Құжат мәтініне өту

О переименовании улиц

Өзге акт · № 6 · қабылданған 11.02.2021
Заңдық күші: Қолданыста · 30.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-152933/on/2026-08-30/
Басып шығарылды 2026-08-30 · adilet.kz
О переименовании улиц Қолданыста Өзге акт ·№ 6 ·11.02.2021
11.02.2021 редакциясы
30.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 11.02.2021. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О переименовании улиц

Қолданыста Өзге акт ·№ 6 · 30.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О переименовании улиц
Атауы (қаз.)
Көшелерді қайта атау туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
6
Қабылданған күні
11.02.2021
Көрсетілген редакция
11.02.2021 152933_510729.kaz
Соңғы өзгеріс
11.02.2021
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V21CKC08055
ЭКБ идентификаторы
152933
Редакция идентификаторы
152933_510729
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 09:33

0 Көшелерді қайта атау туралы

Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының әкімшілік – аумақтық құрылысы туралы» Заңының 14 бабының 4) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 35 бабына сәйкес және Ақтөбе облысы әкімдігі жанындағы облыстық ономастика комиссиясының 2020 жылғы 22 қазандағы қорытындысы негізінде, тиісті аумақ халқының пікірін ескере отырып, Ш.Берсиев атындағы ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1 1. Ш.Берсиев атындағы ауылдық округінің келесі көшелері қайта аталсын:

Қаратал ауылындағы:
«Астана» көшесін «Абай» көшесіне;
«Қ.Ержанов» көшесін «Әбілқайыр хан» көшесіне.
Құмжарған ауылындағы:
«Ш.Берсиев» көшесін «Дінмұхамед Қонаев» көшесіне;
«Республика» көшесін «Бекет ата» көшесіне.
Қарасу ауылындағы:
«Ш.Берсиев» көшесін «Ахмет Жұбанов» көшесіне;
«Бейбітшілік» көшесін «Бауыржан Момышұлы» көшесіне.

2 2. «Ақтөбе облысы Ойыл ауданы Шығанақ Берсиев атындағы ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:

1 1) осы шешімді Ақтөбе облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді;

2 2) осы шешімді оны ресми жариялағаннан кейін Ойыл ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

4 4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы