О признании утратившими силу некоторых постановлении акимата Каргалинского района
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О признании утратившими силу некоторых постановлении акимата Каргалинского района
- Атауы (қаз.)
- Қарғалы ауданы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп тану туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 30
- Қабылданған күні
- 24.02.2021
- Көрсетілген редакция
- 24.02.2021 153086_511258.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 24.02.2021
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V21CF008065
- ЭКБ идентификаторы
- 153086
- Редакция идентификаторы
- 153086_511258
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 09:26
0 Қарғалы ауданы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп тану туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31, 37 баптарына және Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі «Құқықтық актілер туралы» Заңының 27 бабына сәйкес, Қарғалы ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Қарғалы ауданы әкімдігінің келесі қаулыларының күші жойылды деп танылсын:
1
1) Қарғалы ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 31 желтоқсандағы № 237 «Қарғалы ауданы бойынша мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, ата-ана төлемақысының мөлшерін бекіту туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 6645 болып тіркелген, 2020 жылғы 8 қаңтарда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі Эталондық бақылау банкінде жарияланған) қаулысы;
2
2) Қарғалы ауданы әкімдігінің 2020 жылғы 17 тамыздағы № 148 «Қарғалы ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 31 желтоқсандағы № 237 «Қарғалы ауданы бойынша мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, ата-ана төлемақысының мөлшерін бекіту туралы» қаулысына өзгеріс енгізу туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 7333 болып тіркелген, 2020 жылғы 21 тамызда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі Эталондық бақылау банкінде жарияланған) қаулысы.