Об определении размера и порядка оказания жилищной помощи в Есильском районе
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об определении размера и порядка оказания жилищной помощи в Есильском районе
- Атауы (қаз.)
- Есіл ауданында тұрғын үй көмегін көрсету мөлшерін және тәртібін айқындау туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 2/2
- Қабылданған күні
- 15.02.2021
- Көрсетілген редакция
- 15.09.2023 153075_654028.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 15.09.2023
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V21BK008366
- ЭКБ идентификаторы
- 153075
- Редакция идентификаторы
- 153075_654028
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 09:32
0 Есіл ауданында тұрғын үй көмегін көрсету мөлшерін және тәртібін айқындау туралы
Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының 97 бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 бабына сәйкес, Есіл аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1 1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Есіл ауданында тұрғын үй көмегін көрсету мөлшері және тәртібі айқындалсын.
2 2. Күші жойылды деп танылсын:
Есіл аудандық мәслихатының «Есіл ауданында тұратын, аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету тәртібін және мөлшерін айқындау туралы» 2019 жылғы 18 қаңтардағы № 44/2 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7055 тіркелген, 2019 жылғы 30 қаңтарда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған);
Есіл аудандық мәслихатының «Есіл аудандық мәслихатының 2019 жылғы 18 қаңтардағы № 44/2 «Есіл ауданында тұратын, аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету тәртібін және мөлшерін айқындау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы» 2020 жылғы 6 наурыздағы № 66/2 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7730 тіркелген, 2020 жылғы 18 наурызда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған).
3 3. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
Есіл ауданының әкімдігі
0 Есіл ауданында тұрғын үй көмегін көрсету мөлшері және тәртібі
Есіл аудандық мәслихатының
2021 жылғы 15 ақпандағы
№ 2/2 шешіміне
қосымша
Есіл ауданында тұрғын үй көмегін көрсету мөлшері және тәртібі
1 1-тарау. Жалпы ережелер
1
1. Тұрғын үй көмегі жергiлiктi бюджет қаражаты есебiнен Қазақстан Республикасының аумағындағы жалғыз тұрғынжай ретінде меншік құқығында тұрған тұрғынжайда тұрақты тіркелген және тұратын аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға), сондай-ақ мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғынжайды және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғынжайды жалдаушыларға (қосымша жалдаушыларға) Есіл ауданында тұратындарға беріледі.
2 2. Тұрғын үй көмегін тағайындауды уәкілетті орган – «Есіл аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - уәкілетті орган) жүзеге асырады.
2 2-тарау. Тұрғын үй көмегін көрсету мөлшері
3 3. Отбасының (азаматтың) жиынтық табысын уәкілетті орган қолданыстағы заңнамамен айқындалатын тәртіпте тұрғын үй көмегін тағайындауға өтініш берген тоқсанның алдындағы тоқсанға есептейді.
4 4. Шекті жол берілетін шығыстардың үлесі:
кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға, оның ішінде кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге жұмсалатын шығыстарды;
коммуналдық қызметтерді және телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының ұлғаюы бөлігінде байланыс қызметтерін тұтынуға;
мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғынжайды және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалға алған тұрғынжайды пайдаланғаны үшін шығыстарды төлеуге отбасының (азаматтың) жиынтық табысына 10 (он) пайыз мөлшерінде белгіленеді.
Аз қамтылған отбасылардың (азаматтардың) тұрғын үй көмегiн есептеуге қабылданатын шығыстары жоғарыда көрсетiлген бағыттардың әрқайсысы бойынша шығыстардың сомасы ретiнде айқындалады.
5
5. Тұрғын үй көмегі кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға, оның ішінде кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге жұмсалатын шығыстарды, коммуналдық қызметтерді және телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының ұлғаюы бөлігінде байланыс қызметтерін тұтынуға, мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғынжайды және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалға алған тұрғынжайды пайдаланғаны үшін шығыстарды төлеуге арналған шығыстарға ақы төлеу сомасы мен отбасылардың (азаматтардың) осы мақсаттарға жұмсайтын шығыстарының жергiлiктi өкiлдi орган белгiлеген шектi жол берiлетiн деңгейiнiң арасындағы айырма ретiнде айқындалады.
6 6. Өтемақы шараларымен қамтамасыз етілетін тұрғын үй алаңының нормасы адамға 18 (он сегіз) шаршы метр болып қабылданады. Жалғыз тұратын азаматтар үшін өтемақы шараларымен қамтамасыз етілген тұрғын үй алаңының нормасы 30 (отыз) шаршы метр болып қабылданады.
7 7. Өтемақы шараларымен қамтамасыз етілетін, электр энергиясы шығысының нормасы үшін айына бір адамға 101 (жүз бір) киловатт болып белгіленеді.
8
8. Телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының өсуі бөлігінде байланыс қызметтер өтемақысы «Әлеуметтік тұрғыдан қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифінің көтерілуіне өтемақы төлеудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 14 сәуірдегі № 512 қаулысымен бекітілген Әлеуметтік тұрғыдан қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифінің көтерілуіне өтемақы төлеудің ережесіне сәйкес жүргізіледі.
3 3-тарау. Тұрғын үй көмегін көрсету тәртібі
9
9. Аз қамтылған отбасы (азамат) (не нотариат куәландырған сенімхат бойынша оның өкілі) тұрғын үй көмегін тағайындау үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы «Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы» № 2314 қаулысымен бекітілген Тұрғын үй көмегін көрсету ережесіне сәйкес, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясына және/немесе «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы өтініш береді.
10
10. Жеке меншігінде бір бірліктен артық тұрғын үйі (пәтерлер, үйлер) бар немесе тұрғын үй-жайларды жалдауға (қосымша жалдауға) беруші отбасыларды (азаматтарды) қоспағанда, тұрғын үй көмегін тағайындау толық ағымдағы тоқсанға жүргізіледі, бұл ретте отбасының (азаматтың) өткен тоқсандағы жиынтық табысы мен коммуналдық қызметтерінің шығындары есепке алынады.