Құжат мәтініне өту

Об определении условий, объема и целевого назначения выпуска государственных ценных бумаг местным исполнительным органом города Шымкент

Бұйрық · № 136 · қабылданған 22.02.2021
Заңдық күші: Қолданыста · 13.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-153039/on/2026-08-13/
Басып шығарылды 2026-08-13 · adilet.kz
Об определении условий, объема и целевого назначения выпуска государственных ценных бумаг местным исполнительным органом города Шымкент Қолданыста Бұйрық ·№ 136 ·22.02.2021
22.02.2021 редакциясы
13.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 22.02.2021. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об определении условий, объема и целевого назначения выпуска государственных ценных бумаг местным исполнительным органом города Шымкент

Қолданыста Бұйрық ·№ 136 · 13.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об определении условий, объема и целевого назначения выпуска государственных ценных бумаг местным исполнительным органом города Шымкент
Атауы (қаз.)
Шымкент қаласы жергілікті атқарушы органының мемлекеттік бағалы қағаздар шығаруының шарттарын, көлемін және нысаналы мақсатын айқындау туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
136
Қабылданған күні
22.02.2021
Көрсетілген редакция
22.02.2021 153039_513994.kaz
Соңғы өзгеріс
22.02.2021
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V2100022248
ЭКБ идентификаторы
153039
Редакция идентификаторы
153039_513994
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 09:28

0 Шымкент қаласы жергілікті атқарушы органының мемлекеттік бағалы қағаздар шығаруының шарттарын, көлемін және нысаналы мақсатын айқындау туралы

2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 212-бабына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 2 қазандағы № 1520 қаулысымен бекітілген Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органының ішкі нарықта айналысқа жіберу үшін бағалы қағаздар шығару қағидаларының 8-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1 1. Шымкент қаласы жергілікті атқарушы органының ішкі нарықта айналысқа жіберуі үшін мемлекеттік бағалы қағаздар шығаруының мынадай шарттары, көлемі және нысаналы мақсаты айқындалсын:

1 1) шарттар:

мемлекеттік бағалы қағаздарды шығару жылы – 2021 жыл;
бағалы қағаздардың түрі – орта мерзімді бағалы қағаздар;

2 2) көлемі – 14 000 000 000 (он төрт миллиард) теңгеден артық емес;

3 3) нысаналы мақсаты – бюджет тапшылығын қаржыландыру мақсатында.

2 2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік қарыз алу департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттік тіркелуін;

2 2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

3

3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

3 3.  Осы бұйрық мемлекеттік тiркелген күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

Қолданыстағы