Об утверждении проекта (схемы) зонирования земель города Актобе
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении проекта (схемы) зонирования земель города Актобе
- Атауы (қаз.)
- Ақтөбе қаласының жерлерін аймақтарға бөлу жобасын (схемасын) бекіту туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 35
- Қабылданған күні
- 09.03.2021
- Көрсетілген редакция
- 09.03.2021 153455_513602.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 09.03.2021
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V21CA008094
- ЭКБ идентификаторы
- 153455
- Редакция идентификаторы
- 153455_513602
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 09:19
0 Ақтөбе қаласының жерлерін аймақтарға бөлу жобасын (схемасын) бекіту туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6,7-баптарына және Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер Кодексінің 8-бабына сәйкес, Ақтөбе қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1 1. Ақтөбе қаласының жерлерін аймақтарға бөлу жобасы (схемасы) осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін.
2
2. Ақтөбе қалалық мәслихатының 2019 жылғы 27 маусымдағы № 444 «Ақтөбе қаласының Бас жоспарында анықталған шекте жерге жер салығына базалық ставкаларды дифференциациялау мен бағалау аймақтары шекараларын белгілеу үшін Ақтөбе қаласы жерлерін аймақтарға бөлу схемасын бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6274 болып тіркелген, 2019 жылғы 13 шілдеде «Ақтөбе» және «Актюбинский вестник» газеттерінде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
3 3. «Ақтөбе қалалық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:
1 1) осы шешімді Ақтөбе облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді;
2 2) осы шешімді, оны ресми жариялағаннан кейін Ақтөбе қалалық мәслихатының интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
4 4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
7 Ақтөбе қалалық мәслихатының
2021 жылғы 9 наурыздағы
№ 35 шешіміне қосымша
Ақтөбе қаласының жерлерін аймақтарға бөлу жобасы (схемасы)