Құжат мәтініне өту

Об утверждении порядка и размера оказания социальной поддержки из средств местного бюджета по оплате коммунальных услуг и приобретению топлива специалистам государственных организаций здравоохранения, социального обеспечения, образования, культуры, спорта и ветеринарии, проживающим и работающим в сельских населенных пунктах Нуринского района

Өзге акт · № 17 · қабылданған 19.02.2021
Заңдық күші: Қолданыста · 30.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-153254/on/2026-08-30/
Басып шығарылды 2026-08-30 · adilet.kz
Об утверждении порядка и размера оказания социальной поддержки из средств местного бюджета по оплате коммунальных услуг и приобретению топлива специалистам государственных организаций здравоохранения, социального обеспечения, образования, культуры, спорта и ветеринарии, проживающим и работающим в сельских населенных пунктах Нуринского района Қолданыста Өзге акт ·№ 17 ·19.02.2021
30.06.2022 редакциясы
30.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 30.06.2022. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении порядка и размера оказания социальной поддержки из средств местного бюджета по оплате коммунальных услуг и приобретению топлива специалистам государственных организаций здравоохранения, социального обеспечения, образования, культуры, спорта и ветеринарии, проживающим и работающим в сельских населенных пунктах Нуринского района

Қолданыста Өзге акт ·№ 17 · 30.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении порядка и размера оказания социальной поддержки из средств местного бюджета по оплате коммунальных услуг и приобретению топлива специалистам государственных организаций здравоохранения, социального обеспечения, образования, культуры, спорта и ветеринарии, проживающим и работающим в сельских населенных пунктах Нуринского района
Атауы (қаз.)
Нұра ауданының ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария мемлекеттік ұйымдарының мамандарына коммуналдық көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдауды жергілікті бюджет қаражатынан тағайындау тәртібі мен мөлшерін бекіту туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
17
Қабылданған күні
19.02.2021
Көрсетілген редакция
30.06.2022 153254_582503.kaz
Соңғы өзгеріс
30.06.2022
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V21KN006227
ЭКБ идентификаторы
153254
Редакция идентификаторы
153254_582503
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 09:29

0 Нұра ауданының ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет,

спорт және ветеринария мемлекеттік ұйымдарының мамандарына коммуналдық көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдауды жергілікті бюджет қаражатынан тағайындау тәртібі мен мөлшерін бекіту туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабының 1-тармағының 15) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Заңына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі «Ветеринария туралы» Заңының 34-1-бабының 1-тармағының 2) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі «Білім туралы» Заңының 53-бабының 2-тармағының 2) тармақшасына сәйкес, аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:

1

1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Нұра ауданының ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария мемлекеттік ұйымдарының мамандарына коммуналдық көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдауды жергілікті бюджет қаражатынан тағайындау тәртібі мен мөлшері бекітілсін.

2 2. Қарағанды облысы Нұра аудандық мәслихатының:

13 сессиясының 2012 жылғы 12 қарашадағы № 129 «Әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және спорт мемлекеттік ұйымдарының ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін мамандарына отын сатып алуға әлеуметтік көмек беру туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 1994 болып тіркелген, «Нұра» газетінде 2012 жылғы 1 желтоқсандағы № 47 (5280) жарияланған);
32 сессиясының 2014 жылғы 25 қарашадағы № 338 «Нұра аудандық мәслихатының 13 сессиясының 2012 жылғы 12 қарашадағы № 129 «Әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және спорт мемлекеттік ұйымдарының ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін мамандарына отын сатып алуға әлеуметтік көмек беру туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 2887 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 8 қаңтарда, «Нұра» газетінде 2014 жылғы 27 желтоқсанда № 52 (5389) жарияланған) шешімдерінің күштері жойылды деп танылсын.

3 3. Осы шешімнің орындалуын бақылау Нұра аудандық мәслихатының экономика, қаржы, бюджет және өзін-өзі басқаруды дамыту жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.

4 4. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және оның алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

5 5. «Нұра ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі осы шешімді ресми жарияланғаннан кейін Нұра ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

0 Нұра ауданының ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария мемлекеттік ұйымдарының мамандарына коммуналдық көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдауды жергілікті бюджет қаражатынан тағайындау тәртібі мен мөлшері

Нұра аудандық
мәслихатының
2021 жылғы 19
ақпандағы
№ 17
шешіміне қосымша
Нұра ауданының ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария мемлекеттік ұйымдарының мамандарына коммуналдық көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдауды жергілікті бюджет қаражатынан тағайындау тәртібі мен мөлшері

1 1-тарау. Жалпы ережелер

1

1. Нұра ауданының ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария мемлекеттік ұйымдарының мамандарына коммуналдық көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдауды жергілікті бюджет қаражатынан тағайындау тәртібі мен мөлшері Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», 2005 жылғы 8 шілдедегі «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы», 2002 жылғы 10 шілдедегі «Ветеринария туралы», 2007 жылғы 27 шілдедегі «Білім туралы» Заңдарына сәйкес әзірленді және ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария мемлекеттік ұйымдарының мамандарына коммуналдық көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдауды жергілікті бюджет қаражатынан тағайындау тәртібін анықтайды.

2

2. Нұра ауданының ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария мемлекеттік ұйымдарының мамандарына коммуналдық көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау жылына бір рет төрт айлық есептік көрсеткіш көлемінде жергілікті бюджет қаражатынан «Нұра ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесімен (ары қарай – уәкілетті орган) тағайындалады және төленеді.

2 2-тарау. Тағайындау тәртібі

3 3. Денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария мемлекеттік ұйымдарының басшылары жыл сайын әлеуметтік қолдау алуға құқығы бар мамандардың тізімдерін жасап, оларды әр жылдың 15 сәуіріне дейін уәкілетті органға тапсырулары тиіс.

Әлеуметтік қолдау денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария мемлекеттік ұйымның басшылары бекіткен тізім негізінде мамандардан өтініштер талап етілмей, келесідей құжаттарды қоса бере отырып көрсетіледі:

1 1) жеке басын куәландыратын құжат көшірмесі (мамандар тізімін бекітетін мемлекеттік органдардың бірінші басшысы немесе оның міндеттерін орындайтын адам қолымен және мөрімен куәландырылған);

2 2) жұмыс орнынан анықтама (лауазымы көрсетілген);

3 3) екінші деңгейдегі банкте немесе банктік операцияларды жүргізуге тиісті лицензиясы бар ұйымдарда жеке шоттың болуын растайтын құжат.

4 4. Әлеуметтік қолдауды тағайындау үшін құжаттарды өңдеу мерзімі уәкілетті органға құжаттар тапсырылған күннен бастап 15 (он бес) күнтізбелік күнді құрайды.

5 5. Әлеуметтік қолдауды көрсету нәтижесі – төлем, қаржыландыру жоспарына сәйкес жылына бір рет жүргізіледі.

6 6. Әлеуметтік қолдауды тағайындаудан бас тартуға негіздеме:

1 1) 3 тармақта көрсетілген тізбе бойынша және (немесе) мерзімі өткен құжаттардың толық емес пакетін ұсыну;

2 2) екінші деңгейдегі банкте немесе банктік операцияларды жүргізуге тиісті лицензиясы бар ұйымдарда жеке шоттың дұрыс еместігі.

3 3-тарау. Әлеуметтік қолдауды төлеу

7 7. Әлеуметтік қолдау, екінші деңгейдегі банктер немесе банк операцияларының тиісті түрлеріне лицензиясы бар ұйымдар арқылы мамандардың жеке шоттарына аудару жолымен, ұсынылған құжаттарды өңдеу аяқталған күннен бастап 3 жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.

Қолданыстағы