О предоставлении бесплатного проезда гражданам Республики Казахстан за пределы населенного пункта постоянного проживания для получения высокотехнологичных медицинских услуг в рамках гарантированного объема бесплатной медицинской помощи и (или) медицинской помощи в системе обязательного социального медицинского страхования
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О предоставлении бесплатного проезда гражданам Республики Казахстан за пределы населенного пункта постоянного проживания для получения высокотехнологичных медицинских услуг в рамках гарантированного объема бесплатной медицинской помощи и (или) медицинской помощи в системе обязательного социального медицинского страхования
- Атауы (қаз.)
- Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде жоғары технологиялық медициналық көрсетілетін қызметтерді және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық көмекті алу үшін Қазақстан Республикасының азаматтарына тұрақты тұратын елді мекеннен тысқары жерлерге тегін жол жүруді ұсыну туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 35
- Қабылданған күні
- 25.02.2021
- Көрсетілген редакция
- 25.02.2021 153081_511543.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 25.02.2021
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V21K0006216
- ЭКБ идентификаторы
- 153081
- Редакция идентификаторы
- 153081_511543
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 09:25
0
Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде жоғары технологиялық медициналық көрсетілетін қызметтерді және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық көмекті алу үшін Қазақстан Республикасының азаматтарына тұрақты тұратын елді мекеннен тысқары жерлерге тегін жол жүруді ұсыну туралы
Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 7 шілдедегі «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодексіне, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», 2016 жылғы 6 сәуірдегі «Құқықтық актілер туралы» заңдарына сәйкес Қарағанды облыстық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
1
1. Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде жоғары технологиялық медициналық көрсетілетін қызметтерді және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық көмекті алу үшін Қазақстан Республикасының азаматтарына тұрақты тұратын елді мекеннен тысқары жерлерге тегін жол жүру (бару және кері қайту) берілсін.
2 2. Дәрігерлік-кеңес комиссиясының анықтамасында ілесіп жүру жөніндегі ұсынысы қолда бар болғанда, жолақы құнының 100 пайыз көлемінде науқаспен ілесіп жүретін бір тұлғаға жергілікті бюджеттің есебінен тегін жол жүру (бару және кері қайту) берілсін.
3 3. Науқастың және ілесіп жүретін тұлғаның емделуге жол жүру құнын төлеу Қарағанды облысының Денсаулық сақтау басқармасы беретін жолдаманың негізінде, темір жол көлігінде - плацкарт вагонының тарифі бойынша, қалааралық автомобиль көлігінде - жол жүрудің нақты құны бойынша жүргізілсін.
4
4. Қарағанды облыстық мәслихатының 2009 жылғы 12 желтоқсандағы № 266 «Қазақстан Республикасындағы емдеу – алдын алу және басқа да денсаулық сақтау мекемелерінде емделу үшін Қарағанды облысының азаматтарына тегін немесе жеңілдікпен жол жүруді қамтамасыз ету туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1875 болып тіркелген, 2010 жылғы 16 қаңтардағы № 5 (20868) «Индустриальная Караганда» және 2010 жылғы 16 қаңтардағы № 5-6 (20791) «Орталық Қазақстан» газеттерінде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.