О некоторых вопросах некоммерческого акционерного общества «Евразийский национальный университет имени Л.Н. Гумилева»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О некоторых вопросах некоммерческого акционерного общества «Евразийский национальный университет имени Л.Н. Гумилева»
- Атауы (қаз.)
- «Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамының кейбір мәселелері туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 64
- Қабылданған күні
- 15.02.2021
- Көрсетілген редакция
- 15.02.2021 152937_512869.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 15.02.2021
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- P2100000064
- ЭКБ идентификаторы
- 152937
- Редакция идентификаторы
- 152937_512869
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 09:32
0 «Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамының кейбір мәселелері туралы
«Мемлекеттік мүлік туралы» 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңы 114-бабының 1-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. «Ядролық технологиялар паркі» акционерлік қоғамы акцияларының 100 (бір жүз) процент мөлшеріндегі мемлекеттік пакеті «Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамының акцияларын төлеуге берілсін.
2 2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігімен бірлесіп, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы қаулыны іске асыру үшін қажетті шараларды қабылдасын.
3 3. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір қаулыларына енгізілетін өзгерістер бекітілсін.
4 4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
1 Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір қаулыларына енгізілетін өзгерістер
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2021 жылғы « »
№ қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір қаулыларына енгізілетін өзгерістер
1 1. «Акциялардың мемлекеттік пакеттеріне мемлекеттік меншіктің түрлері және ұйымдарға қатысудың мемлекеттік үлестері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 12 сәуірдегі № 405 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., № 13, 124-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген акцияларының мемлекеттік пакеттері мен қатысу үлестері республикалық меншікте қалатын акционерлік қоғамдар мен шаруашылық серіктестіктердің тізбесінде:
«Шығыс Қазақстан облысы» деген бөлімде:
реттік нөмірі 165-10-жол алып тасталсын.
2 2. «Республикалық меншіктегі ұйымдар акцияларының мемлекеттік пакеттері мен мемлекеттік үлестеріне иелік ету және пайдалану жөніндегі құқықтарды беру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 27 мамырдағы № 659 қаулысында:
көрсетілген қаулымен бекітілген иелік ету және пайдалану құқығы салалық министрліктерге, өзге де мемлекеттік органдарға берілетін республикалық меншік ұйымдарындағы акциялардың мемлекеттік пакеттерінің және қатысудың мемлекеттік үлестерінің тізбесінде:
«Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі» деген бөлімде:
реттік нөмірі 20-11-жол алып тасталсын.
3 3. «Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 19 қыркүйектегі № 994 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2014 ж., № 55-56, 544-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі туралы ережеде:
Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің қарамағындағы ұйымдардың тізбесінде:
реттік нөмірі 4-жол алып тасталсын.