Об установлении публичного сервитута
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об установлении публичного сервитута
- Атауы (қаз.)
- Қауымдық сервитут белгілеу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 46
- Қабылданған күні
- 23.02.2021
- Көрсетілген редакция
- 23.02.2021 153100_510950.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 23.02.2021
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V21M0004460
- ЭКБ идентификаторы
- 153100
- Редакция идентификаторы
- 153100_510950
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 09:27
0 Қауымдық сервитут белгілеу туралы
Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексіне сәйкес Маңғыстау облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес «Жаңаөзен-Жетыбай-Ақтау» магистральдық газ құбырының желілік бөлігін пайдалану үшін Маңғыстау облысының Ақтау және Жаңаөзен қалаларының, Қарақия, Мұнайлы және Маңғыстау аудандарының әкімшілік шекараларында орналасқан жалпы көлемі 151,9568 гектар жер учаскелеріне «ҚазТрансГаз Аймақ» акционерлік қоғамына жер учаскелерін меншік иелері мен жер пайдаланушылардан алып қоймастан 49 (қырық тоғыз) жыл мерзімге қауымдық сервитут белгіленсін.
2 2. «Маңғыстау облысының жер қатынастары басқармасы» мемлекеттік мекемесі (Е.Д. Дүзмағамбетов):
осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін;
бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін;
осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.
3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау Маңғыстау облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4 4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
0 «Жаңаөзен-Жетыбай-Ақтау» магистральды газ құбырын пайдалану үшін қауымдық сервитут белгіленетін жер учаскелерінің көлемі
Маңғыстау облысы
әкімдігінің
2021 жылғы 23 ақпандағы
№ 46 қаулысына қосымша
«Жаңаөзен-Жетыбай-Ақтау» магистральды газ құбырын пайдалану үшін қауымдық сервитут белгіленетін жер учаскелерінің көлемі
№
Жер учаскесінің орналасқан жері
Қауымдық сервитутпен белгіленген жерлер, гектар
Жер санаты
1
Ақтау қаласы
0,0848
Елді мекендердің жерлері
0,0859
0,0759
2
Жаңаөзен қаласы
0,3239
3,876
4,6843
0,1528
10,7386
0,3637
6,5419
0,1082
3
Мұнайлы ауданы
8,0552
Босалқы жерлер
8,0574
7,9369
4,5911
4,5456
4,5953
5,2184
Елді мекендердің жерлері
5,2511
5,2402
4
Қарақия ауданы
6,7932
1,3504
6,6769
1,3558
6,5234
0,9413
0,3110
0,3929
12,0206
Босалқы жерлер
12,0252
12,0204
5
Маңғыстау ауданы
3,6957
3,6646
3,6582
Барлығы
151,9568