Құжат мәтініне өту

Об установлении водоохранных зон и водоохранных полос реки Шолаккайын (левый берег), ручья Бутагора (правый берег) и ручья без названия в створе испрашиваемого земельного участка в Уланском районе Восточно-Казахстанской области и режима их хозяйственного использования

Қаулы · № 52 · қабылданған 03.03.2021
Заңдық күші: Қолданыста · 21.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-153295/on/2026-08-21/
Басып шығарылды 2026-08-21 · adilet.kz
Об установлении водоохранных зон и водоохранных полос реки Шолаккайын (левый берег), ручья Бутагора (правый берег) и ручья без названия в створе испрашиваемого земельного участка в Уланском районе Восточно-Казахстанской области и режима их хозяйственного использования Қолданыста Қаулы ·№ 52 ·03.03.2021
03.03.2021 редакциясы
21.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 03.03.2021. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об установлении водоохранных зон и водоохранных полос реки Шолаккайын (левый берег), ручья Бутагора (правый берег) и ручья без названия в створе испрашиваемого земельного участка в Уланском районе Восточно-Казахстанской области и режима их хозяйственного использования

Қолданыста Қаулы ·№ 52 · 21.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об установлении водоохранных зон и водоохранных полос реки Шолаккайын (левый берег), ручья Бутагора (правый берег) и ручья без названия в створе испрашиваемого земельного участка в Уланском районе Восточно-Казахстанской области и режима их хозяйственного использования
Атауы (қаз.)
Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданындағы сұралып отырған жер учаскесінің тұстамасындағы Шолаққайың өзенінің (сол жағалауы), Бутагора бұлағының (оң жағалауы) және атауы жоқ бұлақтың су қорғау аймақтары мен су қорғау белделерін және оларды шаруашылыққа пайдалану режимін белгілеу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
52
Қабылданған күні
03.03.2021
Көрсетілген редакция
03.03.2021 153295_513292.kaz
Соңғы өзгеріс
03.03.2021
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V21V0008433
ЭКБ идентификаторы
153295
Редакция идентификаторы
153295_513292
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 09:22

0 Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданындағы сұралып отырған жер учаскесінің тұстамасындағы Шолаққайың өзенінің (сол жағалауы), Бутагора бұлағының (оң жағалауы) және атауы жоқ бұлақтың су қорғау аймақтары мен су қорғау белделерін және оларды шаруашылыққа пайдалану режимін белгілеу туралы

Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 9 шілдедегі Су кодексінің 39, 116, 125, 145-1-баптарына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 27-бабы 1-тармағының 8-1) тармақшасына сәйкес, бекітілген жобалық құжаттама негізінде және су объектілерін тиісті санитарлық-гигиеналық және экологиялық талаптарға сәйкес күйде ұстау мақсатында, жер үсті суларының ластануын, қоқыстануы мен сарқылуын болғызбау, сондай-ақ өсімдіктер мен жануарлар дүниесін сақтау үшін, Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Мыналар:

1 1) осы қаулының қосымшасына сәйкес Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданындағы сұралып отырған жер учаскесінің тұстамасындағы Шолаққайың өзенінің (сол жағалауы), Бутагора бұлағының (оң жағалауы) және атауы жоқ бұлақтың су қорғау аймақтары мен су қорғау белдеулері;

2

2) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданындағы сұралып отырған жер учаскесінің тұстамасындағы Шолаққайың өзенінің (сол жағалауы), Бутагора бұлағының (оң жағалауы) және атауы жоқ бұлақтың су қорғау аймақтары аумағында шаруашылыққа пайдаланудың арнайы режимі және су қорғау белдеулері аумағында шектеулі шаруашылық қызметі режимі белгіленсін.

2

2. Шығыс Қазақстан облысы табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы бекітілген жобалық құжаттаманы Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген құзыретіне сәйкес шаралар қабылдау үшін Ұлан ауданының әкіміне және мемлекеттік жер кадастрында есепке алу және су қоры мен жер ресурстарының пайдаланылуына және қорғалуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру үшін арнайы уәкілетті мемлекеттік органдарға тапсырсын.

3 3. Облыстың табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіппен:

1 1) осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;

2 2) осы қаулының ресми жарияланғаннан кейін Шығыс Қазақстан облысы әкімінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің агроөнеркәсіптік кешен мәселелері жөніндегі орынбасарына жүктелсін.

4 4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Экология, геология және табиғи ресурстар
министрлігі Су ресурстары комитетінің
Су ресурстарын пайдалануды реттеу
және қорғау жөніндегі Ертіс бассейндік
инспекциясы басшысының міндетін атқарушы
______________ М. Иманжанов
2021 жылғы «___»_______________

10 Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданындағы сұралып отырған жер учаскесінің тұстамасындағы Шолаққайың өзенінің (сол жағалауы), Бутагора бұлағының (оң жағалауы) және атауы жоқ бұлақтың су қорғау аймақтары мен су қорғау белдеулері

Шығыс Қазақстан
облысы әкімдігінің
2021 жылғы 3 наурыздағы
№ 52 қаулысына
қосымша
Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданындағы сұралып отырған жер учаскесінің тұстамасындағы Шолаққайың өзенінің (сол жағалауы), Бутагора бұлағының (оң жағалауы) және атауы жоқ бұлақтың су қорғау аймақтары мен су қорғау белдеулері
Су объектісі
Су қорғау аймағы
Су қорғау белдеуі
Ұзындығы, км
Ауданы, га
Ені, м
Ұзындығы, км
Ауданы, га
Ені, м
1
2
3
4
5
6
7
Шолаққайың өзені
(сол жағалау)
2,26
114,3
500
2,3
23,1
100
Бутагора бұлағы
(оң жағалау)
2,76
167,3
315-500
3,59
36
100
Атауы жоқ бұлағы
(сол жағалау)
(оң жағалау)
0,795
0,796
20
20
500
500
0,547
0,541
3,8
3,7
100
100
Ескертпе:
Су қорғау аймақтары мен су қорғау белдеулерінің шекарасы мен ені бекітілген жобалық құжаттаманың картографиялық материалында көрсетілген.

Қолданыстағы