О некоторых вопросах вывоза сельскохозяйственных животных
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О некоторых вопросах вывоза сельскохозяйственных животных
- Атауы (қаз.)
- Ауыл шаруашылығы жануарларын әкетудің кейбір мәселелері туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 68
- Қабылданған күні
- 11.03.2021
- Көрсетілген редакция
- 11.03.2021 153427_513141.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 11.03.2021
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V2100022332
- ЭКБ идентификаторы
- 153427
- Редакция идентификаторы
- 153427_513141
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 09:17
0 Ауыл шаруашылығы жануарларын әкетудің кейбір мәселелері туралы
«Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігі туралы» 2012 жылғы 6 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағының 11) тармақшасына және 22-бабының 2-тармағына, «Сауда қызметін реттеу туралы» 2004 жылғы 12 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 18-бабына, 2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың 29-бабына, сондай-ақ көрсетілген Шартқа 7-қосымшаның 10-бөліміне сәйкес БҰЙЫРАМЫЗ:
1 1. Қазақстан Республикасының аумағынан алты ай мерзімге әкетуге тыйым салынған тауарлардың тізбесі бекітілсін.
2 2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) заңнамада белгіленген тәртіппен Еуразиялық экономикалық комиссияны осы бірлескен бұйрықтың 1-тармағын іске асыру бойынша шаралар қабылдау туралы хабардар етсін.
3 3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті (бұдан әрі – МКК) ветеринариялық сертификаттары болған жағдайда тауарларды кедендік рәсімдеуді жүзеге асырсын.
4 4. Министрліктің Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті МКК-мен өзара іс-қимыл жасай отырып, өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы бірлескен бұйрықтың 1-тармағының орындалуын қамтамасыз ету бойынша қажетті шаралар қабылдасын.
5 5. Министрліктің Мал шаруашылығы өнімдерін өндіру және қайта өңдеу департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1 1) осы бірлескен бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2 2) осы бірлескен бұйрықтың Министрліктің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
6 6. Осы бірлескен бұйрықтың орындалуын бақылау тиісті бағытқа жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы және қаржы вице-министрлеріне жүктелсін.
7 7. Осы бірлескен бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Сауда және интеграция министрлігі
0 Қазақстан Республикасының аумағынан алты ай мерзімге әкетуге тыйым салынған тауарлардың тізбесі
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2021 жылғы 11 наурыздағы № 207 мен
Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы министрінің
2021 жылғы 11 наурыздағы № 68
бірлескен бұйрығымен бекітілген
Қазақстан Республикасының аумағынан алты ай мерзімге әкетуге тыйым салынған тауарлардың тізбесі
Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметі тауарлық номенклатурасының коды
Тауардың атауы*
0102 21 100 0
0102 21 300 0
0102 21 900 0 - ден**
0102 29 210 0 - ден**
0102 29 290 0
0102 29 410 0 - ден**
0102 29 490 0
0102 29 510 0
0102 29 610 0
0102 29 690 0
0102 29 910 0 - ден**
0102 29 990 0 - ден**
Ірі қара малдың аналық басы
0104 10 100 0
0104 10 300 0
0104 10 800 0
0104 20 100 0
0104 20 900 0
Ұсақ малдың аналық басы
Ескертпе:
* Тыйым салуды қолдану мақсаттары үшін тауарлар тек қана Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметі тауарлық номенклатурасының (бұдан әрі – ЕАЭО СЭҚ ТН) кодтарымен айқындалады. Тауарлардың атаулары пайдалануға ыңғайлы болу үшін келтірілген.
** Тыйым салуды қолдану мақсаттары үшін тауарлар ЕАЭО СЭҚ ТН кодтарымен де, тауарлардың атауларымен де айқындалады.