О внесении изменений в некоторые решения акима Ащынского сельского округа Байганинского района
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в некоторые решения акима Ащынского сельского округа Байганинского района
- Атауы (қаз.)
- Байғанин ауданы Ащы ауылдық округі әкімінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 16
- Қабылданған күні
- 10.03.2021
- Көрсетілген редакция
- 10.03.2021 153463_513157.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 10.03.2021
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V21CDA08100
- ЭКБ идентификаторы
- 153463
- Редакция идентификаторы
- 153463_513157
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 09:17
0 Байғанин ауданы Ащы ауылдық округі әкімінің кейбір шешімдеріне
өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 35 бабына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі «Құқықтық актілер туралы» Заңының 50 бабына сәйкес, Байғанин ауданы Ащы ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1 1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес, Байғанин ауданы Ащы ауылдық округі әкімінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізілсін.
2 2. «Ақтөбе облысы Байғанин ауданы Ащы ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:
1 1) осы шешімді Ақтөбе облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді;
2 2) осы шешімді оны ресми жариялағаннан кейін Байғанин аудандық әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3 3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
6 Ащы ауылдық округі әкімінің
2021 жылғы 10 наурыздағы
№ 16 шешіміне қосымша
Байғанин ауданы Ащы ауылдық округі әкімінің шешімдеріне
енгізілетін өзгерістер
1
1) Байғанин ауданы Ащы ауылдық округі әкімінің 2011 жылғы 14 қазандағы № 10 «Ащы ауылдық округінің Ноғайты ауылының көшелеріне атаулар беру туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3-4-127 болып тіркелген, 2011 жылғы 13 қарашада «Жем-Сағыз» газетінде жарияланған) шешімінде:
көрсетілген шешімнің орыс тіліндегі деректемелерінде, тақырыбында және бүкіл мәтіні бойынша «Ащинского» сөзі «Ащынского» сөзімен ауыстырылсын, қазақ тіліндегі мәтіні өзгермейді;
кіріспесі келесі жаңа редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 35 бабының 2 тармағына, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Заңының 14 бабының 4) тармақшасына сәйкес және тиісті аумақ халқының пікірін ескере отырып, Байғанин ауданы Ащы ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:»;
2 тармақтағы «өз міндетіме аламын» сөздері «өзіме қалдырамын» сөздерімен ауыстырылсын.
2
2) Байғанин ауданы Ащы ауылдық округінің әкімінің 2014 жылғы 03 қарашадағы № 5 «Ащы селолық округі әкімінің 2011 жылғы 14 қазандағы № 10 «Ащы селолық округінің көшелеріне атау беру» шешіміне өзгерістер енгізу туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде №4070 болып тіркелген, 2014 жылғы 20 қарашада «Жем-Сағыз» газетінде жарияланған) шешімінде:
көрсетілген шешімнің орыс тіліндегі деректемелерінде, тақырыбында және бүкіл мәтіні бойынша «Ащинского» сөзі «Ащынского» сөзімен ауыстырылсын, қазақ тіліндегі мәтіні өзгермейді.
3
3) Байғанин ауданы Ащы ауылдық округі әкімінің 2017 жылғы 27 ақпандағы № 3 «Байғанин ауданының Ащы селолық округі әкімінің 2011 жылғы 14 қазандағы № 10 «Ащы ауылдық округінің көшелеріне атау беру туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 5312 болып тіркелген, 2017 жылғы 30 наурызда «Жем-Сағыз» газетінде жарияланған) шешімінде:
көрсетілген шешімнің орыс тіліндегі деректемелерінде, тақырыбында және бүкіл мәтіні бойынша «Ащинского» сөзі «Ащынского» сөзімен ауыстырылсын, қазақ тіліндегі мәтіні өзгермейді.