Мазмұнға өту Құжат мәтініне өту

О заведении новых санитарных паспортов на спецавтотранспорт единого образца

Өзге акт · № 60 · қабылданған 04.05.1998
Заңдық күші: Күшін жойған · 20.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-1529/on/2026-09-20/
Басып шығарылды 2026-09-20 · adilet.kz
О заведении новых санитарных паспортов на спецавтотранспорт единого образца Күшін жойған 04.05.1998 редакциясы
{# The accessible name CONTAINS the visible «A−» / «A+» instead of replacing it: speech control matches what a person can read on the button (WCAG 2.5.3). The header's language button is built the same way. #}
Белгілі бір күнгі редакция

О заведении новых санитарных паспортов на спецавтотранспорт единого образца

Күшін жойған Өзге акт № 60 20.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О заведении новых санитарных паспортов на спецавтотранспорт единого образца
Атауы (қаз.)
Бірыңғай үлгідегі арнаулы автокөліктерге жаңа санитарлық паспорт жүргізу туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
60
Қабылданған күні
04.05.1998
Көрсетілген редакция
04.05.1998 1529_237081.kaz
Соңғы өзгеріс
04.05.1998
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V98Z000018_
ЭКБ идентификаторы
1529
Редакция идентификаторы
1529_237081
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
05.08.2026 01:43
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
20.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 04.05.1998. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

0 Бірыңғай үлгідегі арнаулы автокөліктерге жаңа санитарлық паспорт жүргізу туралы

📌 Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы әкімінің 09.03.2004 № 11 шешімімен.
Қазақстан Республикасының 1994 жылғы 8 шілдедегі № 110-XIII «Тұрғындардың санитарлық-эпидемиологиялық жақсаруы туралы» Заңының 11,15,22,42 баптарына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 25 желтоқсандағы № 1621 «Қазақстан Республикасында автокөлікпен жүк және жолаушыларды тасымалдауды лицензиялаудың шарттары мен тәртібі туралы» қаулысына, Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 1997 жылғы 7 қазандағы № 10 Қазақстан Республикасы аумағында «Автокөлікке бірыңғай үлгідегі санитарлық паспорт беруді енгізу туралы» қаулысын және тұрғындар арасында кәсіби және жұқпалы аурулардың алдын-алу, инфекциялық профилактика жүргізу, сондай-ақ азық-түлік, сусын және ауыз су тасымалын қауіпсіз және сапасын жақсарту, жолаушылар тасымал қауіпсіздігін сақтау мақсатында ШЕШІМ ЕТЕМІН:

1. Тұрғындарға қызмет көрсететін, өндіріспен айналысатын, азық-түлік, азық-түлік шикізатын, сусын, ауыз су және жолаушылар тасымалымен шұғылданатын меншіктің барлық формасындағы ұйымдар мен мекемелердің, кәсіпорындардың басшылары, жеке және заңды тұлғалар арнаулы автокөліктердің тұрғындардың денсаулығын сақтау үшін қауіпсіздікті қамтамасыз ететін жаңа үлгідегі «Автокөліктерге санитарлық паспортты» ауыстыруды жүзеге асырсын.

2. Мемлекеттік санэпидемиялық бақылау органдарына бірыңғай үлгідегі «Автокөліктерге санитарлық паспортпен» қамтамасыз ету жауапкершілігі жүктелсін.

3. Облыстық санэпидстанциясы /Бирюков/ көлік инспекциясымен /Үмбеталиев/, жол полициясы басқармасымен /Маковский/ бірлесе отырып, облыс аумағында бірыңғай үлгідегі «Автокөліктерге санитарлық паспорт» енгізуді ұйымдастыруды және бақылауды қамтамасыз етсін.

4. Облыстық «Орал өңірі» /Қайырғалиев/, «Приуралье» /Кульпин/ тұрғындарды бірыңғай үлгідегі «Автокөліктерге санитарлық паспорт» жүргізу туралы хабардар етсін.

5. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасау облыс әкімінің орынбасары В.Алексеевке жүктелсін.