Об установлении публичного сервитута на земельный участок товариществу с ограниченной ответственностью «Нежинка-Ерке»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об установлении публичного сервитута на земельный участок товариществу с ограниченной ответственностью «Нежинка-Ерке»
- Атауы (қаз.)
- «Нежинка-Ерке» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне жер учаскесіне қауымдық сервитут белгілеу туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 10
- Қабылданған күні
- 04.03.2021
- Көрсетілген редакция
- 04.03.2021 153334_524698.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 04.03.2021
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V21SEJ07151
- ЭКБ идентификаторы
- 153334
- Редакция идентификаторы
- 153334_524698
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 09:21
0 «Нежинка-Ерке»
жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне
жер учаскесіне қауымдық сервитут белгілеу туралы
Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексінің 19-бабының 1-1) тармақшасына, 69-бабы 4-тармағының 2) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 35-бабы 1-тармағының 6) тармақшасына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның Нежинка ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1
1. «Нежинка-Ерке» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне Солтүстік Қазақстан облысы, Ғабит Мүсірепов атындағы аудан, Нежинка ауылдық округі, Нежинка ауылы мекенжайы бойынша орналасқан жер учаскелерін алып қоймастан, су құбыры және оған қызмет көрсету үшін жалпы алаңы 2,1659 гектар жер учаскесіне қауымдық сервитут белгіленсін.
2 2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Нежинка округінің әкімі
М. Дюселеков