Кіру
Құжат мәтініне өту

Об установлении ограничительных мероприятий

Өзге акт · № 6 · қабылданған 05.03.2021
Заңдық күші: Күшін жойған · 16.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-153428/on/2026-09-16/
Басып шығарылды 2026-09-16 · adilet.kz
Об установлении ограничительных мероприятий Күшін жойған Өзге акт ·№ 6 ·05.03.2021
10.06.2021 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
16.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 10.06.2021. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об установлении ограничительных мероприятий

Күшін жойған Өзге акт ·№ 6 · 16.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об установлении ограничительных мероприятий
Атауы (қаз.)
Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
6
Қабылданған күні
05.03.2021
Көрсетілген редакция
10.06.2021 153428_528930.kaz
Соңғы өзгеріс
10.06.2021
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V21TEF04896
ЭКБ идентификаторы
153428
Редакция идентификаторы
153428_528930
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 09:20

0 Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 35 бабына, «Ветеринария туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі Заңының 10-1 бабының 7) тармақшасына сәйкес, «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Қызылқоға аудандық аумақтық инспекциясы» мемлекеттік мекемесінің бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2021 жылғы 1 наурыздағы № 11-10/58 ұсынысы негізінде Тасшағыл ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1. Тасшағыл ауылының «Жанас» шаруа қожалығының «Нұрмұқан» қыстағының аумағында мүйізді ірі қара малдары арасында құтырық ауруының пайда болуына байланысты шектеу іс-шаралары белгіленсін.

2. «Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасының «Қызылқоға аудандық ауруханасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнына (келісім бойынша), «Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті Атырау облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті Қызылқоға аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы» республикалық мемлекеттік мекемесі (келісім бойынша) осы шешімнен туындайтын қажетті шараларды алу ұсынылсын.

3. Осы шешімнің орындалысын бақылауды өзіме қалдырамын.

4. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді, ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы