Об установлении водоохранной зоны и водоохранной полосы ручья Егинбулак (левый берег) в створе испрашиваемых земельных участков в Уланском районе Восточно-Казахстанской области и режима их хозяйственного использования
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об установлении водоохранной зоны и водоохранной полосы ручья Егинбулак (левый берег) в створе испрашиваемых земельных участков в Уланском районе Восточно-Казахстанской области и режима их хозяйственного использования
- Атауы (қаз.)
- Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданындағы сұралып отырған жер учаскелері тұстамасындағы Егінбұлақ (сол жағалау) бұлағының су қорғау аймағы мен су қорғау белдеуін және оларды шаруашылыққа пайдалану режимін белгілеу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 59
- Қабылданған күні
- 04.03.2021
- Көрсетілген редакция
- 04.03.2021 153394_512800.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 04.03.2021
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V21V0008440
- ЭКБ идентификаторы
- 153394
- Редакция идентификаторы
- 153394_512800
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 09:21
0 Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданындағы сұралып отырған жер учаскелері тұстамасындағы Егінбұлақ (сол жағалау) бұлағының су қорғау аймағы мен су қорғау белдеуін және оларды шаруашылыққа пайдалану режимін белгілеу туралы
Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 9 шілдедегі Су кодексінің 39, 116, 125, 145-1-баптарына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 27-бабы 1-тармағының 8-1) тармақшасына сәйкес, бекітілген жобалық құжаттама негізінде және су объектілерін тиісті санитарлық-гигиеналық және экологиялық талаптарға сәйкес күйде ұстау мақсатында, жер үсті суларының ластануын, қоқыстануы мен сарқылуын болғызбау, сондай-ақ өсімдіктер мен жануарлар дүниесін сақтау үшін, Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Мыналар:
1 1) осы қаулының қосымшасына сәйкес Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданындағы сұралып отырған жер учаскелері тұстамасындағы Егінбұлақ (сол жағалау) бұлағының су қорғау аймағы мен су қорғау белдеуі;
2
2) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданындағы сұралып отырған жер учаскелері тұстамасындағы Егінбұлақ (сол жағалау) бұлағының су қорғау аймағы аумағында шаруашылыққа пайдаланудың арнайы режимі және су қорғау белдеуі аумағында шектеулі шаруашылық қызмет режимі белгіленсін.
2
2. Шығыс Қазақстан облысы табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы бекітілген жобалық құжаттаманы Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген құзыретіне сәйкес шаралар қабылдау үшін Ұлан ауданының әкіміне және мемлекеттік жер кадастрында есепке алу және су қоры мен жер ресурстарының пайдаланылуына және қорғалуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру үшін арнайы уәкілетті мемлекеттік органдарға тапсырсын.
3 3. Облыстың табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіппен:
1 1) осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;
2 2) осы қаулының ресми жарияланғаннан кейін Шығыс Қазақстан облысы әкімінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
4 4. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің агроөнеркәсіптік кешен мәселелері жөніндегі орынбасарына жүктелсін.
5 5. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Экология, геология және табиғи ресурстар
министрлігі Су ресурстары комитетінің
Су ресурстарын пайдалануды реттеу
және қорғау жөніндегі Ертіс бассейндік
инспекциясының басшысының міндетін атқарушы
______________ М. Иманжанов
2021 жылғы «___»_______________
10 Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданындағы сұралып отырған жер учаскелері тұстамасындағы Егінбұлақ (сол жағалау) бұлағының су қорғау аймағы мен су қорғау белдеуі
Шығыс Қазақстан
облысы әкімдігінің
2021 жылғы 4 наурыздағы
№ 59 қаулысына
қосымша
Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданындағы сұралып отырған жер учаскелері тұстамасындағы Егінбұлақ (сол жағалау) бұлағының су қорғау аймағы мен су қорғау белдеуі
Су объектісі, оның учаскесі
Су қорғау аймағы
Су қорғау белдеуі
Ұзындығы, км
Ауданы, га
Ені, м
Ұзындығы, км
Ауданы, га
Ені, м
1
2
3
4
5
6
7
Егінбұлақ бұлағы сол жақ жағалау
0,7738
26,2
500
0,388
3,5
100
Ескертпе:
Су қорғау аймағымен су қорғау белдеуінің шекаралары мен ені бекітілген жобалық құжаттаманың картографиялық материалында көрсетілген.