Құжат мәтініне өту

О внесении изменения и дополнения в некоторые решения Правительства Республики Казахстан

Қаулы · № 76 · қабылданған 18.02.2021
Заңдық күші: Қолданыста · 18.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-152961/on/2026-08-18/
Басып шығарылды 2026-08-18 · adilet.kz
О внесении изменения и дополнения в некоторые решения Правительства Республики Казахстан Қолданыста Қаулы ·№ 76 ·18.02.2021
03.06.2022 редакциясы
18.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 03.06.2022. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменения и дополнения в некоторые решения Правительства Республики Казахстан

Қолданыста Қаулы ·№ 76 · 18.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменения и дополнения в некоторые решения Правительства Республики Казахстан
Атауы (қаз.)
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне өзгерiс пен толықтыру енгiзу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
76
Қабылданған күні
18.02.2021
Көрсетілген редакция
03.06.2022 152961_578286.kaz
Соңғы өзгеріс
03.06.2022
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
P2100000076
ЭКБ идентификаторы
152961
Редакция идентификаторы
152961_578286
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 09:30

0 Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне өзгерiс пен толықтыру енгiзу туралы

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешiмдерiне мынадай өзгеріс пен толықтыру енгізілсін:

1

2 2) «Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына сәйкес сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1165 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2015 ж., № 83-84, 607-құжат):

көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына сәйкес сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесі мынадай мазмұндағы 9-тармақпен толықтырылсын:
«9. «ЮНЕСКО аясындағы Орталық Азия өңірлік гляциологиялық орталығы (2-санат)» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі (бұдан әрі – Орталық), Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің «География және су қауіпсіздігі институты» акционерлік қоғамы (бұдан әрі – акционерлік қоғам) 2012 жылғы 29 мамырда Астанада жасалған, 2017 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңымен ратификацияланған Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Білім, ғылым және мәдениет мәселелері жөніндегі Біріккен Ұлттар Ұйымы (ЮНЕСКО) арасындағы Қазақстан Республикасында Орталық Азия өңірлік гляциологиялық орталығын құру (2-санат) туралы келісімге сәйкес қызметінің негізгі мәні бойынша сатып алатын тауарлар, жұмыстар және көрсетілетін қызметтер:
1) акционерлік қоғам мен Орталықтың жұмыс істеуі үшін қажетті тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер: арнайы киім, шығыс материалдары, жанар-жағармай материалдары, стационарларды қамтамасыз етуге арналған отын мен көмір, жету қиын биік таулы жерлерде жұмыс істеуге арналған экспедициялық және арнайы керек-жарақтар;
2) ұйымдастыру техникасы, компьютерлер, өлшеу аспаптары, метеорологиялық жабдық пен аспаптар, зертханалық жабдық, пилотсыз ұшу аппараттары (дрон), экспедициялық зерттеулерге қызмет көрсетуге арналған арнайы машиналар мен жүріп өту мүмкіндігі жоғары автокөлік техникасы;
3) техникалық қолдауымен ArcGIS (ESRI) үстелдік және серверлік бағдарламалары;
4) серверлік бағдарламалық қамтылымды өрістетуге арналған серверлер;
5) талшықты-оптикалық кәбілді, байланыс жабдығын орнату, әкімшілік ғимарат пен ғылыми стационарлар үшін құрылымдалған кәбілдік желіні монтаждау жөніндегі көрсетілетін қызметтер мен жұмыстар;
6) Орталық Азия өңірінің биік таулы аудандарында Орталықтың зерттеу бағдарламаларын қамтамасыз ету мақсатында үй-жайларды, жабдықтарды, техниканы, автокөлік құралдарын жалға алу;
7) әкімшілік ғимараттың және ғылыми стационарлардың қызметтік үй-жайларын офистік жиһазбен, жабдықпен, аспаптармен және шығыс материалдарымен жарақтандыру, үй-жайларды, өлшеу аспаптарын/жабдықтарды және автокөлік техникасын жөндеуге арналған пайдалану шығыстары;
8) ғылыми-ұйымдастырушылық сүйемелдеу: ғылыми мақалаларды жариялау, жинақтарды, монографияларды, атластарды, мерзімді журналдарды басып шығару, патенттеу және талдамалық материалдарды сатып алу;
9) Қазақстан Республикасының аумағындағы дүлей табиғи қауіптер: селдер, көшкіндер, су тасқыны және басқа да төтенше гидрометеорологиялық құбылыстар, су және экологиялық қауіпсіздік қатерлеріне байланысты ғылыми-қолданбалы жұмыстар;

10 10) Орталықтың әкімшілік ғимаратын және ғылыми стационарларды салу үшін қажетті тауарлар, жұмыстар және көрсетілетін қызметтер.».

2 2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы