Құжат мәтініне өту

Об установлении ограничительных мероприятий

Өзге акт · № 6 · қабылданған 05.03.2021
Заңдық күші: Күшін жойған · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-153428/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
Об установлении ограничительных мероприятий Күшін жойған Өзге акт ·№ 6 ·05.03.2021
10.06.2021 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 10.06.2021. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об установлении ограничительных мероприятий

Күшін жойған Өзге акт ·№ 6 · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об установлении ограничительных мероприятий
Атауы (қаз.)
Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
6
Қабылданған күні
05.03.2021
Көрсетілген редакция
10.06.2021 153428_528930.kaz
Соңғы өзгеріс
10.06.2021
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V21TEF04896
ЭКБ идентификаторы
153428
Редакция идентификаторы
153428_528930
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 09:20

0 Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 35 бабына, «Ветеринария туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі Заңының 10-1 бабының 7) тармақшасына сәйкес, «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Қызылқоға аудандық аумақтық инспекциясы» мемлекеттік мекемесінің бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2021 жылғы 1 наурыздағы № 11-10/58 ұсынысы негізінде Тасшағыл ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1 1. Тасшағыл ауылының «Жанас» шаруа қожалығының «Нұрмұқан» қыстағының аумағында мүйізді ірі қара малдары арасында құтырық ауруының пайда болуына байланысты шектеу іс-шаралары белгіленсін.

2

2. «Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасының «Қызылқоға аудандық ауруханасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнына (келісім бойынша), «Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті Атырау облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті Қызылқоға аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы» республикалық мемлекеттік мекемесі (келісім бойынша) осы шешімнен туындайтын қажетті шараларды алу ұсынылсын.

3 3. Осы шешімнің орындалысын бақылауды өзіме қалдырамын.

4 4. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді, ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы