­тік қыз­мет­тер көр­се­ту мә­се­ле­ле­рі жө­нін­де­гі бі­рың­ғай бай­ла­ныс ор­та­лы­ғы: 8-800-080-7777 неме­се 1414.

1.3 Қазақстан Республикасының Елтаңбасы Уәкілетті органның толық атауы

Өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу, бақылау және қадағалау саласында мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің тізбесіне 3-қосымша
Бағалы қағаздар нарығында
кәсіби қызмет түрлерін жүзеге асыруға
лицензияларды беру, оларды тоқтата тұру және олардан айыру қағидаларына 9-қосымша
Нысан
Қазақстан Республикасының Елтаңбасы
Уәкілетті органның толық атауы
Қазақстан Республикасының банк заңнамасында көзделген банк
операцияларын және өзге де операцияларды жүргізуге және
бағалы қағаздар нарығында қызметті жүзеге асыруға
лицензия
Лицензия нөмірі__________ Берілген күні «___» ______ ____ жыл
____________________________________________________________________
(банктің, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкі филиалының атауы)
Осы лицензия операциялардың (ұлттық және (немесе) шетел валютасында) мына түрлерін):
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
банк операцияларын жүргізуге;
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
Қазақстан Республикасының банк заңнамасында көзделген өзге де операцияларды жүргізуге
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
бағалы қағаздар нарығындағы қызметті жүзеге асыруға құқық береді:
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________;
Банк операцияларын және Қазақстан Республикасының банк заңнамасында көзделген өзге де операцияларды жүргізуге бірінші рет алынған лицензия туралы деректер:
______________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
(лицензия берген мемлекеттік органның нөмірі, күні, атауы )
бағалы қағаздар нарығындағы қызметті жүзеге асыруға _______________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
(лицензия берген мемлекеттік органның нөмірі, күні, атауы )
Төраға
(Төрағаның орынбасары) _______________________ ________________
(қолы немесе электрондық цифрлық қолтаңбасы) (инициалы, тегі)
Мөр орны (қағаздағы нысан үшін)
Алматы қаласы

1.4 Қазақстан Республикасының Елтаңбасы Уәкілетті органның толық атауы

Өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу, бақылау және қадағалау саласында мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің тізбесіне 4-қосымша
Бағалы қағаздар нарығында
кәсіби қызмет түрлерін жүзеге асыруға
лицензияларды беру, оларды тоқтата тұру және олардан айыру қағидаларына 10-қосымша
Нысан
Қазақстан Республикасының Елтаңбасы
Уәкілетті органның толық атауы
Ислам банктері, Қазақстан Республикасы бейрезидент-ислам банктерінің
филиалдары жүзеге асыратын банк операцияларын және
өзге де операцияларды жүргізуге, және бағалы қағаздар нарығында
қызметті жүзеге асыруға лицензия
Лицензия нөмірі _____
Берілген күні «___» ________ жыл
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
(ислам банкінің, Қазақстан Республикасы бейрезидент-ислам банкі
филиалының атауы)
Осы лицензия:
«Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» 1995 жылғы 31 тамыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 52-5-бабының 1 және 4-тармақтарына сәйкес ислам банктерінің, Қазақстан Республикасы бейрезидент-ислам банктері филиалдарының банк операцияларын (ұлттық және (немесе) шетел валютасында) жүргізуіне:
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________;
«Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» 1995 жылғы 31 тамыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 30-бабына сәйкес ислам банктерінің және Қазақстан Республикасы бейрезидент-ислам банктері филиалдарының банк операцияларын және өзге де операцияларды (ұлттық және (немесе) шетел валютасында) жүргізуге:
банк операцияларын :
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________;
өзге де операцияларды жүргізуге:
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________;
бағалы қағаздар нарығында қызметті жүзеге асыруға құқық береді:
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________.
Ислам банктері, Қазақстан Республикасы бейрезидент-ислам банктерінің филиалдары жүзеге асыратын банк операцияларын және өзге де операцияларды жүргізуге бірінші рет алынған лицензия туралы деректер_____________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
(нөмірі, күні, лицензия берген мемлекеттік органның атауы)
ислам банктері, Қазақстан Республикасы бейрезидент-ислам банктерінің филиалдары жүзеге асыратын банк операцияларын және өзге операцияларды жүргізуге және бағалы қағаздар нарығында қызметті жүзеге асыруға құқық береді:
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
(нөмірі, күні, лицензия берген мемлекеттік органның атауы)
Төраға
(Төрағаның орынбасары) _______________________ ________________
(қолы немесе электрондық цифрлық қолтаңбасы) (инициалы, тегі)
Мөр орны (қағаздағы нысан үшін)
Алматы қаласы

1.5 «Қаржы ұйымдарының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктері филиалдарының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары филиалдарының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру брокерлері филиалдарының, банктік, сақтандыру холдингтерінің, «Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры» акционерлік қоғамының басшы қызметкерлерін тағайындауға (сайлауға) келісім беру» мемлекеттік қызмет стандарты

Өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу, бақылау және қадағалау саласында мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің тізбесіне 5-қосымша
Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктері филиалдарының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары филиалдарының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру брокерлері филиалдарының басшы қызметкерлеріне қойылатын талаптарды, мінсіз іскерлік беделінің болмауы өлшемшарттарын және келісім алу үшін қажетті құжаттар тізбесін қоса алғанда, қаржы ұйымдарының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктері филиалдарының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары филиалдарының, Қазақстан Республикасының бейрезидент- сақтандыру брокерлері филиалдарының, банктік, сақтандыру холдингтерінің, «Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры» акционерлік қоғамының басшы қызметкерлерін тағайындауға (сайлауға) келісім беру қағидаларына
2-қосымша
«Қаржы ұйымдарының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктері филиалдарының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары филиалдарының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру брокерлері филиалдарының, банктік, сақтандыру холдингтерінің, «Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры» акционерлік қоғамының басшы қызметкерлерін тағайындауға (сайлауға) келісім беру» мемлекеттік қызмет стандарты
1.
Көрсетілетін қызметті берушінің атауы
Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі (бұдан әрі - уәкілетті орган).
2.
Мемлекеттік қызметтерді көрсету тәсілдері
«Электрондық үкіметтің» www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі - портал).
3.
Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі
Көрсетілетін қызметті алушы порталға құжаттар топтамасын толық берген күннен бастап 30 (отыз) жұмыс күні ішінде.
4.
Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны
Электрондық (толық автоматтандырылған)/ «бір өтініш» қағидаты бойынша көрсетілген.
5.
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесі
Көрсетілетін қызметті алушының мекенжайына көрсетілетін қызметті алушының басшы қызметкерлерінің лауазымына кандидаттарды келісу нәтижелері туралы мәлімет бар хат не осы мемлекеттік қызмет стандартының 9-тармағында көзделген негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін беру нысаны - электрондық.
6.
Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын ақы мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері
Алым мөлшерлемесі:
1) банктердің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының, сақтандыру брокерінің, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктері филиалдарының, Қазақстан Республикасы березидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары филиалдарының, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру брокерлері филиалдарының, холдингтің, Қордың басшы қызметкерлерін тағайындауға (сайлауға) келісім берген кезде - 25 (жиырма бес) айлық есептік көрсеткіш;
2) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының, ерікті жинақтаушы зейнетақы қорларының, бағалы қағаздар нарығында қызметті жүзеге асыруға лицензия алуға үміткер немесе лицензиясы бар заңды тұлғалардың, орталық депозитарийдің және бірыңғай оператордың басшы қызметкерлерін тағайындауға (сайлауға) келісім берген кезде - қызмет тегін көрсетіледі.
Алымды төлеу екінші деңгейдегі банктер, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктерінің филиалдары немесе банк қызметінің жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы қолма-қол ақша немесе қолма-қол емес ақша түрінде, сондай-ақ «электрондық үкіметтің» төлем шлюзі арқылы қолма-қол емес ақша нысанында жүзеге асырылады.
7.
Жұмыс работы
1) уәкілетті орган - Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Еңбек кодексіне (бұдан әрі - Кодекс) сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа дүйсенбі мен жұма аралығында белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін;
2) портал - тәулік бойы, жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, Кодекске сәйкес демалыс және мереке күндері өтініш білдірген кезде өтініштерді қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).
8.
Мемлекеттік қызмет көрсетуге қажетті құжаттардың тізбесі
1) Қағидалардың 11-тармағын сәйкес ресімделген электрондық құжат нысанындағы өтінішхат;
2) «электрондық үкіметтің» төлем шлюзі арқылы төлеу жағдайларын қоспағанда, алымның төленгенін растайтын құжаттың электрондық көшірмесі (алымды төлеу Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда);
3) акционерлік қоғамның ұйымдастырушылық-құқықтық нысанында құрылған көрсетілетін қызметті алушының басқару органының кандидаттың өзге ұйымда жұмыс істеуіне келісім беруі туралы шешімінің үзінді көшірмесінің электрондық көшірмесі (көрсетілетін қызметті алушының атқарушы органы мүшелігіне кандидат басқа ұйымда жұмыс істеген жағдайда). Бұл құжат, егер ол Қағидалардың 6-тармағының талаптарына сәйкес уәкілетті органның кандидатты келісу туралы өтінішхаты берілгенге дейін ұсынылған басшы қызметкерлердің құрамының өзгергені туралы хабарламаға қоса берілген жағдайда, ұсынуға жатпайды;
4) қаржы ұйымында, холдингте, Қорда жұмыс істеуге кандидатқа келісім беру туралы акционерлік қоғамның басқару органының шешімінен үзінді-көшірменің электрондық көшірмесі (кандидат акционерлік қоғамның атқарушы органының мүшесі болған жағдайда);
5) Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша басшы қызметкер лауазымына кандидат туралы мәліметтердің электрондық көшірмесі;
6) азаматы болып табылатын елінде (шетелдіктер үшін) немесе тұрақты тұратын елде (азаматтығы жоқ адамдар үшін) азаматы болып табылатын елдің (азаматтығы жоқ адамдар үшін - тұрақты тұратын елі) немесе кандидат соңғы 15 (он бес) жыл бойы тұрған елдің мемлекеттік органы берген қылмыстар үшін алынбаған немесе өтелмеген соттылықтың болмауы туралы құжаттың электрондық көшірмесі. Көрсетілген құжатты беру күні өтінішхат беру күніне дейінгі 3 (үш) айдан аспайды (көрсетілген құжатта оның қолданылуының өзгеше мерзімі көрсетілген жағдайларды қоспағанда).
Егер алынбаған немесе өтелмеген соттылығының болмауы туралы мәліметтерді растауға уәкілетті мемлекеттік орган елінің заңнамасында көрсетілген мәліметтер сұратылатын адамдарға қатысты растау құжаттарын беру көзделмеген болса, онда тиісті растама азаматы болып табылатын елдің (шетелдіктер үшін) немесе тұрақты тұратын елдің (азаматтығы жоқ адамдар үшін) мемлекеттік органының хатымен уәкілетті органның атына жіберіледі;
7) Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен берілген кәсіби бухгалтер сертификатының электрондық көшірмесі (бас бухгалтер лауазымына кандидат үшін);
8) бухгалтерлердің аккредиттелген кәсіби ұйымына мүшелігін растайтын құжаттың электрондық көшірмесі (бас бухгалтер лауазымына кандидат үшін);
9) кандидаттың жеке басын куәландыратын құжаттың электрондық көшірмесі (шетелдіктер, азаматтығы жоқ адамдар үшін);
10) кандидатты тағайындау (сайлау), басшы лауазымға ауыстыру туралы құжаттың электрондық көшірмесі (Қағидалардың 6-тармағының талаптарына сәйкес басшы қызметкерлер құрамының өзгергені туралы уәкілетті органға хабарлағанға дейін кандидатты келісу туралы өтінішхат берген жағдайда).
Уәкілетті орган тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден құжаттарда көрсетілген ақпаратты «электрондық үкімет» шлюзі арқылы алады:
Қазақстан Республикасының резиденті - жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын;
Қазақстан Республикасының резиденті жеке тұлғасынан алынбаған немесе өтелмеген соттылығының жоқтығын растайтын құжат.
9.
Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту негіздері
1) басшы қызметкерлердің «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» 1995 жылғы 31 тамыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабында, «Сақтандыру қызметі туралы» 2000 жылғы 18 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 16-2 және 34-баптарында, «Акционерлік қоғамдар туралы» 2003 жылғы 13 мамырдағы Қазақстан Республикасы Заңының 1-бабының 20) тармақшасында, 54-бабының 4-тармағында, 59-бабының 2-тармағында, «Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры туралы» 2003 жылғы 3 маусымдағы Қазақстан Республикасы Заңының 4-1-бабында, «Бағалы қағаздар нарығы туралы» 2003 жылғы 2 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 54-бабында және 63-бабының 5-тармағында, «Бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы» 2007 жылғы 28 ақпандағы Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабында, «Қазақстан Республикасындағы зейнетақымен қамсыздандыру туралы» 2013 жылғы 21 маусымдағы Қазақстан Республикасы Заңының 55-бабында немесе осы Қағидаларда белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;
2) тестілеудің теріс нәтижелері;
3) көрсетілетін қызметті алушы уәкілетті органның ескертулерін жоймауы немесе осы көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет стандартының 3-тармағында белгіленген мерзім аяқталғаннан кейін уәкілетті органның ескертулерімен пысықталған құжаттарды ұсынуы;
4) заңды тұлға сақтандыру және (немесе) банк холдингі мәртебесін алған кезде сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының және (немесе) банктің акцияларын сатып алған күннен бастап немесе ол тағайындалған (сайланған, тиісті функциялар берілген) күннен бастап күнтізбелік 60 (алпыс) күн өткеннен кейін кандидатты келісуге құжаттарды ұсыну;
5) уәкілетті органда кандидаттың бағалы қағаздар нарығында айла-шарғы жасау мақсатында аяқталған деп танылған және (немесе) үшінші тұлғаға (тұлғаларға) залал келтірген мәміле тарабы болғандығы туралы мәліметтердің (фактілердің) болуы.
Бұл талап көрсетілген оқиғалардың неғұрлым ертерек басталған күнінен бастап бір жыл ішінде қолданылады:
уәкілетті органның ұйымдастырылған және (немесе) ұйымдастырылмаған бағалы қағаздар нарықтарында жасалған мәмілені айла-шарғы жасау мақсатында жасалған деп тануы;
уәкілетті органның аталған мәмілені жасау нәтижесінде үшінші тұлғаға (тұлғаларға) келтірілген залалды растайтын фактілерді алуы;
6) уәкілетті органда оған қатысты бағалы қағаздар нарығында айла-шарғы жасау мақсатында жасалған деп танылған мәмілені жасағаны үшін уәкілетті орган 2014 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 259-бабында көзделген қадағалау шараларын қолданған және (немесе) әкімшілік құқық бұзушылық үшін әкімшілік жаза қолданылған қаржы ұйымының қызметкері болып табылғаны туралы және (немесе) іс-әрекеттері қаржы ұйымына және (немесе) осы мәмілеге қатысушы үшінші тұлғаға (тұлғаларға) залал келтірген қаржы ұйымының қызметкері болып табылғаны туралы мәліметтердің болуы.
Бұл талап аталған оқиғалардың неғұрлым ертерек басталған күнінен бастап бір жыл ішінде қолданылады:
уәкілетті органның ұйымдастырылған және (немесе) ұйымдастырылмаған нарықтарда жасалған мәмілені айла-шарғы жасау мақсатында жасалған деп тануы;
уәкілетті органның қаржы ұйымына және (немесе) үшінші тұлғаға (тұлғаларға) осы мәмілені жасау нәтижесінде келтірілген залалды растайтын фактілерді алуы.
Осы тармақшаның мақсаттары үшін оның құзыретіне жоғарыда көрсетілген бұзушылықтар бойынша шешім қабылдау кіретін басшы қызметкер не оның міндеттерін атқарған адам және (немесе) биржалық трейдер қаржы ұйымының қызметкері деп түсініледі.
Осы тармақтың 5) және 6) тармақшаларында көрсетілген мәліметтерге, оның ішінде уәкілетті орган Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы, Қазақстан республикасының бейрезидент-сақтандыру брокері резиденті болып табылатын мемлекеттік қаржылық қадағалау органынан алған мәліметтер жатады.
10.
Мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктерін ескере отырып, өзге де талаптар
Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары мен мемлекеттік көрсетілетін қызмет мәселелері бойынша анықтама қызметтерінің байланыс телефондары уәкілетті органның ресми интернет-ресурсында орналастырылған. Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызмет тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты порталдың “жеке кабинеті» арқылы қашықтан қолжеткізу режимінде, сондай-ақ мемлекеттік көрсетілетін қызмет мәселелері бойынша Бірыңғай байланыс орталығынан алу мүмкіндігіне ие.
Порталда іркілістер не техникалық қателер анықталған жағдайда мемлекеттік көрсетілетін қызмет мәселелері бойынша Бірыңғай байланыс орталығына жүгіну қажет.
Бірыңғай байланыс орталығы: 8-800-080-7777 немесе 1414.
Ақпараттық жүйеде іркіліс болған жағдайда уәкілетті орган бір жұмыс күні ішінде «электрондық үкімет» ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының операторына (бұдан әрі - оператор) хабарлайды. Мұндай жағдайда оператор аталған мерзім ішінде техникалық проблема туралы хаттама жасайды және оған уәкілетті органмен бірге қол қояды.
Көрсетілетін қызметті алушының банк, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкінің филиалын, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалын, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру брокерінің филиалын ашуға рұқсат алуы шеңберінде көзделген банктің немесе банк холдингінің, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі филиалының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру брокері филиалының басшы қызметкерлерін тағайындауға (сайлауға) келісім беруді көрсетілетін қызметті беруші бір өтініш негізінде бірнеше мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді жиынтықта көрсетуді көздейтін «бір өтініш» қағидаты бойынша жүзеге асырады.
Көрсетілетін қызметті алушының сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының құруға рұқсат алуы шеңберінде көзделген сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының немесе сақтандыру холдингінің басшы қызметкерлерін тағайындауға (сайлауға) келісім беруді көрсетілетін қызметті беруші бір өтініш негізінде бірнеше мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді жиынтықта көрсету мүмкіндігін көздейтін «бір өтініш» қағидаты бойынша жүзеге асырады.

1.6 Басшы қызметкер лауазымына кандидат туралы мәліметтер

Өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу, бақылау және қадағалау саласында мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің тізбесіне 6-қосымша
Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктері филиалдарының, Қазақстан Республикасының бейрезидент- сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары филиалдарының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру брокерлері филиалдарының басшы қызметкерлеріне қойылатын талаптарды, мінсіз іскерлік беделінің болмауы өлшемшарттарын және келісім алу үшін қажетті құжаттар тізбесін қоса алғанда, қаржы ұйымдарының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктері филиалдарының, Қазақстан Республикасының бейрезидент- сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары филиалдарының, Қазақстан Республикасының бейрезидент- сақтандыру брокерлері филиалдарының, банктік, сақтандыру холдингтерінің, «Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры» акционерлік қоғамының басшы қызметкерлерінтағайындауға (сайлауға) келісім беру қағидаларына
3-қосымша
Нысан
Басшы қызметкер лауазымына кандидат туралы мәліметтер
_______________________________________________________________
(қаржы ұйымының, холдингтің, Қордың атауы)
_______________________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса), лауазымы)

1 1. Жалпы мәліметтер:

Ту­ған кү­ні мен же­рі
Аза­мат­тығы
Же­ке ба­сын ку­әлан­ды­ра­тын құ­жат­тың де­ректе­рі, же­ке сәй­кестен­ді­ру нө­мі­рі (бар бол­са)

2 2. Білімі:


Оқу ор­ны­ның ата­уы
Түс­кен жы­лы - аяқ­та­ған жы­лы
Ма­манды­ғы
Бі­лі­мі ту­ра­лы ди­плом­ның де­ректе­ме­ле­рі (бар бол­са кү­ні мен нө­мі­рі)
1
2
3
4
5

3 3. Жұбайы (зайыбы), жақын туыстары (ата-анасы, аға-інісі, әпке-сіңлісі, балалары) және жекжаты (жұбайының (зайыбының) ата-анасы, аға-інісі, әпке-сіңлісі, балалары) туралы мәліметтер:


Те­гі, аты, әке­сі­нің аты (ол бар бол­са)
Ту­ған жы­лы
Туы­стық қа­ты­на­сы
Жұ­мыс ор­ны мен ла­у­а­зы­мы
1
2
3
4
5

4 4. Кандидат оған қатысты ірі акционер болып табылатын не мүлікте тиісті үлеске құқығы бар заңды тұлғалар туралы мәліметтер:


Заң­ды тұл­ға­ның ата­уы және ор­на­лас­қан же­рі
Заң­ды тұл­ға қыз­ме­ті­нің жар­ғы­лық түр­ле­рі
Заң­ды тұл­ға­ның жар­ғы­лық ка­пи­та­лы­на қа­ты­су үле­сі неме­се кан­ди­дат­қа ти­е­сі­лі ак­ци­я­ла­ры са­ны­ның да­уыс бе­ре­тін ак­ци­я­ла­ры­ның жал­пы са­ны­на ара­қа­ты­на­сы (пай­ы­з­бен)*
1
2
3
4
Ескертпе: * 4-бағанда сенімгерлік басқарудағы кандидаттың акцияларын (үлесін) ескере отырып акцияларды (үлесті), сондай-ақ кандидат өзге адамдармен жиынтықта иелену нәтижесінде ірі қатысушы болып табылатын акциялар (үлес) санын көрсету қажет.

5 5. Еңбек қызметі туралы мәліметтер.

Осы тармақта кандидаттың бүкіл еңбек қызметі (сондай-ақ басқару органында мүшелігі), оның ішінде уәкілетті органға келісу туралы өтінішхатты берген қаржы ұйымындағы, холдингтегі, Қордағы лауазымын көрсете отырып, жоғарғы оқу орнын аяқтаған кезден бастап еңбек қызметі туралы мәліметтер, сондай-ақ кандидат еңбек қызметін жүзеге асырмаған кезең де көрсетіледі.

Жұ­мыс ке­зе­ңі*
Жұ­мыс ор­ны**
Ла­у­а­зы­мы
Тәр­тіп­тік жа­за қол­да­ну­дың бо­луы
Жұ­мыстан шы­ға­ры­лу, ла­у­а­зым­нан боса­ты­лу се­беп­те­рі
Өзге мә­лі­мет­тер***
1
2
3
4
5
6
7
Ескертпе: * қаржы ұйымдарында (оның ішінде сол елдің заңнамасы шеңберінде қаржы қызметін жүзеге асыру бойынша өкілеттіктері бар Қазақстан Республикасының бейрезидент қаржы ұйымдары), банк немесе сақтандыру холдингтерінде, Қорда, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктері филиалдарының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары филиалдарының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру брокерлері филиалдарының басшы қызметкерлеріне қойылатын талаптарды, мінсіз іскерлік беделінің болмауы өлшемшарттарын және келісім алу үшін қажетті құжаттар тізбесін қоса алғанда,
қаржы ұйымдарының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктері филиалдарының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары филиалдарының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру брокерлері филиалдарының, банктік, сақтандыру холдингтерінің, «Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры» акционерлік қоғамының басшы қызметкерлерін тағайындауға (сайлауға) келісім беру қағидаларының 8-тармағында көрсетілген халықаралық қаржы ұйымдарының біреуінде, аудиторлық ұйымдарда, қаржы қызметтерін және (немесе) қаржы ұйымдарына аудит жүргізу жөніндегі қызметті реттеуді жүзеге асыратын уәкілетті органдарда және өзге де мемлекеттік органдарда (басқарма мүшесі, бірінші басшы немесе бірінші басшының орынбасары, мемлекеттік органның жауапты хатшысы лауазымында), сондай-ақ қаржы ұйымдарының басқару органдарындағы (оның ішінде сол елдің заңнамасы шеңберінде қаржы қызметін жүзеге асыру бойынша өкілеттіктері бар Қазақстан Республикасының бейрезидент қаржы ұйымдары), банк немесе сақтандыру холдингтерінде, Қорда мүшелігі туралы мәліметтер, күні, айы, жылы көрсетіледі. Қалған жағдайларда жылы көрсетіледі
** егер қаржы ұйымы Қазақстан Республикасының бейрезиденті болып табылса қаржы ұйымының тіркелген елі көрсетіледі.
*** қаржы ұйымының дербес құрылымдық бөлімшесінің (департаменттің, басқарманың, филиалдың) басшысы (басшының орынбасары) қаржы, басқарушы және (немесе) атқарушы директорының лауазымына орналасқан жағдайда жетекшілік ететін бөлімшелер, осы ұйымда қаржылық қызметтер көрсетуге байланысты мәселелер көрсетіледі;
аудиторлық қызмет саласында реттеуді жүзеге асыратын уәкілетті органда қаржы ұйымдарына аудит жүргізу бойынша қызметті реттеуге қатысты негізгі функционалдық міндеттемелер көрсетіледі.
6. Кандидаттың салықтар бойынша аудитті қоса алғанда, қаржы ұйымдарына аудит жүргізуге қатысу туралы мәліметтер:
____________________________________________________________________
(қаржы ұйымының атауы, аудит жүргізу мерзімі, сондай-ақ кандидаттың
____________________________________________________________________
аудит жүргізілген қаржылық есепке орындаушы аудитор ретінде (бар болса) қол қойған күні көрсетіледі.

7 7. Осы ұйымдағы және (немесе) басқа ұйымдардағы инвестициялық комитеттерде мүшелігі туралы мәліметтер:


Ке­зе­ңі (кү­ні, айы, жы­лы)
Ұй­ым­ның ата­уы
Ла­у­а­зы­мы
Жұ­мыстан шы­ға­ры­лу, ла­у­а­зым­нан боса­ты­лу се­беп­те­рі
1
2
3
4
5

8

8. Кандидат бұрын қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган банкті төлем жасау қабілеті жоқ банктер санатына жатқызу туралы, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын консервациялау не оның акцияларын мәжбүрлеп сатып алу, оны таратуға және (немесе) қаржы нарығында қызметті жүзеге асыруды тоқтатуға әкелген Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі филиалының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру брокері филиалының лицензиясынан айыру туралы шешім қабылдағанға дейінгі не Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалын, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалын, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру брокерінің филиалын мәжбүрлеп тарату немесе оны Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте банкрот деп тану туралы сот шешімі заңды күшіне енгенге дейінгі бір жылдан аспайтын кезеңде атқарушы органның басшысы, мүшесі (атқарушы органның функцияларын жеке өзі жүзеге асыратын тұлға), Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі филиалының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру брокері филиалының бас бухгалтері, жеке тұлға - ірі қатысушы, қаржы ұйымының заңды тұлға болып табылатын ірі қатысушысының (банктік, сақтандыру холдингінің) басшысы болған-болғандығы туралы мәліметтер.
_____________________________________________________________________
___________________________________________________________________
(иә (жоқ), ұйымның атауы, лауазымы, жұмыс кезеңі көрсетілсін)

9

9. Кандидат бұрын қатарынан төрт және одан да ұзақ кезең ішінде шығарылған эмиссиялық бағалы қағаздар бойынша купондық сыйақы төлеу бойынша дефолтқа жол берген не дефолт жіберілген шығарылған эмиссиялық бағалы қағаздар бойынша купондық сыйақы төлеу бойынша берешек сомасы төрт есе және (немесе) купондық сыйақының одан да көп мөлшерін құрайтын не шығарылған эмиссиялық бағалы қағаздар бойынша негізгі борышты төлеу бойынша дефолт мөлшері ақы төлеу күніне республикалық бюджет туралы заңда белгіленген айлық есептік көрсеткіштен оны мың есе асатын соманы құраған (Қор басшы қызметкерінің лауазымына кандидат толтырмайды) эмитент басқару органының басшысы, мүшесі, атқарушы органның басшысы, мүшесі, қаржы ұйымының бас бухгалтері, жеке тұлға болып табылатын ірі қатысушы (ірі акционер), басқару органының басшысы, мүшесі, атқару органының басшысы, мүшесі, заңды тұлға болып табылатын ірі қатысушы (ірі акционердің) бас бухгалтері
____________________________________________________________________
(иә (жоқ), ұйымның атауы, лауазымы, жұмыс кезеңі көрсетілсін)
10. Қаржы ұйымының, холдингтің, Қордың басшысы ретінде қаржы ұйымының, холдингтің, Қор қызметінің мәселелері бойынша сот талқылауларында жауапкер ретінде тартылған-тартылмағандығы
____________________________________________________________________
(иә (жоқ), күні, ұйымның атауы,
____________________________________________________________________
сот талқылауындағы жауапкердің атауы, қаралған мәселе заңды күшіне енген
____________________________________________________________________
сот шешімі көрсетілсін (ол шығарылған жағдайда)

11 11. Қаржы ұйымдарында, холдингте, Қорда жетекшілік ететін құрылымдық бөлімшелер және құжаттарға қол қоюға өкілетті кандидат туралы мәліметтер, растайтын құжаттарымен қоса беріледі (өзге басшы қызметкер лауазымына кандидат толтырады) ______________________________

12

12. Қаржы ұйымдарында, холдингте, Қорда жетекшілік ететін құрылымдық бөлімшелер туралы мәліметтер растайтын құжаттарымен қоса беріледі (қаржы ұйымдарының, холдингтің, Қордың тек қауіпсіздік мәселелеріне және (немесе) әкімшілік-шаруашылық мәселелеріне ғана жетекшілік ететін атқарушы органы мүшесінің лауазымына кандидат толтырады)
____________________________________________________________________

13 13. Тағайындалған (сайланған) күнге дейін үш жыл ішінде сыбайлас жемқорлық қылмысын жасағаны үшін жауапкершілікке және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық үшін тәртіптік жазаға тартылған-тартылмағаны (Қордың басшы қызметкері лауазымына кандидат толтырмайды)

____________________________________________________________________
(иә (жоқ), құқық бұзушылықтың, қылмыстың қысқаша сипаттамасы
____________________________________________________________________
жауапкершілікке тарту негіздерін көрсете отырып, тәртіптік жаза қолдану
____________________________________________________________________
туралы актінің немесе сот шешімінің деректемелері)
Осы ақпаратты тексергенімді және оның дәйекті және толық екендігін растаймын, сондай-ақ мінсіз іскерлік беделімнің болуын растаймын.
Мемлекеттік қызмет көрсетуге және заңмен қорғалатын, ақпараттық жүйелерде қамтылған мәліметтерді пайдалануға қажетті дербес деректерді жинауға және өңдеуге келісім беремін.
Тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса)
______________________________________________________________
(кандидат баспа қаріптерімен өз қолымен толтырады)
Қолы ______________________________________________________
Қаржы ұйымының, холдингтің, Қордың тәуелсіз директоры лауазымына кандидат толтырады:
Мен, __________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса)
тәуелсіз директор лауазымына тағайындау (сайлау) үшін «Акционерлік қоғамдар туралы» 2003 жылғы 13 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген талаптарға сәйкес келетінімді растаймын.
Қолы _________________
Күні _____________________

1.7 Комиссияның қаржы ұйымының, холдингтің, Қордың басшы қызметкері лауазымына кандидатты

Өзгерістер мен толықтырулар
енгізілетін қаржы нарығы мен
қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу,
бақылау және қадағалау саласында
мемлекеттік қызметтер көрсету
мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының
нормативтік құқықтық актілерінің
тізбесіне 7-қосымша
Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктері филиалдарының, Қазақстан Республикасының бейрезидент- сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары филиалдарының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру брокерлері филиалдарының басшы қызметкерлеріне қойылатын талаптарды, мінсіз іскерлік беделінің болмауы өлшемшарттарын және келісім алу үшін қажетті құжаттар тізбесін қоса алғанда, қаржы ұйымдарының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктері филиалдарының, Қазақстан Республикасының бейрезидент- сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары филиалдарының, Қазақстан Республикасының бейрезидент- сақтандыру брокерлері филиалдарының, банктік, сақтандыру холдингтерінің, «Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры» акционерлік қоғамының басшы қызметкерлерін тағайындауға (сайлауға) келісім беру қағидаларына
4-қосымша
Нысан
Комиссияның қаржы ұйымының, холдингтің,
Қордың басшы қызметкері лауазымына кандидатты
№ ___ Хаттама ____ жылғы «__»_________

Ко­мис­сия Тө­ра­ға­сы­ның те­гі, аты әке­сі­нің аты (ол бар бол­са)
Те­сті­ле­у­ге ша­қыр­май ке­лі­су
Те­сті­ле­у­ге жі­бе­ру және те­сті­леу оң нәти­же­сі болған кез­де ке­лі­су
Ке­лі­су­ден бас тар­ту
Ко­мис­сия мү­ше­ле­рі­нің те­гі, аты әке­сі­нің аты (ол бар бол­са)

Қолданыстағы