Об объявлении чрезвычайной ситуации техногенного характера местного масштаба
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об объявлении чрезвычайной ситуации техногенного характера местного масштаба
- Атауы (қаз.)
- Жергілікті ауқымда техногендік сипаттағы төтенше жағдай жариялау туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 01
- Қабылданған күні
- 01.03.2021
- Көрсетілген редакция
- 01.03.2021 153217_511264.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 01.03.2021
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V21KB006220
- ЭКБ идентификаторы
- 153217
- Редакция идентификаторы
- 153217_511264
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 09:24
0 Жергілікті ауқымда
техногендік сипаттағы төтенше
жағдай жариялау туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 33 бабының 1 тармағының 13) тармақшасына, «Азаматтық қорғау туралы» Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 11 сәуірдегі Заңының 48 бабына және 50 бабының 2 тармағының 2) тармақшасына, Жезқазған қаласының төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөніндегі комиссия отырысының 2021 жылғы 01 ақпандағы №1 хаттамасы негізінде, Жезқазған қаласының әкімі ШЕШТІ:
1
1. Авариялық жағдайдың туындау қаупіне байланысты, адам өліміне әкеп соқтыруы мүмкін Жезқазған қаласының Абай көшесіндегі №53, 55, 57, 59, 63, 69 көп пәтерлі үйлерде, Байқоңыров көшесіндегі №22, 26, 28, 30, 32, 34, 36, 42, 44, 48, 50 көп пәтерлі үйлерде, Омаров көшесі, №30 көп пәтерлі үйде, Некрасов көшесі, №13 көп пәтерлі үйде, Бейбітшілік көшесі, №3 көп пәтерлі үйде, Алашахан көшесі, №24 (4-кіреберіс) көп пәтерлі үйде, Жеңіс көшесі, №11 көп пәтерлі үйде, Шевченко көшесі, 23 (1-ші кіреберіс) көп пәтерлі үйде, Железнодорожная көшесі, №19 көп пәтерлі үйде жергілікті ауқымда техногендік сипаттағы төтенше жағдай жариялансын.